ЖАНЫҢЫЗ ЖӘННАТТЫҚ БОЛСЫН, БӘКЕ!

Өмір-өзен
719 Views

Түркістан облысы әкімінің аппараты қоғамдық-саяси сала мониторингі бөлімінің басшысы, мемлекеттік қызметті бел қайыса атқарған азамат Бақытжан Айдарханұлы Әшірбеков қапияда өмірден озды.

Бәкең адамгершілікті, арды алдыңғы орынға қоятын. Бойынан қарапайымдылық, жан-жағына деген жанашырлық, жылылық есіп тұратын. «Жеті өлшеп, бір кесетін», тереңнен ойлайтын қасиеті бар еді. Жастайынан еңбекқорлығы, қызметке деген адалдығы оны абыройлы етті, мінезінің бірқалыптылығы арқасында Шымкент қалалық, облыстық әкімдіктерде ортаға сыйлы, беделді болды. Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі, облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы секілді лауазымды қызметтерді артқарған жылдары да билік пен халықтың арасындағы қызмет пен сенімнің үдесінен шыға білді. Оның азаматтығын, досқа кеңпейілдігін, елжандылығын ұмытпаймыз!

Қош бол, Бәке! Алдыңыз пейіш, жаныңыз жәннаттық болсын! Артында қалған отбасына, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.

«Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің ұжымы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *