АБАЙ ӘЛЕМІ – АСЫЛ МҰРАМЫЗ

Руханият
920 Views

Ыбырай Алтынсарин атындағы Түркістан облыстық балалар кітапханасында ұлы ақын, композитор, философ, ағартушы, жазба әдебиетінің негізін салушы АбайҚұнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Абай тағылымы – халық даналығы»атты көрме-инсталляциясы ұйымдастырылды. «Абай әлемі – асыл мұрамыз» атты әдеби вернисаж №19,50 мектептер оқушыларының қатысуымен өтті. Шара барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, «Абай қазақ әдебиетінің шамшырағы» атты бейнеролик көрсетілді.

Белсенді оқырмандарымыз «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Абай өлеңдерінен әдеби композицияны орындап, «Абайдың өмір жолы» атты сахналық көрініс қойып, Абайдың қарасөздері айтылып, аудармалары оқылды. Сонымен қатар Ө.Жәнібеков атындағы №19 жалпы орта мектебінің оқушысы Дінмұхаммед Ибрагимовтің орындауында Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндері шырқалып, «Тор жорға» күйінің шығу тарихы түсіндірілді. №2 ҚБСМ-нің оқушысы Жасұлан Байдуллаев күйді орындап шығып, «Шашу» би тобы қазақ биін биледі. Сондай-ақ, көрме инсталляциясымен таныстырылып, жалпы оқырман қауымға насихатталды.

Ғазиза ҚАНЫБЕК,

Ыбырай Алтынсарин атындағы

Түркістан облыстық балалар кітапханасының оқу залы

бөлімінің кітапханашысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *