«БІЗДІҢ ЕЛДІҢ ЖІГІТТЕРІ…»

Өмір-өзен
538 Views

Елдің жүгін қайыспас қара нардай көтеретін, арда азаматтар болады, соның бірі өзің едің, Айбол!

Жүрегің кең еді, бір сөзді, жаны жайсаң, ел үшін деп еміреніп, қалың жұртқа қызмет еткен жан сендей болсын! Әттең, аңқылдаған арыныңмен күні кеше бар болатынсың арамызда, бүгін жоқсың… Ғайыптасың.

Онсызда шолақ дүниені шорт кесіп, әлі де сіз бен біз атқарар шаруа шаш етектен мына ғұмырды тым асығыс , қас-қағым сәтте неге ғайыпқа алмастырып кете бардың екен?! Жазмыш па? Сен бар болсаң пәниде, талай биігің де, базарың да алда еді ғой…

Туып-өскен өңірің, тарихи қала Арысты жарылыстан соң, қайта қалпына келтіруге жан аямай жұмыла кіріскеніңді білеміз, елді қуаңшылық қысқанда бас көтеріп, Маңғыстауға шөп артқан сәтің де көз алдымызда. Жайраңдап жүріп қыруар жұмысты жайғаратынсың. Бұл күні мұның бәрі өнеге. «Біздің елдің жігіттері, жігіттердің төресі…», енді осылай қимастықпен еске алып жүруді місе тұтамыз деп кім ойлады? Үлкенге ағалап ізет көрсететін, кішіге қамқорлықпен қараған бауырмал қасиетің, қазақы қалпың, аузын ашса жүрегің көрінетін бейнең, тек жақсы істерің жүрегімізде…

Бақұл бол, Айбол! Жаратқан Алла жаныңды пейіштің төрінде шалқытсын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *