ЖАҢА ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН!

Қоғам
1 033 Views

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!

Құрметті шымкенттіктер!

Жаңа 2019 жылдарыңызбен!

2018 жыл еліміз үшін маңызды жетістіктерге толы болды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы халқымыздың тамыры терең мұрасын ұлықтаған, төл тарихымызға жаңа тыныс беретін бірегей бастама болса, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының әрбір қазақстандық үшін құнды­лығы ерекше. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуі, Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестік туралы Жергілікті Мәлімдемеге қол қоюы, Сириядағы Астана процесі жаһандық мәселелерді шешудегі Қазақстанның геосаяси рөлін күшейтуді, Қазақстанның Халықаралық абырой-беделін арттыруды көрсетеді. 2018 – экономиканы, саясатты және сананы динамикалық жаңарту жылы болуымен ерекшеленді. Жаңа «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы, «цифрлық дәуір» басталды, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін әлеуметтік жеңілдіктер жасалды. Астананың 20 жылдығын мерекелеу бүкіл ел үшін маңызды оқиға болды.

Өткен жылы облыстың және қаламыздың тарихындағы маңызды оқиғалардың жаңа парақтары ашылды. Бізге алғаш рет жаңа 2019 жылды республикалық маңызға ие, бір миллион тұрғыны бар қала мәртебесінде және жаңа облыс орталығы – киелі Түркістанда қарсы алу мүмкіндігі туды. Осы оқиғалар аясында біз қазақ мемлекеттілігін құрудың бастауында тұрған атақты билер – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би аттарының Сайрам — Өгем ұлттық паркінің үш тау шыңына берілгеніне куә болдық. Үстіміздегі жылы Шымкент қаласы тұрғындары үшін Арбаттың ашылуы тамаша сыйлық болды. Біздің Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті – Астана қаласының құрдасы. Университет өзінің 20 жылдық мерейтойын толағай табыстарымен қарсы алды. 2018 жылы университетке «Педагогика және психология», «Химия» мамандықтары бойынша докторанттар даярлауға ҚР БҒМ Мемлекеттік лицензиясы берілді. Бұл жоғары оқу орнына деген үлкен сенім мен Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті ұсынатын жоғары білім сапасын мойындау. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі 2018 жылғы мамандарды даярлаудың бағыттары мен деңгейлері бойынша Қазақстан Республикасының ЖОО қажет етілуінің ұлттық рейтингін анықтады. Біздің университет Қазақстан Республикасының ТОП-20 жоғары оқу орындарының бас рейтингісінің қатарына енді.

2018 жылдың қараша айында Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігімен «Ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қойды. Оның мақсаты – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және педагог кадрлардың біліктілігін арттыру саласындағы саясатты әзірлеу мен іске асыруда тараптардың өзара іс-қимылы, сондай-ақ екі елдің арасындағы ынтымақтастықты дамыту және қолдау болып табылады.

Университет ректоры ретінде жаңа 2019 жыл Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті тарихында маңызды мәселелер шешімін табатындығын атап көрсеткім келеді. Осы жылы оқу орнымызға университеттің негізін қалаушы, әлемге танылған академик Әбдімұса Мұратұлы Қуатбековтің есімі беріледі. Бұл шешімге тек отандық ғалымдар ғана емес, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің көрнекті ғалымдары, ғылыми орталықтар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері де қолдау көрсетті. Жылдың үздік студенттеріне академик Ә.Қуатбековтің атаулы шәкіртақысы беріледі. Жаңа 2019 жылы біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі іске асыру және оның «Ұлы даланың жеті қыры» қисынды жалғасы үшін барлық күшімізді шоғырландыруымыз қажет. 2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы болып жарияланды. Жастарды кешенді қолдау, оларды жаңа технологиялық тәртіпке дайындау – мемлекеттік саясаттың басымдығы болуға тиіс. Жаңа жылда әзірлеу және қабылдау белгіленген «Педагог мәртебесі туралы» заң ұлттық бірегейлікті, ұлттық кодты сақтауға тән көптілді, мәдениетаралық тұлғаны тәрбиелеуге сөзсіз оң әсер етеді.

2019 жыл атаулы және мерейтойлық күндерге бай: «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл, Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл, Ауғанстаннан кеңес әскерилерін шығарғанына 30 жыл, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясына Ленин сыйлығының берілгеніне 60 жыл, белгілі геолог, Қазақ КСР-нің тұңғыш академигі Қаныш Сәтпаевтың туғанына 120 жыл толды. Мәңгілік ел жалпыұлттық идеясымен біріктірілген жастар осы күндерге, осы оқиғаларға, еліміздің тарихындағы маңызды кезеңдерге арналған іс-шараларды өткізудің ең белсенді қатысушысы болуы тиіс. Бұл – уақыт пен ұрпақ байланыстылығын Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында: «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» деп атап көрсеткен.

Барлық қазақстандықтарға жан жылуын, отбасылық амандық, жаңа табыстар мен жаңа жетістіктер тілеймін! Жаңа жыл – бейбітшіліктің, жақсылық пен жасампаздықтың жылы болсын! Жаңа жылдарыңызбен!

Ізгі тілекпен,

Рабиға ҚУАТБЕКОВА,

Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің ректоры, профессор, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *