БІЛІМ САЛАСЫ БИІК ТҰҒЫРҒА КӨТЕРІЛМЕК

Білім
970 Views

2018 жылғы 5 қазан күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария етті. Оны теледидардан ұйып тыңдадық, бірауыздан қолдау таныттық. Жолдау халықтың жай-күйін тебірентіп жүрген түйткілді мәселелерді толық қамтыды. Мемлекет басшысының әрбір Үндеулері, Жолдаулары мен бастамалары халықтың интеллектуалдық әлеуеті, әлеуметтік деңгейі, тұрмыс жағдайы мен көңіл-күйін көтеруге арналып келеді.

«Біздің балалар – әуенің балалары» деп атап өткен Елбасы, алдағы бес жыл ішінде отандық білім мен ғылымды дамытуға, оның жетістіктерін өмірге ендіруге көңіл бөлу қажеттілігін айта келе мектепке дейінгі білім беру мәселесін өзекті деп айқындады. Балабақшалардағы қызметкерлердің еңбекақысын көтеру мен әдістемелік бағдарламалардың тетігін жөнге келтіруді ұсынды.

«Ұстаз мәртебесі туралы» заңның қабылдануын ұсынған Елбасының бұл бастамасы – Мұғалімдер күніне орай ұстаздарға деген бір құрметі деп түсінеміз. Еліміздегі жоғары оқу орындарының білім беру сапасын таразыға салуды бұйырған Елбасы мұғалімдердің мәртебесін көтеруді алға тартты.

Келесі, 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауы, олардың бойындағы азаттық рухтың биіктеуі, ұлтына, елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін арттыратыны ақиқат. Елбасының «Өз еліңді танып біл» жобасын қолға алуы өлкетану жұмыстарын жаңғыртуға сара жол ашты. Тарих, мәдениет және табиғат ескерткіштерін зерделеп, өлкенің экологиялық мәдениетін, өз жерінің табиғатын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл тарихшылар үшін үлкен жауапкершілік деп білеміз.

Президенттің халыққа Жолдауындағы тапсырмалар мен міндеттерді әрбір қазақстандық азамат жете түсінсе, ел дамуына түйірдей болса да үлес қосар патриот азаматтар көбейетіні сөзсіз.

Ақнұр ОРАЛОВА,

тарих ғылымының магистрі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *