ЖАНКҮЙЕРЛЕРДІ ЖАҢЫЛЫСТЫРАТЫН ЖАРНАМА

Спорт
836 Views

Шымкенттік «Ордабасы» кәсіби футбол клубы өздерінің жарнамасын жарытпайжүр. Қажымұқан атындағы Орталық стадионнан басқа жерден олардың қашан және қайкомандамен ойнайтынын білу қиын. Жартымды жарнама болмағаннан кейін іс оңа ма?! Жанкүйер қауым қай күні стадионға барарын білмей, дал болып жүр.

Сіз оны айтасыз, «Қиял әлемі» саябағының оң қапталындағы бұрылыста, яғни Республика даңғылы мен Асқаров көшелерінің қиылысындағы көпшілікке арналған скамейканың арқа жағына «Ордабасының» 2016 жылғы құрамы мен ойын кестесі жазылған жарнамалық тақтайша жайғасқан. Міне, сол жарнамалық тақтайша үш жарым жылдан бері өзгермей тұр. Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Ордабасы» кәсіби футбол клубы мен Қажымұқан атындағы Орталық стадион басшылығы жанкүйерлерді жаңылыстыратын әлгі жарнамалық тақтайшаны ауыстыруды ойланатын түрі жоқ. Сол себепті бұл үш ұжымға дәл сол, тағы басқа көпшілік баратын орындарға «Ордабасының» биылғы жаңа құрамы мен үшінші айналымның ойын кестесін жазып көрсетіп қоюға кеңес берген болар едік.

Әбдісаттар ӘЛІП,

Спорт журналистері арасындағы республикалық шығармашылық конкурстың лауреаты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *