АБАЙДЫҢ СӨЗІ – АҚЫЛДЫҢ КӨЗІ

Білім
1 647 Views

2019 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойған болатын. Осыған орай, 2020 жылы Қазақхалқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы кең көлемдеаталып өтілді. Президенттің тапсырмасына сәйкес мерейтойдың жалпы республикалық жоспары бекітілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» аттымақаласында: «Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылғанкомиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және Халықаралықдеңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшінөткізілмек», – деген болатын. Мемлекет басшысының сөзіне сүйенсек: «Абайдыбілу – өзіңді тану. Өзін-өзі ұғыну және адамның тұрақты дамуы, ғылым менбілімнің басымдығы – жетілудің көрінісі».

Әлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлт руханиятының темірқазығы хакім Абайға құрмет көрсету үшін 10-тамыз «Абай күні» ретінде белгіленіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілді.

Əлемдік коронавирус пандемиясына байланысты барлық іс-шара онлайн форматта өтіп жатқаны белгілі. 10-тамыз күні де Ұлы Абай мерейтойы аясындағы республика көлеміндегі бар іс-шара онлайн түрде ұйымдастырылды. Жалпы осы күні республика бойынша 100-ге жуық іс-шара өтті. Бұл іс-шараның барлығы Мəдениет жəне спорт министрлігінің əлеуметтік желідегі ресми парақшаларында Фейсбук, Инстаграм және Ютуб арнасында көрсетіліп, ел тұрғындары тамашалады.

Ұлы ақынның мұрасын дәріптеуге арналған тағы бір ауқымды жұмыс – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жанынан «Abai tv» арнасының ашылуы. Ақпарат кеңістігіне «Ақыл ойдың айнасы» деген ұранмен жол тартқан «Abai tv» телеарнасы қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 17 сағат хабар таратып жатыр. Телеөнімдердің 80 пайызы қазақ тілінде эфирге шығады. Телеарна ұлттық және әлемдік өнер мен мәдениеттің інжу-маржанын, түрлі ұлттардың әдеби және тарихи мұра жауһарларын, спектакль, балет сияқты бекзада өнер түрлерін қалың бұқараға ұсынады. Мұны Абай Құнанбаев мұрасын дамыту ісін ілгерілету деп білеміз. Бұл – барымызды бағалайтын, болашағымызды бағдарлайтын нақты қадам болып отыр. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген қоғамдық сананы қайта түлету ісінің мән-маңызы осында.

Абай – ғылым, білім насихаттаушысы. Ыбырай Алтынсарин ең алғаш мектеп ашып, қазақ балаларына арнап оқулық жазса, Абай Құнанбайұлы да қазақ халқына деген ыстық ықыласын, қоғамға жанашырлығын, педагогикалық көзқарастарын өлеңдері арқылы да, қара сөздері арқылы да беріп отырған.

Абайдың ақындық жолға бет бұрғандығы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады. 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі осы тақырыптағы тұңғыш туындысы болуымен қатар, ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады. Абай мұнда ең алдымен жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді. Ғылым-білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді. Өзінің қателігін балаларын оқытумен түзеуге бет алғанын айтады.

Мұнда ұлы ақын «Қызмет қылсын, шен алсын» деген халық мүддесіне жат тәрбиені мінеп, сынайды.

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім»

Немесе «Адамның бір қызығы бала деген,

Баламды оқытуды жек көрмедім».

Ақынның мұндағы идеясы баланы оқытудан ешқашан қашпау керек және оны атақ үшін емес көзі ашық, көкірегі ояу білімді азамат болып өсу үшін оқыту керек.

1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлең жолдарын жазды. Мұның алғашқысы ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті түрінде жазылған. Бүкіл өлең бойына Абай «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып, адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы – ғылым болуы керектігін түсіндіреді.

Ғылым таппай мақтанба!

Орын таппай баптанба!

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге, – дей отырып, болашақ ұрпаққа, жастарға ғылымға берілудің, ғалым болудың жолдарын әңгімелейді.

Абай тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Ағартушы «білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» дегенде «көкірегінде көзі бар», «жүрегі – айна, көңілі – ояу» жастарға арнайды, яғни тәрбие мен оқудың жігін ашпайды, олардың тиімділігі екі жаққа да: ұстаздарға да, шәкірттерге де ортақ екендігін көрсетеді.

Абай қазақ жастарының ғылым-білімге ден қоюуын әрқашан құптап отырған. Оның көптеген өлеңдері осыған дәлел бола алады:

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма-жыл.

Біреу үшін үйренсең,

Біреу білмес, сен білсең,

Білгеніңнің бәрі тұл.

Мына шумақ жолдарын түсіндіріп жатудың өзі артық болатын тәрізді. Өйткені, бәрі де анық, түсінікті айтылған.

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» санасының сәулесі бар жалпақ жұртқа жар салған Абай атамыздың даусы Алаштың ғана емес, бар халқының құлағына жетіп, жүрегін баурады, арғы-бергі әлемнің ардақтысына айналды. Еуропаның белгілі бір ғалымы «Қазақтар бақытты, – деп жазады, – өйткені, халқының қалай өмір сүру керек екенін ақын Абай жоспарлап беріп кетті». Өзбекстан Республикасы қазақтың Бас ақыны Абай шығармаларын оқып-үйрену туралы жарлық шығарды. Біз, Абайы бар ел – бақыттымыз. Абаймен мақтанып, Абаймен даралануымыз керек.

Халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау – біздің колледжде де күн тәртібінен түскен емес. Мен мұғалім ретінде өз шәкірттеріме Хакім Абайдан өнеге алып, оның мұрасын оқып-білуге шақырамын. Абайдың сөзі – ақылдың көзі. Адастырмайтын, аздырмайтын даңғыл.

Ақтөре АРЫСБЕКОВ,

Д. Құрманбек атындағы №20 колледжінің оқу өндіріс шебері,

Түркістан облысы,

Отырар ауданы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *