ҚАСТЕРЛІ ҚОС ҰҒЫМ

Қоғам
608 Views

(немесе тұрақты автордың тілегі)

Шырайлы Шымкенттен шығып, күллі қазақ жұртына қан тарататын бұл басылымның тұрақты авторларының бірімін. Бірнеше жылдан бері бірқатар мақалаларым осы газеттің бетінде ұдайы жарияланып келеді. Шығармашылық байланыс барысында байқағаным, редакция өз жұмысын жүйелі ұйымдастыра біледі. Ақпарат ұжымы зиялы қауымның басын қосып, олардың ой-пікірін қалың жұртшылықтың игілігіне айналдыра алды.

Алдымен айтарым, бұл газеттің аты ерекше. Яғни, осы күні күн тәртібінде тұрған айтулы қастерлі қос ұғымның қосарлы атауын ие-ленген. Әділет – еліміздің бағдары, Рухани жаңғыру – ұлттың ұлағаты. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген ұстаным тұрғысынан қарасақ, берекелі басылымның бұл ниетін тек қана құптау керек.

Талай ғасырдан тамыр тартатын әділет атауын иеленген ғибратты газет бүгін онға толды. Бұл мерейлі жасқа әділеттің туын биік ұстап келді. Рухани жаңғырудың жалауын желбіретіп жетті. Туы жығылмасын, жалауы жантаймасын!

Онға келген басылымның оқырманы «Онымыз атқа мінгенде, Жер қайысқан қол едік» дейтіндей есепсіз көп болсын! Мұны автордың ақ тілегі деп біліңіз!

Бауыржан ОМАРҰЛЫ,

ҚР ҰҒА академигі,

филология ғылымдарының докторы,

профессор,

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *