«БІРЛІГІ ЖАҚСЫНЫҢ ТІРЛІГІ ТАПШЫ БОЛМАЙДЫ»

Саясат
556 Views

Ширек ғасыр ішінде Елбасы Қазақстан халқын бірлікті ту ете отырып, тізе қосып дамуға, бүгінгі ұрпақты тәуелсіздігіміздің баянды, әрі мәңгілік ету жолында қызмет етуге шақырды. Біз, Шымкент қалалық Қазақстан халқыАссамблеясының қанатының астындағы барша этномәдени бірлестіктер Қазақстанхалқы Ассамблеясының сессиясына мақұлданған әрі барша қазақстандықтар тарапынан қолдау тапқан «Мәңгілік Ел» ел идеясынан туындаған «Мәңгілік Ел» патриоттықАктісін негізге ала отырып, Тәуелсіздік табыстарын арттырып, Мәңгілік Ел құружолында бірігеміз.

Халқымыздың меймандостық, бауырластық, еңбеккерлік дәстүрлерін үздіксіз жалғап, салт-сананың сарқылмас бұлағы болған оңтүстік жұртшылығы Болашағы Біртұтас Елдің берік іргесі болып қалануға әрдайым әзір.

Біз, шуақты өлкенің елжанды ұрпақтары, Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізілген саясатты қолдай отырып, Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістігі – жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға бір кісідей үлес қосамыз деп сендіреміз.

Өткенін – ғибрат, болашағын – баянды еткен Қазақстан халқы Елбасы ұсынған Ұлт жоспарында белгіленген межелерді нәтижелі іске асыруға және «Біртектілік пен бірлік» деп аталатын төртінші бағытты орындауға біріге жұмыламыз.

Біз, Шымкент қаласында этномәдени бірлестіктердің басын біріктіріп отырған «Ынтымақ» этносаралық мәдени орталығының өкілдері, тарихи сабақтастыққа негізделген «Мәңгілік Ел» патриоттары қабылдаған Жеті тұғырды келешегімізді кемелдейтін бағдар етіп айқындадық. Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі және астанасы. Екінші — бұл қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Үшінші, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият. Төртінші, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім. Бесінші, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Алтыншы, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Жетінші, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Жасампаздық пен жетістіктің Жеті тұғыры әрқайсысымыз үшін ең қымбат ақиқаттар – отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік пен ертеңге күнге деген сенім ұғымдарын ұстануға үндейді. Осы қарапайым қағидаттарды әр отбасыда ұрпақ тәрбиелеудің ұстыны етуге үгіттейді.

Баршаларыңызды Ұлы Даланың ұлағатын үлгі тұтып, Біртұтас Еліміз – «Мәңгілік Елге» бастайтын қастерлі құндылықтарын сақтап, еселеуге шақырамын.

Халқымызда «Бірлігі жақсының тірлігі тапшы болмайды» деген сөз бар. Сондықтан ынтымағымыздың шынайы, бірлігіміздің баянды болуы әрбірімізге тікелей байланысты. Қазақстан халқы Ассамблеясының аясына топтасқан түрлі ұлт өкілдері қоғамдағы елдігімізді танытар игі бастамалардың барлығына атсалысып, қолдау танытуда.

Ендеше, ынтымағы ырысты, бірлігі бекем оңтүстік жұртшылығы «Мәңгілік Елдің» мерейлі міндеттерін бірауыздан қолдап, егемен еліміздің тұғырлы татулығын арттыру бағытында жұмыс жасайық.

«Ынтымақ» этномәдени бірлестігі бүгінгі таңда қаламыздағы 17 этномәдени бірлестіктерімен бірге қоғамдағы бірлік пен татулықты, қоғамдық келісімді сақтауға өз үлесін қосып келеді. «Ынтымақ» этномәдени бірлестігінің негізін қалаған аға-апаларымыздың есімін үлкен ілтипатпен атап өткім келеді. Ең алдымен «Қазақ тілі» қоғамы болып ашылған «Ынтымақ» этномәдени бірлестігін алғаш басқарған Егембердиев ағамыз болды. Одан кейін Құрмет орденінің иегері, қоғам қайраткері Лиза Баянқұлова 1995-2013 жылдары басқарып, өзіне міндеттелген жұмыстарды аса жауапкершілікпен алып келді. 2013 жылдардан бастап осы «Ынтымақ» этномәдени бірлестігінің жұмысын алып жүру маған сеніп тапсырылды.

Біз осыған дейін еліміздегі татулық пен бірлікті, ынтымақты нығайта түсуге, қазақ халқының жанына өзге этностар мен ұлттарды ұйыстыра түсуге өз үлесімізді қосып келеміз. Бірлестікте осыған дейін қаншама жұмыстар атқарылды. Өзге ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтай отырып, өз салтымызды кеңінен насихаттап, оны сыйлап-құрметтеуге бір кісідей атсалысып келеміз.

Сонымен қатар, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық жадымыздың жаңғырту үшін «Көркем әжелер» тобымен бірге, сондай-ақ, Шымкент қаласы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығымен бірлесе бейнероликтер түсірілді. Мұнда қазақтың байырғы жөн-жоралғы, ырым-тыйымдары бейнеленген.

Гаухар ТӨЛЕПОВА,

«Шымкент қалалық

«Ынтымақ» этносаралық

мәдени орталығының төрайымы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *