ЖАЗЫЛҒАН ЖАЙҒА ЖАУАП…

Қоғам
507 Views

Газеттің 2021.01.22 күнгі №2 (117) санында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың, Бас прокуроры Ғ.Д.Нұрдәулетовтің және Мәжілісі төрағасы Н.З.Нығматулиннің назарына бағытталған А.Күмісбектің «Архивтік ақиқат» мақаласыжарияланған болатын.

Онда автор өзінің саяси сенімдері бойынша Бразилияға кетуге рұқсат сұрап жазған заңды арызы үшін, КСРО мен оның құрамындағы Қазақ КСР үкіметінің құрылымдық бөлімдері ол арызын қарамау әрі жауап қайтармау үшін медицинаның психиатриялық қызметін қарсы қолданғаны, оның салдары мен зардаптары туралы деректемелік мағлұматтар келтірген.

Оған тікелей және жанама түрде қатыстары болғанмемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың лауазымды қызметкерлерінің аты-жөндерін нақты көрсеткен. Кінәлі деп есептеген дәрігер-психиатрларға ар-намысты қорғау және шеккен моральдық зиянды өтету туралы талап арыздарынқараған Шымкент қаласының Дзержинский, әл-Фараби аудандық соты 1991.08.19,1993.09.23 және 2001.11.02 күндері қанағаттандырған. Олардың соңғы екеуі заңдыкүшіне енген және бұзылмаған.

Сондай солақай саясаттың салдарынан КСРО, Қазақ КСР-ы мен Оңтүстік Қазақстан облысында 1988-1989 жылдары психоневрологиялық диспансерлер (әрі қарай мәтін бойынша «ПНД») есебінде тұратын, емделетін, әлеуметтік-қоғамдық қауіпті адамдар ретінде динамикалық бақылауға алынған, солардың қатарында негізсіз психикалық диагноз(дар) қойылған, «өзгеше ойлайтындар» мен «диссидент» атанғандар болуы мүмкін дегендердің сандық және пайыздық мөлшерін есептеп шығарған.

ҚР «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңының 1,3-баптарына толықтыру енгізуді ұсынған.

Автордың аталған мақаласында көтерген саяси-құқықтық және психиатриялық қуғын-сүргінге қатысты пікірлері мен ұсыныстары республикалық «Әділет.Рухани жаңғыру» қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық газетінің 2010.05.27 күнгі №2 (02) санында «Идея үшін – біреулер өлді, біреулер өлтірді, біреулер…»,– атты және одан бергі кезеңдерде де бірнеше мақалалары жарияланған болатын. Бірақ, оларға мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар тарапынан саяси-құқықтық қолдау көрсеткен немесе қарсы «реакция» (С.И.Ожеговтың, Ғ.Ғ.Мұсабаевтың сөздіктерін және Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен шығарылған «Қазақ әдеби тілі сөздігінің» жинағын қараңыз) болмаған.

Сондықтан, тағы да солай болуы мүмкіндігін ескеріп, автордың «Архивтік ақиқат» атты мақаласын мемлекеттің республикалық басшыларына жолдап, қосымша Түркістан облысы мен Шымкент қаласының әкімдіктеріне нақты «ұсыныстар» жасаған едік.

Солардың негізінде редакцияға және А.Күмісбектің өзінің арыздарына байланысты берілген жауаптардан:

1. ҚР Президенті аппаратының өтінішті ҚР Білім және Ғылым министрлігіне жолдағаны;

2. ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Н.Тәжмағанбетованың хатты ҚР Білім және Ғылым министрлігіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысшы органына жібергені;

3. ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, фракция басшысы, «Ақ жол» партиясының төрағасы А.Перуашевтың ҚР Әділет министрлігіне жолдағаны, ал оның жасалған «ұсынысты» Заңға ендіруді «мемлекеттік комиссия» жүзеге асыратыны туралы түсіндіргені (19.02.2021 жылы №1-12/жт-к-873) белгілі болды.

Ал, ҚР Бас прокуроры Ғ.Д.Нұрдәулетов пен Мемлекеттік хатшы, мемлекеттік комиссияның төрағасы К.Көшербаев тарапынан қазірше ешқандай саяси-құқықтық және ұйымдық «реакция» болмай тұр. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының әкімдіктері туралы да дәл осындай жорамал жасаудамыз.

Қалай болғанда да қазақ халқының: «Бітер істің басына, жақсы келер қасына»,– дегеніндей, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың аталған Жарлығын қолдайтын жаны жайсаң, жақсы жандардың күннен-күнге арта түсіп, Заңмен қамтылмаған, саяси-құқықтық және психиатриялық қудалаудың А.Күмісбек архивтік айғақ келтіргендей, құпияландырылған «ерекше» санаты ашылып, тарихи әділдіктің орнығып, бір қайырлы істің толық бітеріне кәміл сенімдеміз.

А.СӘКЕНҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *