ӘКІМДЕР НЕДЕН СҮРІНУДЕ?

Билік
188 Views

Қасиетті халқымыздың көзі ашық, көкірегі ояу. Қай әкімнің не істеп жүргенін дер кезінде байқап, үмітті ақтай алмағандарды сын тезіне алып, жақсыларын жоғарылатып жатады. Бұл бүгінгінің ақиқаты. Мұны халықпен бірге Президент те біліп, байқап отыр. Ұзын арқан кең тұсау қойып, сәт түскенде орын тағынан айырады. Бүгінде әкім қаралар неден сүрінуде?! Мұны біз тең таразы төртке бөліп қарайық. Біріншісі: «Көрсе қызар қызқұмарлыққа» шалыну, ешкім білмейді деп ойлап қалады-ау шамасы. Өкінішке қарай, тез байқалатыны – әкім. Екіншісі: Мақтауға құлау. «Кеңес беремін» деп мақтай, мақтай келіп іш бауырыңа кіріп алады. Әрине, мақтаған кімге ұнамайды. Бұл да әкімнің өз басына сатып алған сақинасы. Үшіншісі: Орынсыз жерде шарап ішіп, сырын алдыру. Бітті әкім! Бітпегенде қайтсін, ертесіне-ақ әшкере болады. Кімнен көреді сатқанды?! Өз төңірегі әрине, алыстан жау келмейді. Орынтақта осындай жағдайларға бой алдырмаған әкім ғана бойтұмарын да жоғалтпайды. Төртіншісі: «Командасы». Өзі қалап алған орынбасарлары кеудесінен жаны шыққанша адал беріліп жұмыс істемесе, керісінше, сыртынан күліп қойып кабинетінде қонжиып, ұялы тел.-ге телміріп отырса немесе еңбекке жарамсыздық парақшасын негізге алып үйінде немесе басқа жерде жүрсе…

* * *

Білімдегі былықтарға тоқтам бола ма? Соңғы екі жылда білім басқармасының басшылық тізгінінде жүріп, жалғанды жалпағынан басқандар қашанғы отыра бермек? Олар барда білімнің көсегесі көгеруі қиын-ау! Тәжиева ханым! Ұйықтап қалған жоқсыз ба?

* * *

Қазақтың талантты қара балалары қашанғы шетте қала бермек? Спортта көш бастайтын оңтүстікте өз ұлтымызға жаны ашитын басшы табылмады дегенге сенбейміз-ау, сенбейміз. Аққан судың қадірі жоқ болғаны ма? Мегаполисте әттең тағы бір өрескел қате кетті. Көк туымызды әлемге көтерген азаматтарымызды әкім бағаламаса, халық бағалайды. Өйткені, халықтан асқан сыншы жоқ.

КЕЛЕСІ САНДА ТОЛЫҒЫРАҚ ОҚИСЫЗДАР.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *