ӘЙЕЛ ҚҰҚЫҒЫ ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА

Қоғам Құқық
1 938 Views

Бәрімізге белгілі қазіргі таңда әйел құқығы жайлы мәселе қоғам үшін ауқымды түйткілдердің бірі болып отыр. Тіптен әйел құқықтарының ерлермен тең дәрежеде болуына күресіпкеле жатқан феменизм үрдісінің сан толқынын бастан өткердік. Батыс елдеріндебұл әйел атаулыны адам қатарына қоспау, қалаған киімін кие алмау, жұмысорнындағы әділетсіздік және жалпы дискриминациямен сипатталса, қазақ елінде қызбаласына тек қана ана болу, үйде отыру сынды шектеумен көрініс табады. Оныңүстіне отбасыда әйел адамға әркез бір саты төмен деп, ұрып-соғып, келіндікміндеттерді артығынан тыс жүктеу сынды ауқымды мәселелер бар. Негізгі проблемаүй ішінде, балаларды тәрбиелеу бойынша орындалатын міндеттердің барлығы әйелгежүктелуімен сипатталатын тұрмыстық кемсітушілік. Алайда, әйел қоғамдық еңбекпенеркектермен қатар айналысуы мүмкін. Жасырын кемсітушілік те бар, яғни жұмысқақабылдау, қызметтік сатымен жылжу кезінде әйелдердің құқықтары мен еркіндігіншектеу немесе қысым жасау, оның құндылығын жыныс белгісі бойынша төмендету.Мұның бәрі біздің Конституцияға қайшы әрекет.

Дей тұрғанмен қазақ даласына әйел мен ердің арасындағы бұл тартылыс тарихтың соңғы кезеңдерінде пайда болғандай. Оған себеп, кезіндегі қазақты қараңғылау саясаты десе де болады. Ал одан ертеректе қазақ отбасында әйел құқығы болмаған деген біржақты пікір тумауы керек. Әйел ақылды болса, бағына орай ері де ақылды, сабырлы болар болса, ол тек еріне ғана емес, онымен бірге бүкіл ауылға да өзінің ықпалын тигізген. Кей деректер бойынша қазақтардың ғұрыптық дәстүрінде күйеуі қайтыс болып, артында кәмелет жасына толмаған балалары қалса, әйел қайтадан тұрмысқа шықпаған жағдайда күйеуінен қалған барлық мүлікке иелік еткен. Ертеде қазақтардың бірнеше әйелі болғандықтан, мүлікті бөлісу кезінде алдымен бәйбішеден туған балаларына, ал одан кейін ғана тоқалдан туған балаларына үлестері берілген. Сонымен қатар қазақтың әдет-ғұрыптық заңы бойынша бәйбішеден бала болмаған жағдайда мүлік бірден тоқалдан туған балаларына еншіленген. Бұл да дала заңы әйел құқықтарына аса мән бергенін аңғартады. Оның үстіне қыз баласы ерлермен қатар ат шауып, соғысқа қатысып, қоғамда өз орнын айшықтауы сынды деректер тарихымызда жоқ емес. Асыл дінімізде де қыз баласының қадір-қасиетіне, берекесіне, құқықтарына ерекше мән берілген.

Ал қазір ше? Қазіргі Ата Заңымыз ағыммен пайда болған теңсіздіктерді қалай шешеді? Әйел мен ер адамның құқығында қандай айырмашылықтар бар? Осыны талдап көрейік. Мемлекет Елбасының тікелей қолдауымен құқық қорғау, әйелдер мен еркектердің құқықтарын бақылау және қайта құру бойынша институттар құруда және дамытуда, дөңгелек үстелдер, өңірлік және Халықаралық сипаттағы конференциялар өткізуде екеніне баса назар аудару керек. Бұл өз кезегінде елдегі гендерлік саясаттың дұрыс бағытта екенінің айғағы. Осы гендерлік саясат негіздері 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген, өйткені ол Республика дамуына әйелдердің адами капиталын толық тарту үшін мүмкіндіктерді ашты.

Конституцияның 14-бабында заң мен сот алдында барлық азаматтар тең екені жазылған. Ешкім кемсітушілікке, соның ішінде жыныстық белгі бойынша кемсітушілікке тартылмайды. Негізгі заң Қазақстан Республикасында құқықтық, саяси, әкімшілік және мемлекеттік жүйені қалыптастырудың негізгі принциптері мен критерийлерін құрды. 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1190 Үкімет Қаулысымен Қазақстан Республикасындағы Гендерлік саясат тұжырымдамасы мақұлданды. Ол біздің еліміздегі гендердік саясаттың негізгі бағыттарын анықтады.Одан әрі Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 ж. 29 қарашадағы № 1677 Қаулысымен 2006-2016 жылдарға Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясы бекітілді. Стратегия 2006 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде еркектер мен әйелдердің құқықтар мен мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткізу бойынша міндеттерді шешуді қарастырады.

Гендерлік теңдік – әйелдер мен еркектердің тең құқықтық мәртебесі және тұлғаларға жынысына қарамастан өмірдің саяси, экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық және мәдени салаларына қатысу үшін өз қабілеттерін еркін қолдануға мүмкіндік беруші тең мүмкіндіктер; әйелдер мен еркектердің қоғамдық өмірдің әлеуметтік, саяси және экономикалық салаларында мүмкіндіктерге, ресурстарға және сыйақыларға тең ие болуды ұйғарады. Статистика бойынша Қазақ­стан­да бір жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зор­лық-зомбылықтың құрбаны бола­ды екен. Бұл, әрине, сотқа жүгініп, құқығын қорғағысы келгендердің тізімі ғана. Өйткені «жабулы қазанды ашқысы келмей», отбасындағы кикілжіңді сыртқа шығармай қалу да орын алып отырғаны жасырын емес. Елдегі шаңырағы шайқалған отбасыларда аз емес. Оның басты бір себебі – жанұядағы зорлық-зомбы­лық. Осы жерде гендерлік саясаттың мақсаты – осының алдын алу екені түсінікті болады.

Әйелдер құқықтарының сақталмауына байланысты қылмыс, оқыс оқиғалар әсіресе ауылдық жерлерде кеңінен таралған екен. Онда әрбір екінші әйел ұдайы қандай да бір нысанда зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Бұл ретте олардың кем дегенде жартысы бұл фактілер туралы билікке ешқашан хабарлаған емес. Бұған күйеуі мен туысқандарына материалдық тәуелділік, сондай-ақ құрбандардың өздеріне қарсы бағытталған қоғам жағынан кінәлау себеп. Сонымен қатар ауылдық жерлерде әйелдер мен қыздарға жыныстық немесе басқа да зорлық-зомбылық жағдайларында аз көмек көрсетіледі. Құрбандар жиі қорғаусыз қалады, ал құқық бұзушылар сирек жазаланады.

Бұл статистикалар жай ғана сан емес, елде әйелдердің басым көпшілігі өз құқықтарын білмеуден зардап шегетінінен хабар береді. Бұл құқықтарды білмегендіктен зорлық-зомбылыққа, өзіне деген әділетсіздікке төзуден басқа амалы қалмайды. Егер жағдай осылай жалғасса бұл өз кезегінде орны толмас өкінішпен аяқталуы мүмкін. Сол себепті әйелдердің құқықтары жайлы құқықтық түсіндірудің маңызы орасан зор.

Әйел бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді әлдилейді деген дана халқымыз. Бұл әйел құқықтарымен мүмкіндіктері шектелмеу керегінің дәлелі. Әйелдер мен еркектерді жыныстық белгісі бойынша емес, саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени бағыттағы әлеуеттік мүмкіндіктерге ие және мемлекеттік гүлденуі мен дамуына қажетті үлес және пайда әкеле алатын адами ресурс, тұлға ретінде қарау қажет. Бұл өмір шындығы.

Эльмира КАЛЫМБЕТОВА,

Шымкент қаласының

Абай аудандық сотының судьясы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *