ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ…

Қоғам
1 218 Views

Мен, 2001 жылы 31 желтоқсанда Елордамыз Астанада дүние есігін аштым. Кішкене кезімнен өнерге деген қызығушылығым ерекше болды. 2008 жылдың қыркүйек айында алғаш рет мектеп табалдырығын аттадым. Сол күннен бастап би әлеміне де ендім. Міне, би үйірмесімен айналысып жүргеніме 11 жылдай уақыт болды. Би мен үшін ерекше өнер түрі. Би үйірмесінде барлық жаман көңіл-күйден арылып, жаным шат-шадыман күй кешеді. Би адамды тек қана билеуге емес, жауапкершілік пен сабырлылыққа үйретеді.

Ұстазым – Рахат Тәуіржан алғаш биге қатысқан кезімде икемім бар екенін айтты. Бұл сөз бойымдағы биге деген құштарлықты арттырды. Би үйренудің де, әдемі билеудің де өзіндік қиындықтары бар. Осы күнге дейін екінші әкемдей болып кеткен, қолынан келгенше бәрін үйреткен ардақты жан.

Көптеген Халықаралық байқаулардың жеңімпазы атандым. Мәселен,Түркияда өткен «IAF» Халықаралық байқаудың үш дүркін жеңімпазы болдым. Сонымен қатар Өзбекстан, Ресей елдерінде бірінші орынды иелендім. Бұл байқаулардың барлығы мен үшін үлкен тәжірибе және үлкен жеңістің бастамасы сынды. Би үйреніп жүрсем де сабағыма ерекше көңіл бөлемін.

Мектеп қабырғасының алғашқы күнінен бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне жақын болдым. Сөз өнеріне де би өнері сынды қатты құмарттым. Қазіргі кездегі арманым – журналистика факультетінің студенті болу. Арманымды мақсатыма айналдырып, сабақтарға айрықша дайындалудамын. Бұл – үлкен сынақ, сол сынақтан сүрінбей өту үшін үлкен дайындық керек. Келешекте би өнерін дамытуға үлес қоссам деймін. Қазақ журналистикасынан білім алып сөз құдіретін сезінген халықтың қызы ретінде белгілі қаламгер болуды армандаймын. Анам да маған үлкен үміт артады. Әке тілегін, ана үмітін ақтауды перзенттік борыш деп сезінемін. Анам жетістігіме риясыз көңілмен шаттанар күн де жақын деп үміттенемін.

Ақсәуле БАЙҒАЗЫ.

Астана қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *