БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

Білім
15 Views

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасыныңмақсаттары орта мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы экономикасыныңдаму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебіненхалықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективадаҚазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасызететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау мақсатында жүзеге асып отыр.

Осы мақсатқа қол жеткізу дамудың екі бағыты бойынша жүруді білдіреді:

«Қазіргі экономиканы цифрландыру» – нақты сектордағы нақты жобалардан тұратын прагматикалық бастауды қамтамасыз ету, экономиканың қазіргі салаларын, мемлекеттік құрылымдарды цифрландыру және оларды технологиялық қайта жабдықтау жобаларын іске қосу және цифрлық инфрақұрылымды дамыту.

«Болашақтың цифрлық индустриясын құру» – адами капиталды дамыту деңгейін көтеру, инновациялық даму институттарын құру және жалпы алғанда, цифрлық экожүйені қарқынды дамыту есебінен ұзақ мерзімді орнықтылықты қамтамасыз ету, елдің цифрлық трансформациялауды іске қосу.

2018-2022 жылдар кезеңінде іске асырылатын Бағдарлама еліміздің флагмандық салаларын технологиялық жаңғыртуға қосымша серпін беруді қамтамасыз етеді және еңбек өнімділігінің ауқымды және ұзақ мерзімді өсуіне жағдай жасайды деп күтілуде.

Бағдарламаны іске асырудың бес негізгі бағытын атап өтер болсақ, олар:

2020 «Экономика салаларын цифрландыру» – еңбек өнімділігін арттыруға және капиталдандырудың өсуіне алып келетін озық технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы экономикасының дәстүрлі салаларын түрлендіру бағыты.

2. «Цифрлық мемлекетке көшу» – қажеттіліктерін күні бұрын біліп халық пен бизнеске қызмет көрсету инфрақұрылымы ретінде мемлекеттің функцияларын түрлендіру бағыты.

3. «Цифрлық Жібек жолын іске асыру» – ішкі контур үшін де, Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін іске асыру үшін деректерді берудің, сақтаудың және өңдеудің жылдамдығы жоғары және қорғалған инфрақұрылымын дамыту бағыты.

4. «Адами капиталды дамыту» – жаңа жағдайға – білім экономикасына көшуді қамтамасыз ету үшін креативті қоғам деп аталатынды құруды қамтитын түрлендіру бағыты.

5. «Инновациялық экожүйені құру» – бизнес, ғылыми сала және мемлекет арасындағы орнықты көлденең байланыстармен технологиялық кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту үшін жағдай жасау бағыты. Мемлекет инновацияларды өндіріске шығаруға, бейімдеуге және енгізуге қабілетті экожүйе катализаторы ретінде әрекет етеді.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ІСКЕ АСУЫ

«Көрсетілген бес бағыттың шеңберінде 17 бастама мен 100-ден астам іс-шара қалыптастырылды, оларды іске асырудан түсетін қайтарылымды алдағы жылдардың ішінде айқын көруге болады, сондай-ақ болашақ экономикасының жаңа саласы ретінде цифрлық секторды қалыптастыруға негіз болатын іс-шаралардың негізгі нәтижесін келесі онжылдықтан байқауға болады», – делінген бағдарлама құжатында.

Бағдарламаны іске асыру республикалық бюджет қаражатынан 109 млрд. теңге көлемінде қаржыландыру тартуды болжайды. Сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 169 млрд. теңгеден астам қаражатын тарту күтілуде.

Бағдарламаны іске асыру бенефициарлары Қазақстан Республикасының барлық халқы, бизнес және мемлекеттік органдары болып отыр, өйткені ол өмірдің барлық салаларына әсер етеді және мемлекеттің әрбір азаматы мен тұрғынының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған. Бағдарлама жұмыспен қамту құрылымында елеулі өзгерістерге әкеледі – атап айтқанда, 2022 жылға қарай цифрландыру есебінен 300 жұмыс орны құрылады.

Қазақстан экономикасын цифрландырудың қазіргі орташа деңгейі бүгінгі күні кедергі болмайды, бірақ дамуға сапалы серпіліс жасау мүмкіндік, бұл елімізді әлемдік аренада бірінші орынға шығаруға мүмкіндік береді. Ол үшін осы Бағдарламада сипатталған бес бағыт бойынша және оған қосымшада аталған іс-шаралар шеңберінде шаралар кешенін және жүйелі жұмыстар қабылдау болжанады. Іс-шаралар тізбесі жаңартылып отырады.

Алдағы уақытта біз Шымкент қаласында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылу жайында бірқатар материалдар легін жариялайтын боламыз. Осы мақалада Шымкент қаласы Білім басқармасында Цифрлы Қазақстан жобасының жүзеге асуы жайында зерттеу жүргіздік.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Шымкент қаласының білім беру саласының барлық деңгейлерінде (мектепке дейінгі, орта техникалық және кәсіптік) цифрландыру жұмыстары іске асырылуда.

Мемлекеттік көрсетілген қызметтерді автоматтандыру бағыты бойынша білім саласындағы жемқорлыққа баратын тәуекелді төмендету, ашықтық, әділдік қағидаларын сақтау, қызметтердің халыққа қолжетімділік мүмкіндігін ұсыну, көптеген комиссиялар мен қағазбастылықтың алдын алу, адами факторлары мүмкіндігінше азайту мақсатына білім саласында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің 12-і (50 пайызы) электроны ақпараттық жүйелер арқылы автоматтандырылған.

АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ҚЫЗМЕТТЕР

1. Балаларды балабақшаларға кезекке қою;

2. Балабақшаға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау – indigo24.kz (50 559 мың тг.);

3. Мектеп жасындағы балаларды 1-сыныпқа қабылдау – «school.shymkent.edu.kz» (52 767,5 мың теңге);

4. Техникалық және кәсіптік білім беру саласында 8 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – «college.sntion.kz» (20 282, 3 мың теңге);

5. Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау – «mindal» (8001, 0 мың теңге).

Шымкент қаласының білім саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтері автоматтандыру бойынша қызмет көрсететін «E-Orda» ЖШС және «InCraft» ЖШС тарапынан ақпаратты жүйелерді ББҰДҚ (НОБД) интеграциялау бойынша ҚР БҒМ тиісті құжаттар жолданған.

Білім саласындағы ақпараттық жүйелерді ББҰДҚ (НОБД) Интеграциялау жұмыстары 2020 жылдың маусым айында аяқтау жоспарлануда.

2020 жылы білім саласындағы автоматтандырылған мемлекеттік қызметтер үлесін 100 пайызға жеткізу, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қосымша 15 қызметті автоматтандыру жоспарлануда. Оның ішінде, 12-і мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және 3-і салада көрсетілетін қызметтер. Аталған қызметтерді автоматтандыру қолданыстағы электронды жүйелерге қосымша модуль қосу арқылы тегін іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2020 жылы білім саласында бірнеше қызметтер автоматтандырылуда. Оларға «Sakura» электронды мектебін, «Temir» электронды кадр қызметін, «Indigo» электронды балабақшасын айта аламыз.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ

Шымкент қаласы бойынша орта есеппен 1 компьютерге келетін оқушы саны 114-ті құрайды. Бүгінгі таңда, мектептердегі компьютер саны 11 691 дана болса, оның ішінде жарамдысы 8237, жарамсыз техникалар 3198.

2020 жылы көрсеткішті 7-ге төмендету мақсатында 10 975 дана компьютер сатып алуға 2 млрд. 250 мың теңге қаржы қаралды.

Сонымен қатар 133 мектеп 4-12 Мбит/сек жылдамдықты кеңжолақты интернет желісіне 100 пайызы қосылған және «WI-FI» құрылғыларымен толық қамтамасыз етілген. Оның ішінде, 70 мектептің интернет желісінің жылдамдығы 12 Мб/с-тан 34 Мб/с-қа дейін ұлғайтылды. 2020 жылы кең жолақты интернет желісімен қамтамасыз ету жұмыстарына жергілікті бюджеттен 235 млн. 918 мың теңге қаралған.

Қала мектептері 742 интерактивті тақта, 113 биология, 137 физика, 124 химия және 247 лингафонды кабинеттермен жабдықталған және жаңартылған білім бағдарламасы бойынша 75 мектеп робототехника кабинеттерімен, 6 мектеп (№1,7,8,23, 65) STEM лабораторияларымен жабдықталған.

Одан бөлек, «Оқушылар сарайы» базасында заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген IT –орталық ашылды.

Дегенмен, басқа өңірлермен салыстырғанда қала мектептеріндегі робототехника кабинеттері мен лабораториялары үлесі төмен деңгейді көрсетіп отыр. Осыған байланысты 2020 жылы 15 робототехника кабинеттері және лабораторияларымен жабдықтау жоспарлауда.

Бүгінгі таңда, Шымкент қаласының мектептері бойынша интернет платформаларда (Bilimlsnd.kz, Дарын онлайн, т.б. білім ресурстары) – оқушылар білім алды. Сонымен қатар 166 мектеп «Күнделік KZ» 6 мектепте «I mektep» электронды журналдарымен жұмыс жүргізілді.

ЭЛЕКТРОНДЫ КҮНДЕЛІК

Бүгінгі күні Интернет экономикасы дамушы елдерде жылына 25%-ға дейінгі қарқынмен өсіп келеді, бұл ретте экономиканың бірде бір саласы мұндай қарқынға тіпті жақындай да алмайды. Барлық жаһандық деректердің 90%-ы бар-жоғы соңғы екі жылдың ішінде жасалды. Қазірдің өзінде интернетке 35 миллиард құрылғы қосылған және деректермен алмасуды жүзеге асырады, бұл цифр әлемдегі тұрғындардың жалпы санынан бес есе артық. Бірақ, сонымен бірге Үкімет пен корпорация жыл сайын кең таралған жаңа құбылыс – кибершабуылдарға қарсы іс-қимыл жасауға жарты триллионға жуық АҚШ долларын жұмсайды.

Цифрландыруға күш салу адами капитал белсенді түрде дамитын – болашақтың білімі мен дағдылары ерте жастан бастап тәрбиеленетін, автоматтандыру және басқа да жаңа технологиялар есебінен бизнес жұмысының тиімділігі мен жылдамдығы артатын, ал азаматтардың өз мемлекеттерімен диалогы қарапайым әрі ашық болатын жаңа қоғамды құруға әкеледі. Цифрлық революция біздің көз алдымызда өтуде.

Бұл өзгерістер соңғы жылдары түрлі салаларда қолданылатын көптеген технологиялық инновациялардың енгізілуімен туындады. Өндіріс және қосымша құнды алу тәсілдері түбегейлі өзгеруде, адамдардың білімі мен еңбек дағдыларына жаңа талаптар пайда болуда. Өнеркәсіптік заттар интернеті икемді және ақылды өндірістің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өндірістік салалардың болашағын қалыптастырады, өнімділіктің революциялық өсуін қамтамасыз етеді. Жасанды интеллект қаржы қызметтері мен медицина сияқты консервативтік салаларда да енгізілуде. 3D басып шығару технологиясы бүгінгі күннің өзінде авиация, логистика, биомедицина және автомобиль өнеркәсібі секілді салалардың трансформациялануына ықпал етеді. Блокчейннің жаһандық ақша жүйесін трансформациялауға барлық алғышарттары бар. Үлкен деректер және байланыстың жаппай қолжетімділігі жаһандық ауқымда қарқынды түрде таратылатын факторлардың бірі болып табылады, олардың негізінде «бірлесіп тұтыну экономикасы» құрылады. «Физикалық активтер болмаған жағдайда бірлесіп тұтыну» сегментінің көшбасшылары капиталдандыру мөлшері бойынша теңгерімінде көптеген миллиард физикалық активтері бар дәстүрлі компаниялардың құнынан асып түседі.

Бұл өзгерістер түбегейлі болып табылады және бұрынғыдай ондаған жылдар бойы емес, санаулы жылдар ішінде, тіпті санаулы айлар ішінде болады. Бірақ бұл тек бастамасы ғана, ал әлем өзгерістердің негізгі бөлігін әлі де бастан кешеді. Өзгерістердің қарқыны өсуде, алайда осы өзгерістердің бір бөлігі болу әлі де кеш емес.

Бүгінде цифрландыру процесі әлемдегі барлық елдерге әсер етеді. Сонымен қатар әрбір ел цифрлық дамудың басымдықтарын өзі айқындайды. Әлемдегі 15-тен астам мемлекет қазіргі уақытта ұлттық цифрландыру бағдарламаларын іске асыруда. Қытай, Сингапур, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея және Дания ұлттық экономикаларды цифрландыру бойынша алдыңғы қатардағы елдер болып табылады. Қытай өзінің «интернет плюс» бағдарламасында цифрлық индустрияны дәстүрлімен біріктіреді, Канада Торонтода АКТ-хабын жасады, Сингапур драйвері АКТ болып табылатын «ақылды экономиканы» қалыптастырады, Оңтүстік Корея «Креативті экономика» бағдарламасында адами капиталды, кәсіпкерлікті дамытуға және АКТ саласындағы жетістіктерді таратуға бағдарланады, ал Дания мемлекеттік секторды цифрландыруға баса назар аударуда.

Осы елдерде мемлекет бағдарламаны іске қосу мен іске асыруда маңызды рөл атқарады, бұл ретте табысқа жету «цифрлық жекешелендіру» деп аталатын жеке ойыншылардың қатысуына байланысты. Бүгінде біз мемлекеттің экономикалық жүйенің қатысушыларын цифрлық болашаққа саналы түрде итермелеуі сияқты көптеген мысалдарды байқаймыз. Мемлекет басымдықтар ретінде анықталған «тиімсіздіктерді» жабу үшін өзінің «тендерін» жариялайды. Ойыншылар өздерінің «бидтерін», жобаларды ықтимал іске асыруға пилоттық тұжырымдамаларын және тәсілдерді ұсынады. Мемлекет ұсыныстарды бағалап, пилоттық жобалар конкурсының қорытындысы бойынша жеңімпазды таңдайды. Жеңімпаз, әдетте, тікелей мемлекеттік субсидияларды алмайды, бірақ өз жобасын «толық негізде» іске асыру құқығын алады (осы немесе басқа бағытта, сол немесе басқа салада, сол немесе басқа өңірде). Мемлекет нормативтік база саласында негізгі стейкхолдерлермен (өңірлік билік және т.б.) синхрондауды және кооперациялауды қолдау көрсетуді, сондай-ақ «цифрландырылатын» салаларға ынталандыру жасауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жеңімпаздардың консорциумын таңдауы мүмкін, бұл оны іске асыру кезінде тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді, сонымен бірге 2-3 ойыншы арасындағы бәсекелестікті қолдайды.

Осылайша еліміздің әрбір саласын цифрландыру арқылы халық өмірін жеңілдетіп, өркениетке, ХХІ ғасыр талаптарына сай болу оңтайлы жолға қойылып келеді. Бағдарлама өз мақсатын орындаған соң біздің мемлекет өзін бүгінгінің нағыз алдыңғы қатарлы, озық технологиялы дамыған егемен елі деп те жариялай алады. Болашаққа нық сеніммен қадам басатын болады.

Гүлнұр БАЙДУЛЛАЕВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *