ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ – НАРЫҚ ЗАМАНЫНЫҢ ТАЛАБЫ

Қоғам
879 Views

Еңбек көші-қоны – Қазақстанда өте өзекті тақырыпқа айналған. Бұл елдің экономикалық деңгейінің өсуімен тікелей байланысты. Осының салдары ішкі еңбекнарығында жұмыс күшінің жетіспеуі және оны шетелден тарту қажеттілігі болыптабылады. Бұл құбылыстың оң және теріс жақтары бар. Бір жағынан біздің еліміз республикаға қосымша жұмыс күшін тартса, ал олардың жетіспеушілігі біздің елде адам ресурстарының табиғи шектеулігіне байланысты өткір сезіледі. Екіншіжағынан реттелмейтін еңбек көші-қоны «көлеңкелі» экономиканың, қылмыстың, әсіресе ұйымдасқан қылмыстың, атап айтқанда, адам саудасының өсутәуекелдерін алып келеді. Осындай мәселелердің алдын алу мақсатында қаламыздаеңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы жұмыс істеп келеді. Осыған орайШымкент қаласы әкімдігінде брифинг болып өтті.

Аталған басқарманың басшысы, бас мемлекеттік еңбек инспекторы Бауыржан Ахметәліұлы Қалжановтың қатысуымен өткен жиында басқарманың ағымдағы жылдың алғашқы алты айында атқарылған жұмыстары талқыланды.

«Өздеріңізге белгілі, Ережеге сәйкес басқарма негізгі екі бағытта жұмыс жасайды. ҚР Еңбек кодексінде қарастырылғандай жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы еңбек қатынастарын реттеу, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғап, жалақы қарыздарын анықтап, төлету шараларын қарастыру, еңбек даулары мен шиеленістердің алдын алу және «Халықтың көші-қоны туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарына сәйкес жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тарту және этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру болып табылады.

Шымкент қаласының еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы еліміздің Бас прокуратурасының бірыңғай жүйесіне енгізіліп, 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап қаланың кәсіпорындары мен мекемелерінде ҚР еңбек заңнамасының сақталуын бақылау жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде тиісті іс-шаралар жүргізуде», – деген Бауыржан Қалжанов еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау бойынша жүргізілген шараларға да тоқталып өтті.

Биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан барлығы 152 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 131 заң бұзушылық анықталған.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша 68 нұсқама беріліп, еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 5,4 млн. теңге көлемінде 40 айыппұл салына отырып, жалпы 110 жұмыскердің 10,2 миллион теңге жалақы қарыздары мен пайдаланылмаған жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарының күндері үшін өтемақы төлемдері өндірілген. Сонымен қатар салынған айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіру үшін сот орындаушыларға өткізіліп, олар тиісті жұмыстарын атқаруда.

«Биыл 23 жазатайым оқиға салдарынан 24 адам зардап шегіп, соның үшеуі қайтыс болды. Бір топтық жазатайым оқиға нәтижесінде екі адам зардап шеккен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» №790 Қаулысына сәйкес Шымкент қаласының 2018-2020 жылдарға арналған мақсаттық индикаторлардың Өндірістік жарақаттану деңгейі 2019 жылдың соңына дейін – 0,32 пайыз болып бекітілген. Бүгінгі күнге орындалу көрсеткіші – 0,08 пайызды көрсетіп отыр», – деді басқарма басшысы.

Жүргізілген тексеру материалдары процесуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданған.

Бірнеше жылдан бері жалақы қарыздарын өтемей келген төрт кәсіпорынның 23 жұмыскер алдындағы 16,7 миллион теңге көлеміндегі жалақысы толығымен өтеліп, соған байланысты тиісті жұмыстар жасалған. Еңбек шартының заңсыз бұзылу жағдайы бойынша үш жұмыскер қайта өз жұмыстарына орналастырылған.

Қаладағы жалақысы төмен жұмысшылардың айлық табысын көтеру жұмысына тоқталған Бауыржан Ахметәліұлы:

– ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қазақстандықтардың ең төменгі жалақысын біржарым есеге, яғни 28 мың теңгеден 42,5 мың теңгеге дейін арттыру тапсырмасын іске асыру мақсатында қаламызда жедел түрде жалақысы төмен жұмысшылардың жалақысын көтеру жұмысына мониторинг жүргізу жөніндегі штаб құрылған. 70-тен астам ірі және орта кәсіпорын өкілдерінің қатысуымен кездесулер өткізілді, – деді.

Статистика департаментінің мәліметінше, қалада 143 ірі, 341 орта, 20 264 шағын, жалпы – 20 748 кәсіпорын өз жұмысын жүйелі түрде жалғастыруда.

Басқарма тарапынан атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ірі, орта, шағын 261 кәсіпорында 16 722 жұмысшының жалақысы орта есеппен 22 пайызға өскен.

Сонымен қатар жиында мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде қызметкерлердің жалақысын биылғы жылдың маусым айынан бастап көтеру жоспарланғаны да айтылды.

Комиссия отырысында жалақы қарыздары, өндірістік жарақаттың алдын алу, жұмысшыларға қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын азайту, еңбек дауларын болдырмау, алдын алу және жазатайым оқиғаларға алып келетін негізгі себептер талқыланған Шымкент қаласы әкімдігімен «Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасымен бірге Шымкент қаласының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия құрылып, бүгінгі таңға дейін алты отырыс өткізілген.

«Ағымдағы жылға жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тартуына 2 145 бірлік квота бөлінді. Бөлінген квота негізінде 39 кәсіпорын мен ұйымда 557 шетел азаматына рұқсат беріліп, 18 991 ҚР азаматтары жұмыс жасауда. Қазақстандықтарды жұмыспен қамту үлесі – 97,1 пайызды құрайды. Ал шетелден тартылған жұмыс күшінің 89,5 пайызын білікті мамандар құрайды», – деген басқарма басшысы этникалық қазақтардың көшіп келуі бойынша да ақпарат беріп өтті.

Елбасының 2019 жылғы 16 наурыздағы қауіпсіздік кеңесіндегі этникалық қазақтардың проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі тапсырмасымен бір реттік акциясы ретінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу мақсатында 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім қабылданып, соның негізінде бір реттік жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алу үшін 159 отбасы 260 адамға оралман мәртебесі ұзартылған. Сонымен қатар 2019 жылғы 20 мамырдағы Шымкент қаласы әкімінің №420 Қаулысына сәйкес Шымкент қаласы әкімдігінің оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласы еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басқаруына өткен болатын.

«Аталған орталық ақпараттық-анықтамалық қызметтерді ұсыну, мемлекеттік тілді, қалауы бойынша орыс тілін үйрету, Қазақстан Республикасының тарихын, мәдениетін және дәстүрлерін, заңнамалық негіздерге және шағын бизнес ашу курстарын өткізу, әртүрлі мәдени шаралар өткізу, құқықтық көмек көрсету, аударма бойынша қызмет ұсыну, жұмысқа орналастыруда, кәсіби даярлауда, қайта даярлауда және біліктілігін арттыруда көмек көрсету, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға, Қазақстан азаматтығын алу және құжаттандыру мәселелеріне жәрдемдесу қызметтерін жүзеге асырады. Бүгінгі таңда орталықта 22 отбасынан келген 50 адам қоныстанып, бейімдеуден өтуде»,– деп Бауыржан Қалжанов оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығының атқаратын қызметіне тереңінен тоқталды.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласының еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы 2018 жылдың 18 шілдесінде құрылған болатын. Осылайша олар бір жыл ішінде бірталай тірлік істеп үлгерген.

А.СӘКЕНҚЫЗЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *