ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫС АЗАЙДЫ

Қоғам Құқық
821 Views

Бауыржан Кеңесбайұлы ЖҰМАБЕКОВ, Шымкент қаласы Полициядепартаментінің ЖПҚ аға инспекторы, полиция подполковнигі: ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫС АЗАЙДЫ

– Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында Шымкент қаласында жыл басынан бері қандай жұмыстар атқарылды?

– Жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алу бағытында ағымдағы жылы мақсатты «Жасөспірім» іс-шарасының 2-кезеңі, «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасының 2-кезеңі және «Абайлаңыз балалар» жедел профилактикалық іс-шаралары өткізілді. Сонымен қатар, түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған және ата-анасының бақылауынсыз көшеде жүрген балаларды ерте бастан анықтау, ата-аналарына тапсыру бойынша түнгі іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

– Елдегі карантин режимінде балалардың құқығы қалай қорғалып жатыр? Қоғамда баланың отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшырамауының алдын алу үшін қандай шаралар атқарылуда?

– Жалпы елімізде балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету жұмыстары басты назарға алынған.

Ювеналды полиция инспекторлары 2020-2021 оқу жылында күнделікті таңертеңгі, түскі және кешкі уақытта білім беру ұйымдарының аумағында орналасқан жаяу жүргіншілер жолағында қызмет атқарып, оқушылардың оқу-сабағына қауіпсіз келіп кетуін қамтамасыз етті.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына бекітілген мектеп инспекторлары, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, қоғамдық орындарда, саябақтарда, көшелерде жүргенде және бөтен адамдармен қарым-қатынас кезінде өзін қалай ұстау керектігі туралы оқушылармен кездесулер өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Баланың отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшырамауының алдын алу мақсатында бала тәрбиесіне немқұрайды қарайтын отбасыларды анықтау бойынша ювеналды полиция инспекторлары және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары әкімшілік аумақты аралау жұмыстарын жүргізуде.

– Кейінгі кезде қалада кәмелет жасқа толмаған балалардың жоғалып кетуі жиіледі. Оның себебі не?.. Ата-ананың қадағалаусыздығы ма, әлде балаға төнетін қауіпті факторлар жиі қылаң бере ме?

– Кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігі мектеп қабырғасындағы шарумен ғана шектелмейді. Көшеде, қоғамдық орындарда тіпті демалыс кезінде де оқушыларды бақылау қажет.Теріс жолға түспеу үшін тәрбие беру керек. Осы мақсатта білім басқармасы ата-аналар және өкілетті органдармен бірлесе жұмыс істеп жатыр.

– Баланың қылмысқа баруының түпкі себебі неде деп ойлайсыз?

– Түрлі жағдайлар себеп болады. Осы орайда,жасөспірімдердің қылмысқа баруының себептерінің бірі, олардың нақты бір мақсат-мүддесінің жоқтығы. Сонымен қатар, ата-аналардың көпшілігі жұмысбастылық салдарынан балаларына жеткілікті көңіл бөлмейтіндігін атап өтуге болады.

– Қалада жасөспірімдердің көбінесе қандай қылмыстарға баруы жиі орын алады?

– Жасөспірімдермен орын алатын қылмыстардың басым бөлігі – ұрлық қылмыстары болып келеді.

– Балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қандай профилактикалық жұмыстар жүргізілді?

– Жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алу бағытында ағымдағы жылы мақсатты «Жасөспірім» іс-шарасының 2-кезеңі, «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасының 2-кезеңі және «Абайлаңыз, балалар» жедел профилактикалық іс-шаралары өткізілді.

Сонымен қатар, түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған және ата-анасының бақылауынсыз көшеде жүрген балаларды ерте бастан анықтау, ата-аналарына тапсыру бойынша түнгі іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде, ағымдағы жылдың 6 ай көлемінде түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған 60 жасөспірім және түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 2223 жасөспірім анықталды.

Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде, ағымдағы жылдың 6 ай қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасындағы қылмыстар – 36,5 пайызға, немесе 74-тен 47-ге төмендеп отыр.

– Әңгімеңізге рахмет!

Меруерт МАҚАЖАН

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *