ДАНАТ ЖУМИН АШЫҚ ПІКІР АЛМАСУҒА ШАҚЫРУДА

Қоғам
736 Views

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин – өзінің жаңашыл ұсыныстарымен елге танылып жүрген басшы. Оның әлеуметтік желілер арқылы қала тұрғындарын ашық пікір алмасуға шақыруы халық пен билік арасындағы алтын көпір болары даусыз. Жуырда ол «Facebook» парақшасындағы жариялаған постында көкейде жүрген сыбайлас жемқорлық бойынша екі сауалға нақты жауап беруді тұрғындардан сұрап, егер «иә» деген нұсқаға тоқтаса жеке парақшасына жазып, кейіннен кездесуді ұсынған.

Д.Жуминнің пайымдауынша сыбайлас жемқорлық фактілерімен жиі ұшырасатын үш сала бар. Олар: полиция, денсаулық сақтау, білім беру салалары. Мұндай қорытындыға әкімдік басшылары, полиция департаменті, мемлекеттік қызмет істері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросы, «Атамекен» аумақтық Палатасы мүшелері мен сарапшылар қатысқан BRAINSTORMING кезінде айтылған, жинақталған ақпараттар негізінде келген. Осы орайда қала әкімінің орынбасары Д. Жумин жалпы жұртқа екі сұрақ қойып отыр.

Бірінші: «Сіз біздің жоғарыдағы қорытындымызбен келісесіз бе?»

Екінші: «Сіз жеке өзіңіз қаладағы полиция, денсаулық сақтау, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жобасына қатысуға дайынсыз ба?»

Біз әділетті жақтаушы басылым ретінде жаңашыл басшы Д. Жуминнің оң бастамасын қолдауға, заманымыздың ауыр індеті – сыбайлас жемқорлықпен күресте белсенділік таны-туға, азаматтық ұстанымын жария түрде көрсетуге барша шымкенттіктерді үндейміз. Бастама жақсы, бүкіл ел болып жариялы түрде қолдасақ, жемқорлық сынды жегіқұрттан қоғамды арылтуға қосқан үлесіміз болары анық, ағайын! Базбіреулер Д. Жуминді әкімнің «пиарщигі» деп жүрген жағдайлары бар. Ал, біз оны әлемді таныған білікті басшы, болашағынан үлкен үміт күттіретін мемлекеттік лауазымды қызметкер қырынан білеміз, жоғары бағалаймыз.

Біз ел мүддесіне еңбек ететін осындай келелі мәселелерде әрқашан ақпараттық қолдау көрсетуге әзірміз.

«Әділет – ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *