«МЫҢ АСҚАНҒА БІР ТОСҚАН»

Мәселе
71 Views

Республикалық «Әділет. Рухани жаңғыру» газеті Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы О.Почивалов пен «№3 олимпиада резервінің мамандандырылғанбалалар-жасөспірімдер спорт мектебі» ұжымы арасында орын алған қудалаушылық туралы бірнеше мәрте жазған болатын. Жазған сыннан тиісті қорытынды шығармаған Шымкент әкімдігі мен спорт басқарма басшылығының ендігі көрсеткені қоқан лоқы,ұрып-соғу, балағаттау секілді әрекеттерді ашық орындауға көшіпті. Бұл туралыәлеуметтік желілерде аудиожазбала мен бейнетүсірілімдер тарап жатыр. Бұл дауендігі сәтте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа арыз есебінде жазылып отырекен. «Мың асқанға бір тосқан» деп осыны айт.

Редакциямызға келіп түскен арыздың көшірмесінназарларыңызға ұсынылып отыр. Ақ-қарасын құзырлы органдар анықтай жатар. Осыорайда айтып өтетін жайт аталмыш мектептің қызметкері Сатыбалдиев БағланҚайратұлына қол көтеріп, ұялы телефонын сындырған спорт басқармасы басшысын міндетінуақытша атқарушы О.Почиваловтың үстінен Шымкент ҚПД, Абай АПБ-нің тергеушісі,полиция лейтенанты Д.Баймахан, СДТБТ№207911031003679 санды қылмыстық істі 2020жыл, 21 қазан күні тіркеп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазақстан Республикасының Президенті

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа

Қазақстан Республикасының

Бас прокуроры

Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлына

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

қызмет істері агенттігінің төрағасы

А.Н.Жаилғановаға

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

қызмет істері агенттігінің Шымкент

қаласы бойынша департаментінің

басшысы

А.А.Көмекбаевқа

Шымкент қаласы 18-мөлтек ауданы

18-үй 4-пәтер тұрғыны

№3 спорт мектебі директорының

орынбасары

Пралиев Жиембай Тәліпбайұлынан

8 778 186 63 41 45-12-40

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.П.Исахов, спорт басқарма басшысы О.В. Почивалов менің ар-намысыма тиіп боқауыз сөз айтып, дене жарақатын салғаны туралы

АРЫЗ

Бүгін 20.10.2020 жылы Шымкент қаласы Гагарин 22/6 мекен-жайында орналасқан Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің әкімшілік ғимаратында бассейн жұмыстарын атқарып жатқан «Ферротекс» ЖШС-нің хабарламасы бойынша тексеруге келген Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.П.Исахов, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы О.В.Почивалов оларды күтіп алған мектеп директорының орынбасары Ж.Т.Пралиев, С.С.Кожеков, Н.Ж.Саханов, Б.Т.Жамишев, Б.Қ.Сатыбалдиев, Г.Қанатқызы амандасып болған соң спорт плошадканы түсіндіре бастаған кезде бірден бассейн көреміз деп О.В.Почивалов ертіп бассейнге келіп, подрядчикті шақырып алып, жұмыс барысын сұрай бастады.

«Ферротекс» ЖШС-нің жұмысы жүрмей тұрғаны 01.06.2020 жылдан бері 141 күн өтсе де кестеге сәйкес істелінбей жатқанын мен түсіндіріп жатқан кезде, О.В.Почивалов «е-е-е-е помолчи» деп дөрекі сөз айтты.

Соны естіп тұрған қала әкімінің орынбасары М.П.Исахов, басқарма басшысына замечание жасамады, сол кезде О.В.Почиваловқа «почему Вы грубите что за слово «Помолчи» Вы же госслужащий что за этика?» десем ол мән бермеген кейпін танытты.

Қала әкімінің орынбасарына сіз неге О.В.Почиваловқа «помолчи деген грубый сөзіне замечание жасамадыңыз, сіздер неге бітпеген жұмыстарға ақша аудар деп отырсыздар? ҚР Президентіне арызданамыз!» десек, «арыздана бер, куда хочешь туда пиши» деп О.В.Почивалов айтты.

«Ақшаны аудар да аудар» деп М.П.Исахов О.В.Почивалов директордың орынбасары С.Кожековке тікелей указание беріп, қысым көрсетті.

Әкімшілік ғимаратының алдында М.П.Исахов футбол алаңшасын көрсетіп қаржы аударылуы керек, 11 миллион теңгені аударып беріңдер деді, сол кезде мен «мақұл, аударып береміз, бірақ жұмыс бітпегендіктен ертең провоохранительный органның алдында кім жауап береді?» дедім.

Бұл топ, «Ферротекс» ЖШС-нің директоры Н.Жаманғараев, қала әкімінің орынбасары М.П.Исахов, спорт басқармасының басшысы О.Почивалов алдын ала ақылдасып алып келіп, сол жерде таза спектакл ойынын жасады, себебі видеожазбаны көрсеңіз М.П.Исахов мердігерді мақтап спортплощадка соғып жатыр екенсіздер, неге 4-айдан асып кетсе де біте алмай жатырсыздар, причина неде деп сұрақ қойса, Н.Жаманғараев – финанс деп жауап береді, ал М.Исахов — О.В.Почиваловқа қарап, почему нет финансирование дейді, ал О.Почивалов болса, у них на счету есть деньги искусственно не перечисляет подрядчику деп жауап береді.

Ал мен болсам акт выполненных работ Ф2,Ф3 бізге өткізген жоқ, қай жұмысты өткізбекші, жұмыстарының бәрі толық бітпеген, сенбесеңіз жүріңіз көрсетейік, канализация ұзындығы 160 метр деп сметаға көрсеткен болса оның фактический ұзындығы 98 метр болып тұр, жұмыстарының аяқталу мерзімін 2-рет созып бердік, соңғы хатымызда замечаниелер жасап, енді 31.10.2020 жылдан кейін соза алмайтынымызды ескертіп хат жолдағанбыз, сол хатты ала салысымен, бұлардың біздерге қала әкімінің орынбасары М.П.Исахов және О.В.Почиваловтармен қорқытып, 20 миллион теңгеге насосқа заказ беріп қойдым соған ақша керек деп ақша аудартып алу амалы.

Жаттықтырушылардың өзі бассейндегі керамогранитный плиткалардың қисық, талапқа сай емес екенін қайта-қайта айтуда, ал келген М.Исахов пен О.Почиваловқа ол керек емес, біздерге қысым көрсетіп ақша аударту болып тұр.

Тапсырыс беруші тарапқа дұрыс шешім қабылдауға мұрсат берместен, тікелей қысым жасап, мердігердің заказ беріп қойған заттарына алдын ала қаржы аудару не болмаса толық бітпей жатқан жұмысқа қаржы аудару келісімшартта қарастырылмаған, соған қарамастан өз өлеңдерін айтуда.

Өздері келген топта телевидеокамера, фотоаппараттар қосылу түсіріп жатыр, видеожазба жазуда, О.В.Почивалов Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің нұсқаушысы Сатыбалдиев Бағланның қолындағы соткасын көріп, бас салып, күшпен қолын қайырып жұлып алмақ болып күш көрсетті және соншама коллектив қала әкімінің орынбасары М.П.Исаховтың көзінше «Евтвоямать Ешак» деген боғауыз сөз айтты, қолындағы соткасы жерге құлап түсіп шашылып кетті және трещина берілді. Бағланның қолына, саусағына зақым келді медициналық көмекке жүгінуге тура келді.

Ол неге мемлекеттік қызметкер бола тұра жаман сөз айтады деген Ж.Т.Пралиевтің сұрағына қала әкімінің орынбасары М.П.Исахов ол Сіздердің басшыларыңыз деп О.В.Почиваловтың сөзін сөйледі.

Мемлекеттік қызметкер басқарма басшысы О.В.Почивалов және қала әкімінің орынбасары М.П.Исаховтың заңсыз күш көрсетуінен менің қан қысымы көтеріліп 170/90 жетті мектеп дәрігері А.А.Жумагалиева қан қысымын өлшеп каптоприл таблеткасын берді, ал Бағланның давлениесі 140/90 жеткен оған да дәрі берілді және оның оң қолы саусақтарымен қатты қайырылып дене жарақатын алды, дәрігердің актісі жасалды.

Жедел жәрдем көмегін шақыруға тура келді, жүрегіме кардиограмма жасалды, ал Сатыбалдиев Бағланды Жедел жәрдем ауруханасына апарып, рентгенге түсіріп, ушиб болғаны анықталды, қажетті назначение беріліп, емін қабылдауда.

102 ППС көмегіне жүгініп, шақыртып болған жайды айтып, полиция басшысының атына арыздандық, бір орыс ұлт өкілі 20 қазақ ұлтының арасында тұрып, өз тілінде сөйлеп және бірімізге «ЕЕЕ Помолчи» және екіншіміздің қолын қайырып ата Заңымызбен қорғалатын жеке өз дүние мүлкін күш көрсете тұрып тартып алуы «Евтвоямать Ешак» деп боғауыз сөз айтып көптің алдында масқаралауы, ал қала әкімінің орынбасары М.П.Исаховтың індемеуі нені білдіреді, менің пайымдауымша М.Исахов О.Почиваловтың алдында сөзі өтпейтін, лауазымына сай беделі жоқ, не болмаса О.Почиваловқа бірнәрсеге қарыз болып қалған ба білмедім, менің жасым 59-да бола тұра О.В.Почиваловтың боқтағанына қарсылық білдіріп намысым көтеріліп кетті.

19.06.2020 жылдан спорт басқармасының басшысы етіп О.Почиваловты тағайындағалы бері біздің мектепке шүйлігіп алды, директорымызға қатарынан 3-рет «Қатаң сөгіс», «Сөгіс», «Қатаң сөгіс» түрінде заңсыз тәртіптік шара көрілді, ал ол бұйрықтар еңбек инспекциясының, мемлекеттік қызмет істері департаментінің нұсқамаларына сәйкес, заңсыз бұйрық болған соң, күші жойылды.

Енді бүгін, тікелей боқтап күш көрсетуге кірісті, біздің ұжым 4-айдан бері арыздануда, ал қорытынды шығып жатқаны шамалы, мен өзім прокуратура саласында қызмет жасап, шекті зейнеткерлік жасқа жетуіме байланысты 2013 жылы лауазымымнан босап, осы спорт саласында жүргеніме 7-жыл болады, Қасым-Жомарт Кемелұлы әдемі айтуда әділетті мемлекет боламыз, сыбайластықпен тамыр-таныстыққа жол жоқ деп, ал бұл М.П.Исаховпен, О.В.Почиваловқа кім тосқауыл болады.

Халықтың үнін, шағымын тыңдап, көңіл бөліп, дұрыстап тексеріңдер дейтін басшылар қалмады ау сірә, осылай кете берсек бір күндері Қырғызстандағы жағдай бізде де орын алуы мүмкін.

Қаланың бәрі шулауда О.В.Почивалов Бас прокурордың орынбасарымен дос екен, Сенатта көкесі бар екен, Қайрат Сатыбалдының адютанты бұл должностқа қойыпты деп, ал мен осылардың бәрінен мықты осы еліміздің егемендігінің негізін қалаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың командасынанмын, азаматтық парызым ретінде елімізді, биліктегілерді жамандап масқаралап, қазақтар сүмелек деп жазатын «Солдат» газетін сотқа талап арыз беріп жаптырғанмын, одан да өзге айтыла бермейтін еңбегім жетерлік.

Мен Президентке арызданам десем иди куда хочещь жалуйся дегенінде үлкен мән бар, себебі оның сенетін адамдары бар, осы арызымды қарап, қала әкімінің орынбасары М.П.Исаховты және спорт басқарма басшысы О.В.Почиваловты еліміздің заңдарының талаптарына сай, мемлекеттік қызметкерге, әдеп кодексінің талаптарына қайшы келетін ісәрекеттері үшін жауапкершілікке тартып, 2-тұлғаныда мемлекеттік қызметтен босатуға ықпал жасауларыңызды сұраймын.

Тіркелді: құжаттар ______ парақта.

Арызға қол қоюшы Ж.Т.Пралиев

20.10.2020 жыл

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *