АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ КӨП

Білім
696 Views

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау оңтүстік өлкесінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Аграрлық факультетінің базасында ғана қалыптасқан. Мұнда жаңа идеялар жинақталған. Аграрлық факультеттің қазіргі уақыттағы ұжымы 117 профессор-оқытушылар құрамынан тұрады, оның ішінде, 12 ғылым докторлары, профессорлар, ҚР Мемлекеттік сыйлығының 2 лауреаты, 50-ден астам ғылым кандидаттары мен доценттері қызмет атқаруда.Соның ішінде 6В09111-Ветеринарлық медицина мамандығының оқу мерзімі – 5 жыл,оқу аяқталғаннан кейін маман дәрежесі беріледі. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті қызықты да, қажетті мамандық алуға, карьера жасауға, білімді де, білікті, озық маман болуға жастарды шақырады.

АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТТІҢ ІШІНДЕГІ «ВЕТЕРИНАРЛЫҚ МЕДИЦИНА» МАМАНДАРЫН ДАЙЫНДАЙТЫН МАМАНДЫҚТЫҢ ҚЫСҚАШАСИПАТТАМАСЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

МАМАНДЫҚТЫҢ ШИФРЫ ЖӘНЕ АТАУЫ

6В09111-Ветеринарлық медицина

ТАҢДАУ ПӘНІ

Биология – Химия

Жұмысқа орналасу орындары

1. ҚР Ауыл шауашылығы министрлігінің Ұлттық ветеринариялық референттік орталығында ветеринар: серолог, бактериолог, вирусолог, паразитолог, токсиколог, биохимик және ауыл шаруашылығы басқармасында бас маман, территориялық инспекцияда ветинспектор қызметін атқарады.

2. ҚР Ауыл шауашылығы министрлігі, республикалық, облыстық, аудандық, ветеринариялық зертханаларында, ветеринариялық емдеу орындарында, ветеринариялық клиникада, ветеринариялық дәріханаларда, ветеринариялық бөлімдерде, ауылдық әкімшіліктерінде ветинспектор, базарларда ветинспектор, эпизоот отрядта ветеринар-эпизотолог.

3. ҚР Ішкі істер министрлігінің басқармасының бөлімінде ветеринар полиция шенінде қызмет атқарады.

4. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, хайуанаттар бағы, қорықтар, ет комбинаттары, ипподромдарда ветеринар, биологиялық комбинаттар және басқа да биологиялық белсенді заттарды даярлайтын,олардың сапасын бақылайтын кәсіпорындарда ветеринар қызметінде жұмыс атқарады.

5. ҚР Қорғаныс министрлігінің ветеринариялық қызметінде кинолог, ветеринар-эксперт қызметін атқарады.

6. ҚР Ұлттық Қауіпсіздік коммитетінің шекарадағы ветеринариялық бақылау пункттерінде, шекарадағы ветеринариялық кеденде – автомобиль жолдарында, темір жолда, әуежайда, теңіз айлағында ветеринар кеденші инспектор қызметтерін атқарады.

7. ҚР Білім және ғылым министрлігінің ауыл шаруашылық бағытындағы университеттерінде, жоғарғы оқу орындарында, институттарда, колледждерде және ветеринариялық ғылыми зерттеу институттарында қызметтер атқарады.

КІМ БОЛЫП ЖҰМЫС АТҚАРАДЫ?

1. Ветеринар-дәрігер

2. Ветеринар инспектор

3. Ветеринар – дезинфекционист

4. Кедендегі ветеринар инспектор

«Аграрлық факультетте» ұл және қыздар әскери кафедрада арнайы оқып, әскери офицер-лейтенант шенін алады.

МЕКЕН ЖАЙЫ ЖӘНЕ ТЕЛЕФОНЫ

Шымкент қаласы, М. Х. Дулати көш. 198, №9 ғимарат, каб. 220.

Телефон: 32-35-87.

Өсербай А.Ж.,

«Ветеринарлық медицина» кафедрасының аға оқытушысы, а.ш.ғ.к.

Нурходжаев Н.О.

ветеринария ғылымының магистрі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *