АДАМШЫЛ, ІЗГІ НИЕТ ИЕСІ

Мерей
1 078 Views

Халық даналығында «Жақсы адам – алтын басын еңкейтеді» демекші, Анар Жаппарқұлова – дарқан халқының махаббатына бөленген санаулы айтыскер ақындардың бірі, жыр сайысы мен өнер жарысына түсіп, озып шыққан, ойға орнығатын өлеңдер шығаратын дарын иесі, білгір басшы.

Анар Абусайылқызы өз бойындағы ақындық қабілет-дарынымен танылып, қазақтың қара домбырасын бойтұмар етіп, Халықаралық және республикалық дәстүрлі жыр сайыстарына қатысып, өңір зиялылары мен халықтың талғамынан шыға білді. Өнеріне малданып, мақтану мен желпіну дегенді білмейтін ол бүгінде мәдениет ошағы – Шымкент қалалық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының басшысы қызметін атқарып келеді. Бір ұжым басшысы болу деген – әркез иненің ұшында, қылыштың қырында отырумен бірдей қиын шаруа. Белгілі бір мекеменің ортақ мәмілесін табу, бірлігін сақтау, ішкі-сыртқы саясаты мен мәдениетін орнықтыру кез келген басшының қолынан келе бермес машақаты көп мәртебелі міндет.

Үзбей еңбектеніп келе жатқан іскер азаматша Анар ханым қазірде тынысы кең дүниелер мен мәдени бастамалардың басы-қасында тер төгіп жүр.

Ақындығы бір арна, ғылым саласындағы ізденістері мен жетістіктері бір арна. Көрнекті ғалым, қа­рым­ды қайраткер, академик Рахманқұл Бердібайдың жетекшілік етуімен халық ақыны Майлықожа Сұлтанқожаұлының әдеби мұрасын зерттеуге үлес қосты.

Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Сізді жаңа жасыңызбен құттықтаймыз! Сізге тілейтініміз өркеніңіз өсе берсін! Ғылым мен мәдениет саласында алар биіктеріңіз толастамасын. Әулетіңіздің алтын төріне сәулетті өмір есігін аша берсін! Салтанатты өмір тілейміз!

Шымкент қалалық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының ұжымы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *