«ЕЛБАСЫ ЖОЛЫМЕН»

Қоғам
1 550 Views

Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ.

Елдің бірлігімен тұтастығына нақты қазық болатын екі буын. Көнекөз қариялармен, келешегі бар елдің тізгінін ұстауға жарар жастар. Алдыңғы буын сол жастарға тарихты жеткізіп, түсіндіре алғаны бір ғанибет. Елбасы айтқандай: «Өткен жолын жетік білетін қауым, алар асуын да айқын елестете алады».

Біз, Елбасы сыныптастары мен курстастары кейінгі екі ғасырды қамтып өмір сүріп келеміз. Сол алдыңғы буынға есеп болатындай жасқа жеткен сияқтымыз. Тұңғыш Елбасымыздың XX ғасырды халқымыздың қасіретке толы дәуірі болды дегені ақиқат. Дегенмен, тарих тек ақтаңдақтардан тұрмайды, жетістіктерде болды. Нағыз ұлттық жаңғыру бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке жетіп, Елбасының стратегиясының негізінде басталды. Басты идея – болашақ пен өткенді үйлестіріп, «Озығын алып, тозығын тастау» негізінде сабақтастырылады.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» ойтолғанысында және жастарды қолдап, ғаламдық жетістіктерді өзімізге әкелу арқылы жаһандық дамуда өз үлесімізді алу, жастарға табыстау болар. Бірақ тәрбие түзелмей, жастардың санасына сапалы білім сіңіру де қиын. Сондықтан ұлттық бітім-болмысымызды, салт-дәстүр, діни тәрбиені, діл, тін, адамгершілік мәселелерін түбегейлі сақтап қалу aca маңызды. Жастар тәрбиесіне отбасының ықпалы мол. Түрлі діни ағымның кері жетегінде жүрген түсінбеушіліктерде көп.

«Ділі мұсылман болмаса, тілі мұсылманнан не пайда?» – деп Бұқар жырау айтпады ма. Сонымен қатар еліміздегі аз ұлттар мен ұлыстардың, тілін, дінін кемсітіп, ұлттық ерекшеліктерін аяққа таптап, құрдымға жіберуге болмайтынын да жастар түсіну керек.Міне, осы саясатты /ілімді/ ту етіп ұстап, Елбасының:

«Біздің жастарымыз Отанға адалдықпен, оны қорғауға әзір болуы жөнінен бабаларынан және аталарынан өнеге алса игі» – деген сөзін маңдайалды етіп, жастарға жүйелі түрде насихаттау жолында тәрбие мәселесінің өзектілігін аңғара отырып, біз, Елбасы сыныптастары мен курстастары «Елбасы жолымен» деген ұранмен көптеген іс-шаралар өткізудеміз.

Жобасының алғашқысын Нұрсұлтан Әбішұлымен бірге оқыған Қаскелеңдегі Абай атындағы мектеп-гимназиясынан бастадық. 2018 жылы 25 мамырда мектептің «Соңғы қоңырау» мерекесін де өткіздік. Өзіміз оқып кәмелеттік аттестат алған мектеп ғимараты, қазіргі Қарасай аудандық өлкетану музейінде «Сыныптастар сыр шертеді» деген тақырыпта өтті. Елбасының кіндік қаны тамған Шамалған ауылында мектеп босағасын алғаш аттағанда Фурманов атында болған қазіргі Қарасай атындағы мектеп оқушыларымен сұхбат және тарихы жаңа ғана басталған Шамалғандағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасының «Атамекен, тарихи-мәдени» орталығында жастармен кездесу өтті.

Алматы қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен, студенттермен кездесу-сұхбат өтті. 2019 жылы 2 сәуірде Елбасы Шамалған ауылында бұқара халықпен кездесіп, содан Қаскелеңдегі сыныптастарымен мектепте оқыған балалық шақтарын еске алып, көңілді де әсерлі отырыс болды. 8-10 сәуірде Шымкент қалалық әкімдігінің шақыруымен Шымкент, Түркістан қалалары, Отырар ауданында жастармен кездесулер ұйымдастырылды. Осындай құрметті іс-шараларды ұйымдастырып өткізген Алматы облыстық әкімдігі (әкімі – Амандық Ғаббасұлы Баталов), Қарасай ауданының әкімдігі (әкімі – Жандарбек Ермекұлы Далабаев), Шымкент қаласының әкімдігі (әкімі – Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахимов) Елбасы сыныптастары — курстастары, ұйымы атынан ризашылығымызды білдіреміз. Қызметтеріне оң ic, дендеріне саулық тілейміз! Ізгілікті де игілікті іс-шаралардың басы-қасында ұйымдастырып, басқарып жүрген Иманғожин Отжанұлы Жәнібекке алғыс айтамыз.

Елбасы сыныптастар-курстастар ұйымының атынан

Рая СИРАЗИТДИНОВА (Рабис),

сыныптасы Бақытжан СЕРТЕКОВ,

Елбасы кластастары-курстастары

ұйымының іс басқарушысы.

Алматы қаласы, Әйтеке би к-сі 198/61.

87774678718, 87014724774, 379-04-11.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *