АҚЫЛМАН АТАМЫЗДЫ АРДАҚТАЙМЫЗ

Құттықтаймыз
712 Views

Ел арасында ақылман аталарымыз өте көп. Солардың бірі де бірегейі, ұлағатты ұстаз, ұстаздардың ұстазы, ел ағасы атанған ардақты атамыз Кенже КӨПТАЙҰЛЫ дер едік. Ол 1940 жылы 10 наурызда дүниеге келген. Атамыз қазыналы қариялардың қатарында бақытты өмір сүруде. Бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққалы отырған жағдайы бар. Атамыз әлі де тың, шымыр, бақуат. Жастармен бірге доп ойнайды, өзінің ақыл-кеңесін айтып жүреді. Жастар атамызды құрмет тұтады. Онымен «Біздің генералымыз» деп әзілдеседі. Атамыз өз өмірінің 50 жылын жастарды тәрбиелеуге арнаған. Оларға рухани тәрбие беру, отансүйгіштікке, елін, жерін, халқын қорғауға үндеген.

Біздің атамыз әртүрлі салада қызмет атқарған. 1957 жылы Ұлы Қазанның 30 жылдығы атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін сол білім ордасының жанындағы интернатта тәрбиеші болып қызмет істеген. 1960 жылы Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтына оқуға түскен. 1966 жылы Шымкент қаласындағы Казақ химия-технологиялық институтына оқытушы болып орналасқан, 1970 жылы Ленин (қазіргі Қазығұрт) ауданында балалар мен жасөспірімдер» спорт мектебінде директор болып қызмет істеген. 1983 жылы ауданның оқу бөлімінде әдіскер болған. 1986 – 2009 жылдары «Болашақ» орта мектебінде әскери жетекші болып қызмет атқарған. Содан соң зейнеткерлікке шыққан. Сонымен қатар спортпен етене айналысып, қол добы, күрес, бокс сияқты порт түрлерін меңгерген.

Атамыз ерен еңбегі үшін Қазақ КСР Оқу министрлігінің медалі, Алғыс хатымен; Қазақ КСР Қорғаныс министрінің медалі, Алғыс хатымен; Шымкент (қазіргі Түркістан) облыстық партия комитетінің Алғыс хатымен; облыстық әскери комиссиариаттың 90 жылдығына арналған медальмен, Алғыс хатымен; «Социалистік жарыстың жеңімпазы» төсбелгілерімен; аудандық партия комитетінің Алғыс хатымен; Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске орай Жуков медалімен; облыстық әскери комиссиариаттың Ауған соғысының аяқталуына орай арнайы әзірлеген медалімен марапатталған.

Аудан халқы өте құрметтеп, мақтан тұтатын атамызды сексен жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Тәрбиелеп өсірген ұл-қыздарынан немере, шөбере, тіпті шөпшек сүйіп отырған ардақты атамызға ұзақ та бақытты ғұмыр, зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз! Біздің бағымызға қарай Алла тағаланың берген жасын жасасын деген ниеттеміз.

Немерелер атынан құттықтаушылар:

Алан, Әлинұр, Мадияр, Санжар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *