«АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА»

Білім Әдебиет
1 470 Views

Ұлы Абай ақынды білмейтін халық, танымайтын қазақ жоқ шығар сірә, бұлкүнде. Ақындық пен сазгерлікке бет бұрған Абай ақынның өлеңдері мен әндері қалың жұртшылық жүрегінен ойып тұрып орын алған. Сырлы сазды ойлы түйін түйген ойшыл ақын ән құдыретті өнердің қасиеті туралы талай тамаша өлеңдер жазды.Осындай қазақтың дара тұлғасының туғанына келесі жылы 175 жыл толғалы отыр.Абай үні – жүрек үні. Абай сөзі – жүрек сөзі. Ақын шығармаларын оқығанда оныңжүрек лүпілін кез келген көзі ашық, көкірегі ояу адам баласы сезе алады. Абай –мына өмірді бар болмысымен, шын жүрегімен жырлап өткен ақынның бірі. Сондықтанда болар, оның әр өлеңі жүрегімен жазылған, өлеңі мен әндері мәңгі жасапкеледі. Оның өлеңдері халық жүрегінен еш өшкен емес. Абай қара сөздеріне тереңүңіліп қараған жан одан үлкен ғибрат, өнеге, ұлы сабақ алары хақ.

Абайсыз қазақты, қазақсыз Абайды көз алдымызға елестетудің өзі қиын. Өйткені ол жалпақ жұртты жақсылыққа үйретіп, жамандықтан жиренткен қазақ халқының кемеңгер ақыны, шешені, кең толғар дана көсемі. Оның шалқар дария шабытынан туған таңғажайып шығармалары – жан азығының кәусар бұлағы, сөнбес шырағы. Уақыт өтсе де ақынның терең мәнді туындылары бағдар тұтар темірқазығымыздай жаңа биіктерге шақырады да тұрады.

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі №1 кітапхана бөлімшесінде «Жастар кітап оқуды таңдайды» жобасы аясында кітапхана оқырмандарымен ұлы ақын, философ, композитор, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жыл толуына орай «Абайды оқы, таңырқа» атты тақырыпта тағылымдық ақпарат сағаты ұйымдастырылды. Оқырмандар бірінен соң бірі Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп, нақышына келтіріп, жатқа оқумен қоса-қабат домбыра шанағынан күмбірлетіп күй төкті. «Абайдың мұрасы – ең қасиетті мұра» атты тақырыпта кітап көрмесін жасақтадық. Оған қойылған ұлы Абайдың кітаптарымен, Абай туралы кітаптармен, мерзімді басылымдар бетіне жарияланған мақалалармен таныстыра келе оқырмандарды кітап оқуға шақырдық.

Зухра УСЕНОВА,

Шымкент қаласындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі №1 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *