«ДАМУ» ҚОРЫ ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУДЕ

Қоғам
586 Views

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен басымдық берілген жобаларды несиелеу механизмі бойынша іс-шара өтті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қолайлы бизнес орта қалыптастыру арқылы ел экономикасында оның үлесін ұлғайтуға үнемі көңіл бөліп келеді. «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті жаппай дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» – соның айғағы.

Қолжетімді несие механизмі жеке кәсіпкерлік субьектілері, соның ішінде экономиканың Қазақстан өңірлері үшін басымдық берілген салаларындағы жобалардың дамуына серпін береді. Осы бағытта жобаның негізгі артықшылығы – шағын, орта және ірі кәсіпкерлермен жұмыс жасау. Кез келген жүзеге асырылатын жобалар үшін берілетін жалпы максималды сомасы шектелмеген. Инвестицияны қаржыны толықтыру мақсатында да алуға болады. Жалпы алынатын қаржылық несиенің мөлшері 15 пайыздан аспауы керек. Соның ішінде 8 пайызын жеке кәсіпкердің өзі төлесе, ал қалған бөлігін, яғни 7 пайызын «Даму» қоры арқылы субсидиялауға болады. Бұл жерде қайта қаржыландыру қарастырылмағанын ескерте кеткеніміз жөн.

Екінші деңгейлі банктер, Ұлттық банк пен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есебінен жалпы құны 600 миллиард теңге соманы құрайтын, сырттан тартылған және банктердің өз қаражаты келесі бағыттар бойынша басымдық берілген жобаларды қаржыландыруға бағытталған. Ол үш бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Бірінші, агроөнеркәсіптік кешен – күрделі құрылым. Олардың негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы өндіреді. Еліміздің экономикалық дамуында агроөнеркәсіптік кешеннің маңызы зор. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп қана қоймай, оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін тұтынушы халыққа өз мерзімінде жеткізуді қамтамасыз ету керек. Сол себепті ауыл шаруашылығының қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасын тікелей байланыстырып отыратын агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды. Оның негізгі мақсаты – халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті қажетті шикізатпен қамтамасыз ету. Осының барлығын ескеріп агроөнеркәсіп кешеніндегі өңдеуге – 100 миллиард теңге қаржы бөлінді.

Екінші, агроөнеркәсіп кешеніндегі өндіріске – 100 миллиард теңге қарастырылып отыр.

Үшінші, мемлекет өнеркәсібінің тиімділігі әлемдік стандартқа сай емес. Айталық, Қазақстанда 1 доллар жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) шығару үшін 2,8 кВт-сағ қуат жұмсалса, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 0,2-1,2 кВт-сағ шамасында. Мұның басты себебі: көптеген кәсіпорындар шикізатты бастапқы өңдеумен ғана айналысады, ал шикізатты ақырғы өнімге дейін өңдейтін кәсіпорындар аз. Сондай-ақ әлемдік деңгейдегі озық технологиялар да жоқтың қасы. Сол себепті де өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласы негізгі құралды құруға, жаңалауға және жаңасын сатып алуға – 400 миллиард теңге үйлестірілген. Ал жобаларды «Даму» қоры арқылы субсидиялау қажет болған жағдайда тек өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету және агроөнеркәсіп кешеніндегі өңдеу саласындағы жобаларға ғана қатысты берілетін болады. Бұл жобалардың барлығы «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының қазіргі кездегі талаптарына сай келуі керек.

Екінші деңгейлі банктерге (ЕДБ) қаржы салудың негізгі талаптары: ЕДБ өз капиталының ең төменгі шегі – кем дегенде 60 миллиард теңгені құрауы тиіс. Берілген несиенің жалпы сомасынан кем дегенде 17 пайызы шағын, орта бизнес (ШОБ) жобаларын қаржыландыруға жұмсалады.

Кәсіпкерлерді қаржыландыруда қойылатын негізгі талаптар бар. Борышкерлер несиесінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылына 15 пайызға дейін болуы қажет. Субсидия көлемі – номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 7 пайызын құрайтын болады. Бір борышкерге берілетін лимит – шексіз. Инвестиция үшін алынған несиені субсидиялау мерзімі Сізге 7 жылға дейін созылатын болады.

Қаржыландыруда қайта қалпына келетін негіздегі айналым қаражатын толықтыруға беріледі. Әңгіменің төркіні несиеге келіп тірелгенде көпшіліктің көңілін күпті ететіні – оған қойылатын кепілдік. Несие алу үшін кез келген жылжымайтын мүлік (үй, қора-жай, қаладағы пәтер, автокөлік), мал, шаруа қожалығының жер телімі кепілдікке жарайды.

Кәсіпкерлікті дамыту бойынша жан-жақты ақпаратты Сіздер «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамның аймақтық филиалдарынан ала аласыздар.

«Әділет-ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *