БАЛАБАҚША – БАҚЫТ АРАЛЫ

Білім Тәрбие
1 553 Views

Қазақ халқының нағыз азаматын тәрбиелеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп – балабақша. Ол – баланың екінші үйі. Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамту әрбір тәрбиеші, ұстаздың басты мақсаттарының бірі болуы тиіс. Балабақша – келешек, ел басқарар, жер суына иелік етер, ел халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. Балабақша келер ұрпақты еңбекке, өнер-білімге, елінің ар-намысын қорғауға және ізгі адамгершілік ниеттерге баулиды. Сондай талаптарға сай үздік балабақшалардың бірі – «Ақзия-А» балабақшасы.

Білім беру балабақша табал­дырығынан басталады десек ешқашан қате­леспейміз. Барлық білім­нің бастауы – балабақшада. Мектепке дейінгі ме­ке­­ме­лер­де тәрбие мен білім са­­ласында заманауи­ педа­го­гикалық технология­лар қан­шалықты маңызды болса, мек­теп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық техноло­гиялар ұғымы кеңінен қол­данылатын ұғымның біріне айналды. Ендеше, мектепке дейінгі білім беру саласының бас­ты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдіс­терін енгізу. Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр. Осындай талаптардың үдесінен шығып жүрген «Ақзия А» балабақшасының жақсы жетістіктерге жетуі, әрбір тәрбиешінің өз тынымсыз, адал еңбегінің нәтижесімен, жаңалығымен біліктілігі мен білімдерінің арқасы. Атап айтсақ, балабақшада бүгінде 7 топ жұмыс жасап, онда 145 бүлдіршін тәрбиеленуде. «Ақзия-А» балабақшасын өте мейірімді, сезімтал, бірақ сонымен бірге талапшыл басшы Гүлзинат Сейілханқызы басқарады. Әр қызметкермен тіл табыса алады, қиын жағдайларда көмегін де аямайды. Сондықтан, ұжымда абырой мен құрметке ие.

Иә, балабақша ұжымы келешек ұрпақтың тәрбиелі болып өсуіне аянбай қызмет етуде. «Үйренер нәрсең – білім мен мейірімділік», – деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, балабақша ұжымы әрбір күнін үнемі шығармашылық ізденіс жолында өткізеді. Балабақша «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» бойынша оқу-тәрбие жұмыстарын қазақ, орыс, ағылшын, яғни үш тілде жүргізіп келеді. Бар ғұмырын балаларға, олардың тәлім-тәрбиесіне арнаған, Шымкент қаласы Білім саласында сан жылдар абыройлы қызмет атқарған, өнегесі мол ұстаз Шалхарбекова Ұлбосын Уалханқызы негізін салған балабақшаның бірі осы.

Балабақша басшысының айтуынша, «Ақзия-А» балабақшасы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие берудің мемлекеттік стандарты бойынша жұмыс жасап келеді. Төрт мезгіл ас беріледі. Қазіргі таңда балалар толығымен келіп жатыр. Балабақша тәрбиешілері жоғары санатты мамандар. Әрбір бес жыл сайын «Өрлеу» оқытудан өтеді. Балабақша өте таза, ата-аналардың көзқарас, пікірлері де жақсы. 2016 жылы балабақшамыз талапқа сай аттестациядан өтті. Басқа балабақшадан ауысып келіп жатқан балалар саны да артуда. Бұл балабақшамыздың жақсы жұмыс нәтижесі деп білемін. Осы уақытқа дейін ата-аналар тарапынан ешқандай теріс көзқарас болмаған, алғанымыз тек алғыс болды. Тәрбиешілеріміз жылдан-жылға өз білімдерін шыңдап, біліктіліктерін арттыруда. Әр квартал сайын балалардың білімдерін тексеріп индикатор өткізіп отырамыз. Жалпы стандартқа сай жұмыс толық өз деңгейінде атқарылып жатыр. Індет басталғалы топтар арасында кезекші топтар құрылды. Кезекші әрбір топта 20 баладан келіп жатыр. Эпидемиологиялық жағдай бізде орын алған, яғни тіркелген жоқ. Балабақшаға келген әрбір қызметкер, әрбір баланы медбике арнайы тексеріп қабылдап алады, барлық санитарлық талаптар сақталады».

Тәрбие мен білім – егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мем­лекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Егемен еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұр­пақ тәрбиелеу – білімді, жан-жақты тәрбиешілердің ен­шісінде. Заман өзгерген сайын­ әдіс-тәсілдер көбейіп, жа­ңа­­­рып, толығып жатыр. Бала­лар­дың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибесінде қолданып көруден балабақша тәрбиешілері жалыққан емес. Жаңа технология­ны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану үздіксіз тәрбие беру мен білім сапасын арттырады.

Жаңа заман баласы –­ ер­­теңгі еліміздің бола­ша­ғы. Жаңа заман баласын қалып­тастырып, дамы­ту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анық­­тап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағ­дай жасау қажет. «Ақзия А» ба­ла­бақ­шасында балаларға үз­діксіз білім беруде барлық жағ­дай қарастырылған. Балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың педа­гогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығы өте жоғары. Балабақша тәр­биешілері балаларға үздік­сіз тәрбие мен білім беруде жаңартылған педа­гогикалық технологияларды­ кеңінен қолдануға тырысады. Себебі, қазіргі заман бала­ларының берілген ақ­парат­ты тез қабылдауынан, есте сақтау қабілеттері жоға­ры дамығандығын байқауға болады.

Мектепке дейінгі меке­ме балаларына үздіксіз тәр­бие мен білім беру келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына тікелей әсер ететін балабақша мен тәрбиешілері. Осыған орай, мектепке­ де­йін­­гі мекемелердің тә­жі­ри­бесіне оқыту мен тәр­бие­леудің әртүрлі технологиялары енгізілуде. Мә­селен, ынтымақтастық пе­да­­гогикасы, білім беруді ізгі­­лендіру, ойын арқылы оқыту, түсіндіре басқарып оза оқы­ту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлау­ды дамыту, оқытудың ком­пьютерлік технологиясы, психологиялық, педа­го­ги­ка­лық әдістемелік білімді, педагогикалық ше­бер­лікті, балалардың жан-дү­ниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.

Балалар – адамзаттың ертеңі, оның үміті мен болашағы. Жарық пен үйлесімділікке толы балабақша ұжымы өз тәрбиеленушілерін тәрбиелеу ісіндегі өз рөлін түсінеді. Тәрбиешілер аталған балабақшаны жайлы және жылы үйге айналдыру үшін көп күш жұмсайды. Балабақшада қызықсыз күн болмайды. Балалар мұнда өздерінің дамуы үшін қажет нәрсенің бәрін алады. Күндей күлімдеген балаларды Мейірімді жүректер мен қамқор қолдар, өз мамандығына ғашық тәрбиешілер күнде қарсы алады.

«Ақзия А» балабақшасы бүгінде тұрақты, табысты және заманауи үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан Мектепке дейінгі мекеме. Ұжым уақытпен қатар жүреді, оқиды және кәсіби түрде өседі. Балабақша – бұл ерекше атмосферасы бар, балалардың күлкісіне, ынта-жігеріне, таңданысына толы сиқырлы ел. Бала үшін Балалық шақтың осы керемет әлемінде болу – алғашқы ашылулардың, жетістіктер мен жеңістердің ұмытылмас сәттері. Мұндай жерде кез келген адам жұмыс істей алмайды, тек мейірімді және ашық жанды, қамқор және сүйіспеншілікке толы жүрегі бар, барлық балаларды бірдей жақсы көре алатын және мектеп жасына дейінгі балалардың өміріндегі әрбір сәттің құндылығы мен маңыздылығын түсінетін адамдар ғана қызмет жасайды.

Бүгінде мектепке дейінгі мекемеде жеті топ толық қамтылған. Күні бойы балалар балабақша қызметкерлерінің сенімді бақылауында, көптеген тәрбиешілердің жұмыс өтілі жылдармен өлшенбейді – ондаған жылдар. Олар тек балаларды ғана емес, олардың ата-аналарын, бұрынғы тәрбиеленушілерін де жақсы біледі, сондықтан олар тіпті байланыссыз балаларға да оңай жол табады. Үлкен жұмыс тәжірибесіне қарамастан, тәрбиешілер ескі педагогика әдістерімен шектелмейді, үнемі жетілдіріліп отырады. Заманауи технологиялар мен жаңа бағдарламаларды қолдана отырып, жаңа тәсіл іздейді. Ұжым олардың бақшада болуын ыңғайлы және пайдалы ету үшін бар күшін салады.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде тәрбиешілердің көмекшілері, мейірімді және жанашыр қызметкерлер, балаларға сүйіспеншілікпен қарау, оларға өзін-өзі күту дағдыларын игеруге көмектесу, топтардағы тазалық пен тәртіпті сақтау маңызды рөл атқарады. Мұнда таңғы ас пен түскі асты тәжірибелі аспаздар дайындайды. Олар өз жұмысын жақсы көреді, дәмді етіп әрі шын жүректен дайындайды. Балалар үлкен қуанышпен тамақтанады, содан кейін олар ұзақ уақыт ойнап, күш пен қуатқа толы жаттығулар жасай алады.

Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды ке­зең болып келеді. Өйт­кені, осы кезде баланың бойын­дағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды.­ Сондықтан, осы шақта бала­лар­мен анағұрлым жан-­жақ­ты дамытушылық әре­кеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс сон­­ша­лық­ты нәтижелі болады. Тәрбиелі, білімді ұр­­пақ балабақшадан мектепке да­йын шәкірт болып шы­­ғады. Балабақшаның барлық қызметкерлері үшін бастысы – балалар. Олар әр түрлі балалар, қызықты күлкілі, ақылды және олардың қасында балаларды білетін, әрқайсысының жүрегінің кілтін таба алатын мақсатты, жігерлі тәрбиешілер бар.

Мекеменің және ұжымның тарихын бастамашыл қызметкерлер құрайды. Барлығы өз ісіне жанқиярлықпен ғашық бір үлкен және тату отбасы іспетті.

Кейде балабақша ұжымының қызметі бағаланбай, ұмытылып жатады. Аздаған кілтипан көрсек, түсіністік танытуға тырыспаймыз. Мекеменің бүтіндей еңбегін әп-сәтте жоққа шығаруға даяр тұрамыз. Мәселен, 2020 жылы 28 қыркүйек күні сағат 11:30-да таңғы серуен кезінде «Ботақан» тобының бір бүлдіршіні сырғанақтан оқыс құлап түскен. Нәтижесінде, басынан аздаған жарақат алған. Балабақша медбикесі өзінің жұмысын жасап, арнайы алғашқы медициналық көмегін көрсетіп, қадағалауға алған. Оқиға болған күні бүлдіршіннің ата-анасына болған жайт түсіндіріліп, ескертілген. Ата-анасы арнайы сол күні кешкісін баланы емханаға жатқызып, арада 5 күн өткен соң денсаулығына төнген қауіп жоқ деп емханадан үйге шығарылған. Иә, мұнда балабақша ұжымының кінәсін жоққа шығара алмаймыз. Алайда, кеткен дәрі-дәрмек пен емделу шығынын өтеп беруден бас тартпаймыз деген балабақша басшылығы, ата-ананың оны қанағат тұтпай отырғанын айтып дал болуда. Бұл туралы «Ақзия-А» балабақшасының меңгерушісі Гүлзинат Сейілханқызы: «Әлеуметтік желіде ата-ана біздің балабақша тарапына бірнеше теріс пікір білдірген жазба қалдырып, сотқа да жүгінген болатын. Алайда, біздің мекеме бар қолдан келген мүмкіндігін, көмегін көрсеткен еді. Сөгіс те берілді. Заң өкілдері тергеу жұмыстарын жүргізді. Жауап алуға шақырған кезде қалмай тиісті жауаптарын беріп отырдық. Дегенмен, алты айдан аса уақыт өтсе де әлгі ата-ана әлі тынышталар емес. Қызметімізге кедергісін жасауда. Қаржы талап етуде. Нақты 144 000 теңгедей ақша сұрады емделудің, дәрі-дәрмектің ақысы ретінде. Біз оған әрине келістік. Емдеу ақысын өтейтінімізді айттық. Оған да тынышталмаған ата-ана енді мен балаға қарап үйде отырамын, сондықтан маған 600 000 теңге қаржы беріңдер деп тағы бір талап қойып, бізге қарсы қайта сотқа арызданып отыр. Біз дәрі-дәрмегіне кететін қаржыны өтеп берейік сонымен болар десек, ата-ана келісімге келмеді. Біздің одан артық төлеуге мүмкіндігіміз жетпейді, себебі жалақымыз да мардымсыз. Балабақша тарапынан миллион көлемінде қаржы талап етуде. Бұл іс бізге аса ауыр тиюде», — деп бұл істің жұмыс жасауға айтарлықтай кедергі болып тұрғанын жеткізді. Бұл пікірге оқиғаға жауапты «Ботақан» тобының тәрбиешісі Асанова Хансұлу Дәулетқызы мен «Ақзия-А» балабақшасының медбикесі Қосақова Рабиға Досыбекқызы да қосылып отыр.

Әрине, балабақша үшін әрбір баланың өмірі мен денсаулығы басты орында. Олар кінәсін түсінеді, баланың емінен де бас тартпайды. Дегенмен, ата-ананың түсіністік танытуын сұрануда.

Бақытты болу үшін бай болу қажет емес. Ең бастысы – сіздің шығармашылық әлеуетіңізді сүйікті жұмысыңызда жүзеге асыру, өзіңізбен және айналаңыздағы адамдармен бейбітшілік пен келісімде өмір сүру. Ендеше, бір-бірімізді түсініп, тату-тәтті, кешірімді болғанға не жетсін?!

«Ақзия А» балабақшасының ұйытқысы, ізденімпаз, іскер басшы Гүлзинат Жақсыбекова балалардың жан-жақты қорғалған, үйлесімді тұлға болып қалыптасуына барынша жағдай жасауда. Балабақшадан ұшқан жас түлектер бүгінгі таңда мектепте оқып, білім алуда. Тәуелсіз еліміздің бақытты балдырғандарына білім, тәрбие беруде балабақша ұжымы жас та болса біршама жетістіктерге қол жеткізген. Ата-аналар пікірінше «Ақзия А» балабақшасы «Балалардың саялы мекені».

Қанша жыл өтсе де, балалық шақтың ерекше сәттері өткен жер біз үшін қымбат және жақын болып қала береді. Сондықтан, әр баланың балалық шағын ашу-ызаға емес, бақытқа толтыруға тырысқанымыз жөн-ау.

Ая АСЫЛЖАН

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *