АЗАТТЫҚТЫҢ АҚ ТАҢЫ

Таным Тарих
2 635 Views

Әлемдік тарихпен саясаттың сахнасында осыдан 28 жыл бұрын киелі қазақ өлкесінде еркіндігіазат, еншісі бөлек “алып державадан” қан-күреспен бөлініп шыққан ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет пайда болды. Тарихқа көз жүгіртсек, бұл жетістік – ғасырларбойғы ата-бабаларымыз аңсаған арман еді. Егемен Қазақстан елі болғанға дейін300 жылға жуық уақыт төңірегінде отаршыл саясаттың бұғауында болып, одан бері 70 жылдан аса Кеңестін кесір саясатының шырмауында болып келдік. КСРО саясатының мақсаты тым әсіреленіп, идеологияландырылып жіберілуі, Мәскеудіңтағайындауымен қазақ жерін мүлде қазақ жеріне аяқ басып көрмеген билік өкіліГеннадий Васильевич Колбиннің сайлануы 1986 жылдың 16-17 желтоқсаны – жастардыңерікті түрде қару-жарақсыз бас көтеруіне себеп болды. Қазақ жастары алаңғақарай “Шовинизм жойылсын!”. “Әр ұлтты өз көсемі басқарсын!”, “Астамшылықболмасын!” деген ұрандармен ағылып жатты. Көтеріліске шығу – тарихи тебіренісболды, қаншама ана баласынан, бауырынан, ағасынан айырылып қалды. Сол кездеАлматыдағы жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қарапайым қаракөзқандастар, алаңға шыққаны үшін “бүлікші”, “маскүнем”, “нашақор” сынды айыптартағылып, түрмеге тоғытылды. Тағдырларының қиын жағдайда қалатынына көзі жететұра бастарын қатерге тікті. Қан майданда жасаған ерліктері қылмысқа,ұлтшылдыққа бағаланса да олар біз үшін Батыр! Азаттықтың ақ таңын көре алмайөмірлері қыршыннан қиылған, талай тағдырлар сол алаңда, түрмелерде үзіліп кетебарды… Өмір беріп, жарық дүниеде болса қазіргі күні арамызда ел ағалары, ақжаулықты аналар болып жүрер еді… амал нешік? 1986 жылдың 16-17 желтоқсаны –біздің тарихымызда қаралы күн, азат күн болды. Алаңдағы жастардың әрбірініңерлігі Қаhарман атағына лайықты. Осы орайда Желтоқсан оқиғасына байланыстыұлтымыздың от ауызды, орақ тілді ақыны әрі сол Желтоқсан оқиғасының куәгері,бүгінде көптеген жыр-жинақтарының авторы Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан желі»атты өлеңінен үзінді алып отырмыз:

Сәл аялдап, тағзым етпей

бұл алаңнан өтпеңдер…

Желтоқсанда ызғырықтан

тітіркеніп көк пен бел,

Бұл жер, қалқам, асқақ рух

жарылысы өткен жер

Қайта оянған ұлт намысы

қызыл қанға бөккен жер.

Осы Қаhармандарға тағзым ету, еске алу – біздің міндетті парызымыз. Қайрат пен Ербол, Сәбира мен Ләззаттың ерлігі – ел есінде мәңгі қалмақ, тарихымызда ол мәңгілікке алау болып жанып тұрмақ. Енді егемен болған еліміздің саяси ахуалына ойысар болсақ, 1991 жылы азаттығын алған жас елдің Тұңғыш Президенті болып, саясаттың майданында өз орны бар, Орталық Комитеттің Хатшылығына дейін көтерілген, елге еңбегі сіңген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Бүгінде міне, еңселі ел болып, қазақ халқы әлемге құшағын айқара ашып, бауырына жүз отыздан аса ұлт пен ұлысты біріктіріп, татулық пен тыныштықты сақтап отырған көреген ел болып отыр. Осылайша халықаралық аренаға қадам баса отырып, тәуелсіз азат ел екенімізді дамыған үлкен және шағын мемлекеттерге мойындата білдік. Қазақстан көптеген әлемдік және халықаралық ұйымдардың құрамы мен мүшелігіне өтті. Атап айтар болсақ, 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ-ның, бұған қоса Дүниежүзілік банктің, Халықаралық валюта қорының, Дүниежүзілік сауда ұйымының, Инвестициялық проблемаларды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшелігіне, ЮНЕСКО-ның құрамына қабылданды. Бұдан қала берсе, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымына төраға болуы – жас ел үшін биік мәртебе. Елімізде алыс және жақын дамыған шетелдермен инвестициялық және сауда келісімдері жасалып, біріге жұмыс жасауда. Қазақ елі ендігі кезекте алпауыт елдермен дипломатиялық қатынас орната бастады. Әлемнің 100-ден аса елдерімен дипломатиялық келісім орнатып, соның ішінде 30-дан аса елінде елшілік ашып, жұмыс жасап жатыр. Осы дипломатиялық ахуалдың қалыптасуына ықпал жасаған, елдің сыртқы қауіпсіздігінің жақсаруы жолында іргесі енді қаланған елдің болашағын қамдаған азаматтардың бірі, бітімді дипломат, саяси қайраткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еді. Мемлекетіміздің сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен саяси реформаларда маңызды миссия жасаған елші ретінде тарихта есімі қалды. Өз ісінің нағыз шебері ретінде шет елдер де мойындап, кәсіпқойлығын бағалайды. Қ-Ж. К. Тоқаев мырза Ресей мен Қытайдың арасындағы сыртқы стратегияларды сәтті жасай білді.

Ендігі ретте тәуелсіздігімізді алған соң, Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев шекарамызды шегендеп, анықтап берді. Экономикалық жағдайды жақсарту мақсатында 1993 жылы 15 қарашада өзіміздің ұлттық валютамыз – теңгені айналымға енгізді. Бұдан соң, Қазақстанның Қарулы Күштерін құрды. Жас ел әлемдік байлыққа айналған Ядролық қарудан бас тарта отырып, өзге елдерге үлгі бола білді. Елбасы Сарыарқаның төріндегі еркін көсіліп жатқан, ашық далалы жерден қала тұрғызып, оны еліміздің астанасы етіп бекітіп, әсем қала, ару Астанаға айналдырды. Халық үшін маңызы бар реформаларды қабылдап, жүзеге асырып, жыл сайын халыққа Жолдауларын жолдайды. Ал қазір Елбасының ізін жалғап, саяси сахнаға екінші президент болып сайланып, Қ-Ж.К.Тоқаев мырза өзінің саяси мандатын атқаруда. Ендеше, ел болып біз де өз сенімімізді білдіреміз! Біз міне, осылайша тілі мен дәстүрі, мәдениеті мен өнері дамыған кең-байтақ жерде бейбіт өмір сүріп жатқан бақытты жандармыз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, егемендігіміз мәңгі болсын десек, бірлігімізді нығайтқанымыз жөн болар. Бірліктің тірлігі де оң болар!

Ақниет ҚОЙШЫБАЕВА,

№131 жалпы орта мектебі

ағылшын тілі пәні мұғалімі.

Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *