ЕЛБАСЫ «ШЫМКЕНТ ЕСКІ ҚАЛАШЫҒЫ» АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ НЫСАНЫНДА БОЛДЫ

Билік Қоғам
244 Views

Қазақстанның Тұңғыш Президенті медициналық құрал-жабдықтар, медициналық жиһаздар мен медициналық көліктер шығаратын кәсіпорында болды.

2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Казмедприбор» ЖШС 15 мыңнан астам медициналық құрал-жабдық, 120 мыңнан астам медициналық жиһаз бен 742 жедел жәрдем көлігін жасап шығарды. Кәсіпорын 2005 жылы құрылған.

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Елбасыға жеке инвестордың қаражатына салынатын 1000 орындық көпсалалы университеттік аурухана құрылысы туралы ақпарат берді. Жаңа медициналық мекемеде ана мен бала орталығы, хирургиялық, терапевтік орталықтар, сонымен қатар бір ауысымда 700 адамға қызмет көрсететін клиникалық-диагностикалық орталық жұмыс істейтін болады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы А.Есімов пандемия кезінде ұлттық әл-ауқат қоры тарапынан денсаулық сақтау жүйесі мен отандық өндірушілерді қолдау үшін қабылданған шаралар туралы айтты. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа елорда мен Алматыда медициналық орталықтар салу жөніндегі тапсырманың орындалу барысы баяндалды.

А.Есімов Елбасына 3000 дана көлемінде «Авифавир» дәрісін сатып алу және коронавирусқа қарсы вакцина жеткізу бойынша жасалған келісім туралы мәлімет берді.

Содан соң Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның көне тарихи орындарының бірі болып табылатын «Шымкент ескі қалашығы» тарихи-мәдени мұра ескерткішіне барды.

Көне қалашықты аралап көру кезінде Елбасы археологиялық жұмыстардың нәтижелерімен және мәдени кешенді одан әрі дамыту жоспарларымен танысты.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы кешен аумағында үш деңгейлі ортағасырлық мұражай мен 500 орындық амфитеатрдың құрылысы басталады.

Сондай-ақ шара аясында қала әкімі М.Әйтенов Шымкенттің туристік әлеуеті мен оның даму перспективалары туралы айтып берді.

Elbasy.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *