БАЛЫҚ БАСЫНАН ШІРИДІ НЕМЕСЕ ЖОЛДАСОВТЫҢ ЖАУАБЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ЛАЙЫҚ ПА?

Мәселе Қоғам
794 Views

ҚР Бас прокуроры Ғизат Дәуренбекұлы НҰРДАУЛЕТОВ мырза мен

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің жауапты хатшысы Сәбит НҰРЛЫБАЙ мырзаның назарына!

БАЛЫҚ БАСЫНАН ШІРИДІ НЕМЕСЕ ЖОЛДАСОВТЫҢ ЖАУАБЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ЛАЙЫҚ ПА?

«Әділет. Рухани жаңғыру» газеті Түркістан облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Имангелді Түймебаевқа қатысты «Тұмар ХХІ» ЖШС басшысының арызы негізінде журналистік зерттеу жүргізіп, үкімет назарына бірнеше мақалалар жариялаған болатын.

Араға бір ай салып, редакциямызға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасовтан жауап хат келді. Алайда, Жолдасовтың жауабына редакция тарапы қанағаттанбай отыр. Оның себебін түсіну үшін сырғытпа сөздермен жазылған бұл жауаптың кейбір сөйлемдеріне назар аударайық.

Төраға өз сөзінде: Түркістан облысы экология департаменті, сонымен бірге экологиялық бөлім қызметкерлері өз лауазымдық міндеттеріне сәйкес қызметтерін Түркістан қаласында атқарып келеді деп жазған.

Өкінішкеқарай, Экологиялық реттеу бөлім басшысы А. Ажмолдаева қызметінен өз еркіменбосатылғанға дейін Шымкент қаласы, Диваев көшесінде орналасқан лабораторияныңқасында 2 жылға жуық жұмыс жасап келген. Біз газеттің өткен санындаТүймебаевтың қол қоюымен жазылған екі хатты жариялаған болатынбыз. Сол хаттыңбірінде Түймебаев департамент қызметкерлерін Түркістанда, ал екіншісіндеШымкент қаласында орналасқан лабораторияда жұмыс жасап жатыр деп төрағаЖолдасовқа екі түрлі жауап берген. Мұны бір деңіз. Осы орайда «Әділет. Руханижаңғыру» газетінің редакциясын Президент тапсырмасымен жаңадан құрылғанТүркістан облысына түгелдей көшіп Түркістанда жұмыс жасап жатқан басқабасқармалардан Түймебаев басқарған басқарманың несі ерекше деген сұрақмазалайды? Неге заңға бағынбайды? Сол Шымкенттегі бөлім басшысы А. АжмолдаевағаТүймебаев департаменттің қанша қаражатын жұмсады? Түркістан облысы Экологиядепартаментінің маманын Шымкент қаласында отырғызып, оған еңбек ақысындепартамент бюджетінен қандай форматта төледі? Мысалы үшін еңбек демалысыақысы, сауықтыру жәрдемақысы (леч. пособия) Арал, Сырдария сынды экологиялықзардап шеккен аймақ форматында төледі ме? Осыған құқықтық баға бермеген Зулфухар Жолдасов мырзаны қаншалықты өз қызметіне лайықты деп санауға болады?Бұл қазіргі уақытта зерттеліп жатқан мәселе. Зулфухар Жолдасов мырзадан бізтүбегейлі зерттелген, анық-қанығы анықталған жауап күткен едік. Өкіншке қарай,комитет төрағасы Түймебаевтың жасаған іс-әрекетіне көзжұмбайлықпен қарап,бармақ бастылыққа салынғандай сезімге бөлендік.

Кәсіпкерді қудалау, оның жұмысына кедергі жасап, ақыры соңында «Тұмар ХХІ» ЖШС жұмысшыларының жұмыссыз қалуына әкеп соқтырған Түймебаевтың әрекетінің астында қандай мүдде жатыр? Осыған комитет төрағасы мен Түркістандағы департамент басшысы Түймебаевтан нақты жауап ала алмай отырмыз, ет сасыса тұз себеді, тұз сасыса не себеді демекші Түймебаевтың тікелей басшысы болып саналатын, Зулфухар Жолдасов мырзаның бұл пейіліне не айтарымызды білмей дал болдық. Күтпеген жағдай.

Біз жоғарыда айтылған мәселелер ізімен тиісті құзырлы органдарға бірнеше сұраныс хат жазып жібергенбіз. Карантин жағдайына орай түбегейлі тексеру жұмыстары кешеуілдеп тұр. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында «Біз еститін мемлекет құрудамыз, барлық мемлекеттік қызметкерлер халықтың жан айқайын естіп, соларға дер кезінде тиісті шешім қабылдауға міндетті», — деп қадап айтқан болатын. Бұл орайда комитет төрағасы Зулфухар Жолдасов мырза кәсіпкердің жан айқайын тыңдау түгіл, өзі бас болып келіп мәселенің мән жағдайына дұрыс баға бермей, зерттемей, зерделемей Түймебаевпен бармақ басты, көз қыстылыққа салынып, талай былықтардың бетін ашпай отыр.

Қуырдақтың көкесін Түйе сойғанда көресің демекші, тағы бір мәселе кезінде заңды деп танылып, жұмыс істеуге рұқсат алған «Тұмар ХХІ» ЖШС-ға 2017 жылы шыққан заң негізінде тас майдалау құрылғысын өзеннен 500 метр жерге дейін арақашықта орналастыру қажет деп, 300 метр қашықтықта жұмыс жасауға рұқсат бермейді. Ал дәл Тұмар ХХІ сияқты екінші жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қарабастауға 10.03.2020 жылы №KZ20VCZ00557975 құжатымен рұқсат берілген. Бұл заң неге бір серіктестікке жүреді де екіншісіне жүрмейтіні түсініксіз. Қарабастау ЖШС-нің тас майдалау құрылғысы бөген өзенінің бойынан шамамен 100 метр қашықтықта орналасып, жұмысын жалғастырып келеді. Неге департамент кәсіпкердің біріне заңға негізделіп жұмыс жасауына кедергі келтіреді де, екіншісіне ондай шара қолданбайды? Бұл жерде еріксіз түрде Қарабастау ЖШС мен департамент басшысының арасында қандай ерекше байланыс бар деген ой келеді? сыбайлас жемқорлыққа жол берілген бе? Осындай қисынсыз әрекеттер зерделей берсе Түймебаев басқарып отырған басқармада шатасулар көптеп кездеседі. Түптеп келгенде министрліктегі комитет, оның төрағасы З. Жолдасов өзіне бағынышты болған Түймебаевтың басшылық іс-әрекетіне оның ішінде қызметін асыра пайдаланып, кәсіпкерді қудалауға түсірген дәйексіз әрекеттеріне дер кезінде шара қолданбағаны мәселені ушықтырып отыр. 2019 жылдың шілде айында «Тұмар ХХІ» ЖШС-ға Түймебаев басшылығындағы Экология департаменті жоспардан тыс тексеру жүргізеді. Тексеру нәтижесінде ешқандай салалық зерттеусіз, дерек-дәйексіз, ешқандай өлшеу құралдарынсыз инженер-эколог маманның негізсіз пікірімен шара қолданып жібереді. Заңға сәйкес бұл жерде графикалық сызба жұмыстары жүргізіліп, ені, биікігі, тереңдігі сынды есептеу жұмыстары нақты жүргізілуі керек еді. Бірақ мұндай тірліктерге назар аударылмай, мемлекеттік инспекторға атап айтқанда бас мамандар – Балыбек Сабыр және Ақылбек Қуаныштар өз құзырет шегінде заңды талаптарды орындатқызбай, ауызша 300 м3 көлемді қоя салған. Бүгінде бас маманның бірі – Балыбек Сабыр Шымкент қаласына ауысып кеткен. Бірақ қайткен күнде де заң алдында ауысып кеткендер де не өз еркімен кеткендер болсын, істеген тірліктері үшін заң алдында жауап беруге міндетті. Айта кететін жайт, «Тұмар ХХІ» ЖШС бұл тексерудің қорытындысы әлі күнге дейін қолына тимеген. Түптеп келгенде бұл заңды өрескел бұзу және сыбайластық әрекеттердің жаппай белгілері айқындалып тұрғанынан хабар береді. Төраға осы мәселеге жіті назар аудармай, Түймебаев берген «тырнақ астынан кір іздеген» мәліметтеріне сүйеніп, өз жұмысына салғырт қарап отыр. Енді біздің министрліктен және оның Президент тағайындаған жауапты хатшысы Сәбит Нұрлыбай және еліміздің бас прокуроры Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдаулетов мырзадан осы көтеріп отырған мәселеге арнайы тексеру жүргізіп құқықтық баға беріп, қатаң шара қолдануларын сұранып отырмыз. Өйткені Президент тапсырмасы орындалуға жатады, созбалаңға салуға емес.

Әділ ҚЫРАН.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *