АЛИЯ ИСАЛИМОВА СЕРГЕЙ ЕСЕНИНДІ ДӘРІПТЕП ЖҮР

Әр алуан
1 230 Views

Ресей Федерациясы, Тюмень (Түмен) облысы, Исет (Есет) ауданындағы мектептердің бірінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін қарындасымыз Алия Исалимова орыс ақыны Сергей Есенинді инстаграмда дәріптеп жүр. Креативті ұстаздың әлеуметтік желіде ақын аккаунтын («Сергей Есенин профилі») жасауынаоның шәкірттері көмектескен. Бүгінде Сергей Есениннің жеті жарым мыңдай жазылушылары бар. Әріптесінен үлгі-өнеге алған өзге мұғалімдер Александр Сергеевич Пушкин, Михаил Юрьевич Лермонтов, Николай Васильевич Гоголь, Николай Леонтьевич Бродскийды инстаграмға қосып отыр.

Сөз орайы келгенде осы қарындасымызды шырайлы шаһарымызға арнайы шақырып, одан шеберлік сыныбын алсақ деген ой бар. Бұл – биылғы қос-қабат мерекелер жылында ізгілікті де игілікті шара болары анық.

ҚОРДАЙ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

Жетінші ақпаннан сегізінші ақпанға ауған түні Жамбыл облысының Қордай ауданында жергілікті қазақтар мен этникалық дүнгендер арасында қақтығыс орын алғаны белгілі. Салдарынан 11 адам қайтыс болып, 185 адам зардап шеккен. Соның 34-і ауруханаға жатқызылған. 39 үй, 20 коммерциялық нысан, 47 автокөлік өртенген. Көршілес Қырғызстан шекарасынан өтіп кеткен 23131 адамның 21261-і қайтып оралған. Бүгінде ауданда 55 дүкен, 3 дәріхана, 14 авто жанар-жағармай бекеті, тағы басқа да 30 коммерциялық нысан жұмыс істеуде. Халыққа қызмет көрсету органдары құжаттарын жоғалтқан азаматтарға 54 туу тураы куәлік, 48 жеке куәлік, 1193 балаларға арналған анықтама, жылжымайтын мүлікке қатысты 15 құжат, 8 неке туралы куәлік, 1 төлқұжат берген. Зардап шеккен 778 отбасыға азық-түлік, күнделікті тұтыну тауарлары секілді гуманитарлық көмек көрсетілген. Тәртіпсіздіктерге қатысқан азаматтардың үстінен 25 қылмыстық іс қозғалған.

Еске сала кететін бір жайт – бұл ауданда 145 мың халық тұрады. Масанчи селосында 13 мың тұрғын бар. Соның 90 пайызы дүнгендер, бес пайызы орыстар, қалған бес пайызы қазақтар.

Өңір басшысы Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев бұл ауданда сауықтыру жұмыстарын қолға алуда жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

АЙМАН РАТОВА ОЛИМПИАДАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Қазақстан ұлттық құрама командасы бүгінде 14 спорт түрінен 28 Олимпиада жолдамасына иелік етіп отыр. Түркияда жеңіл атлетикадан өткен ашық чемпионатта төртжылдықтың басты бәсекесінің лицензиялары сарапқа салынды. 20 шақырымға спорттық жүрістен украиналық Олена Собчук жеңімпаз атанды. Алаң иелерінің намысын қорғаған Мерием Бекмез екінші орынды еншіледі. 1 сағат 23 минут 31 секунд уақыт нәтиже көрсеткен біздің қандасымыз Айман Ратова үздік үштікке ілікті. Сөйтіп, ол Олимпиада жолдамасына иелік етті.

Ә. КЕЛЕСҰЛЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *