ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН БҰЗУ ӘРЕКЕТТЕРІ ЖИІ ОРЫН АЛҒАН

Кездейсоқ жаңалықтар
816 Views

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

 іс-қимыл Ұлттық бюросының

ОҚО бойынша департамент

басшысының орынбасары

Ә. Жорабековке

 

«Әділет. Рухани жаңғыру»

газетінің редакциясына

 

ОҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан (бұдан әрі – Департамент) Сіздің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 17/5-3-2522 санды хатыңызбен жолданған «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің бас редакторы Захардин Қыстаубайұлының ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа жазған шағымына сәйкес «Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2017 жылғы 1 қаңтардан 2018 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңге 2018 жылғы 5 мамырдан бастап 2018 жылғы 31 мамыр аралығындағы мерзімде Шымкент қаласындағы шатқалдарды күтіп ұстау жұмыстары және 33 көшеге жарық шамдар орнату жұмыстарына бюджеттен бөлінген қаражаттардың пайдалануының ҚР заңнамалары нормаларының сақталуына аудиторлық іс-шара жүргізіліп, нәтижесімен 2018 жылғы 31 мамырдағы №94 аудиторлық есеп түзілді.

Аудиторлық іс-шара қорытындысымен төмендегі бұзушылықтар анықталды:

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығының 8-параграфында Сметалық құнын ұлғайтуды болжайтын жобаларды қарау және іріктеу тәртібі бойынша 110 тармағында «ЖСҚ-ны түзетуге немесе оған бекітілген ТЭН-де немесе БИЖ-дің үлгі жобасында көзделмеген, қосымша бюджет шығыстарына алып келетін қосымша құрамдауыштарды енгізуге байланысты БИЖ-дің сметалық құнын бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынысынсыз ұлғайтуға жол берілмейді, – деп көрсетілген болса да Шымкент қаласы Б. Бабашұлы, Сараями, Әмір Темір, Жол, Мұрат, Ақкөл, Өмішұлы, Қапал батыр, Дулатов, Хамза, Еламан, Саяжол, Уәлиханов, Әбдіразақов, № 65 орта мектебіне, Орманшы, С.Мұқанов, Текесу, Құрылысшылар, Жолан батыр, Жалын, Ғ.Әлібеков, Б.Садықұлы, Бауырластар, Жамауов, К.Цеткин, Н.Төреқұлов, Ж.Тәшенов, Ғ.Иляев, Ж.Аймауытов, Т.Рысқұлов, Елшібек батыр, Сайрам және Қ.Рысқұлбеков көшелерінің сыртқы электр жарықтандыру жүйелерінің құрылысы жұмыстарының жобалық- сметалық құжаттары бойынша 507418,0 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаттарына түзету енгізілген.

Сонымен қатар Шымкент қаласы Текесу, Төреқұлов, Тәшенов, Иляев, Аймауытов, Еламан, С.Әділбеков, Садықұлы, Жамауов көшелеріне сыртқы жарықтандыру жүйелері (түзету) құрылысы жұмыстары бойынша «АБИР» ЖШС-і тарапынан 5 296,7 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар орын алған.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-ІV Бюджет

кодексінің 97 бап, 6-тармағының және ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығының 215-тармағының 6-тармақшасының «мемлекеттік мекеме жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың берілуін, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметті растаудың дұрыстығын қамтамасыз етеді», – деген талабы сақталмай, 2017 жылы Шымкент қаласындағы Текесу, Төреқұлов, Тәшенов, Иляев, Аймауытов, Еламан, С.Әділбеков, Садықұлы, Жамауов көшелеріне сыртқы жарықтандыру жүйелері (түзету) құрылысы жұмыстары бойынша орындалмаған жұмыстардың жалпы құны 5296,7 мың теңге болып, Ф-№2 нысанындағы қабылдау актісімен рәсімделгендігі анықталды.

Шымкент қаласы Дулатов, Хамза, Бауырластар, Өмішұлы, Орманшы, С.Мұқанов, Құрылыс, Сайрам шағынауданындағы № 65 мектеп, Жолан батыр, Жалын, К.Цеткин көшелеріне сыртқы жарықтандыру жүйелерінің құрылысы (түзету) жұмыстары бойынша «Нұр ТАҢ-Строй» ЖШС-і 1613,4 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар орын алған.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-ІV Бюджет кодексінің 97 бап, 6-тармағының және ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығының 215-тармағының 6-тармақшасының, «мемлекеттік мекеме жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың берілуін, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметті растаудың дұрыстығын қамтамасыз етеді, – деген талабы сақталмай, 2017 жылы Шымкент қаласы Дулатов, Хамза, Бауырластар, Өмішұлы. Орманшы, С.Мұқанов, Құрылыс, Сайрам шағынауданындағы № 65 мектеп, Жолан батыр, Жалын, К.Цеткин көшелеріне сыртқы жарықтандыру жүйелерінің құрылысы (түзету) жұмыстары бойынша орындалмаған жұмыстардың жалпы кұны 1613,4  мың теңге болып Ф-№2 нысанындағы қабылдау актісімен рәсімделгендігі анықталды.

Шымкент қаласы Т.Рысқұлов, Елшібек батыр, Уәлиханов, Сайрам және Қ.Рысқұлбеков көшелеріндегі сыртқы жарықтандыру жүйелерін қайта құру (түзету) жұмыстары бойынша «Нұр ТАҢ-Строй» ЖШС-і 1430,1 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар орын алған.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-ІV Бюджет кодексінің 97 бап, 6-тармағының және ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы 215-тармағы 6-тармақшасының «Мемлекеттік мекеме жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың берілуін, орындалған жұмыстардың және (немесе) көрсетілген қызметті растаудың дұрыстығын қамтамасыз етеді», – деген талабы сақталмай, 2017 жылы Шымкент қаласы Т.Рысқұлов, Елшібек батыр, Уәлиханов Сайрам және Қ.Рысқұлбеков көшелеріндегі сыртқы жарықтандыру жүйелерін қайта құру (түзету) жұмыстары бойынша орындалмаған жұмыстардың жалпы құны 1430,1 мың теңге болып, Ф-№2 нысанындағы қабылдау актісімен рәсімделгендігі анықталды.

Конкурс ұйымдастырушысы «Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Шымкент қаласының көшелеріне жасыл желектер отырғызу және оларды күтіп-баптау жұмыстарына 2017 жылы 4 сәуірдегі конкурс өткізіп, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-мен 2017 жылы 4 сәуірдегі № 62 келісім-шарт 875213,9 мың теңгеге түзілген. Осы келісім-шартқа өзгерістер енгізіліп, 5 рет түзілген 2017 жылғы 3 мамырдағы №1, 2017 жылғы 26 мамырдағы №2, 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №3, 2017 жылғы 16 қазандағы №4 және 2017 жылғы 6 қарашадағы №5 қосымша келісімдерімен аталған жұмыстарға конкурс өткізілмей «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-не 1043442,9 мың теңге қосымша қаржы аударылып берілген.

Бұл жерде мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілмей, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының талаптары сақталынбай, мекеме басшысы Н.Бектұрсынов тарапынан Шымкент қаласының көшелеріне жасыл желектер отырғызу және оларды күтіп-баптау жұмыстарына қосымша 5 рет қосымша келісім түзіліп, конкурс өткізілмей, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-не 1043442,9 мың теңге қосымша қаржы аударылуына жол берілген.

Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес, яғни мекеме тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілмей әлеуетті өнім берушілермен тікелей шарт жасасқаны үшін ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы 5 бабы 8 тармағының талаптары бұзылған.

Себебі ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының 5 бабы 8-тармағында: «Осы Заңның 39 бабы 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау осы Заңда айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады» делінген.

Бұл бұзушылықтар бойынша ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 207 бабы 12 бөлігімен аудит объектісінің лауазымды тұлғаларына әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Осы аталған бұзушылықтар бойынша аудит материалдарын жолдай отырып, қабылданған процессуалдық шешім туралы Департаментке заңда белгіленген мерзімде хабардар етуіңізді сұранады.

Екінші мекенжайға: Департамент тарапынан жолданған хатта көрсетілген жауапқа келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңының 12, 14 баптарына сәйкес жоғарғы тұрған немесе сот органына шағымдануға құқылы екеніңізді назарыңызға саламын.

Қ. Сапарбеков,

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының м. а.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *