Д. МАҚАЖАНОВ – КЕНТАУҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Билік
983 Views

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің өкімімен Дәурен Сәбитұлы Мақажанов Кентау қаласының әкімі болып тағайындалды. Ол 1980 жылы Кентауда дүниеге келген. 2001 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-менеджер», 2007 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «қаржы магистрі» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппаратында бас маман болып бастаған. 2001-2009 жылдары «Қазкоммерцбанк», «АТФ банк», «Альянс банк» акционерлік қоғамдары екінші деңгейлі банктерінде басшылық қызметте болды. 2009-2015 жылдары «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры», «ҚазАгроҚаржы», «Қазагро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамында төраға орынбасары, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамында басқарма төрағасы міндетін атқарды. «Агрофуд Береке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары лауазымында болған. Бүгінгі күнге дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *