ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫНЫҢ БІР БӨЛІГІН ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ЖЕТКІЛІКТІЛІК ШЕГІ

Қоғам Құқық
699 Views

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер ментолықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы азаматтарға зейнетақы жинақтарының бірбөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту, емделуге ақы төлеу, сондай-ақ, жекебасқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану құқығынберді.

Осы құқықты зейнетақы жарналарын тұрақты және толық көлемде аудару есебінен ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын және болашақта ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем болмайтын зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік беретін жинақты қалыптастыра алған салымшылар пайдалана алады.

Бұл ретте азаматтардың пайдалануы үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары тек міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ғана емес, сондай-ақ, оларды инвестициялаудан алынған инвестициялық табысты да қамтиды.

Жеткіліктілік шегін есептеуге арналған әдістеме мен өлшемдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен айқындалады және әрбір жас үшін жеке есептеледі. 2021 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерінің алдын ала мөлшерлері кестедегідей.

Өз жинақтарының жеткіліктілік шегіне сәйкестігін тексеру үшін салымшылар БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотынан үзінді көшірмені enpf.kz сайтындағы өзінің жеке кабинетінен, БЖЗҚ-ның жаңартылған ұялы қосымшасынан немесе egov.kz порталынан онлайн режимде ала алады. Үзінді көшірмеде жеткіліктілік шегі және нысаналы пайдалану үшін қолжетімді сома туралы ақпарат қамтылады.

Сайттағы жеке кабинетте және БЖЗҚ ұялы қосымшасында авторланудың екі тәсілі қолжетімді: электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану немесе ЖСН мен парольді енгізу.

Сондай-ақ, өз жинағыңыздың жай-күйін БЖЗҚ дерекқорында тіркелген электрондық поштаңыздың мекен-жайына тұрақты түрде үзінді көшірме алу арқылы да тексере аласыз.

БЖЗҚ-дағы жинақтар туралы ақпаратқа ыңғайлы әрі жылдам қол жеткізу үшін Қор Telegram мессенджерінде өзінің жеке ботын іске қосты, оның көмегімен де үзінді көшірме алуға болады.

Өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңызды «БЖЗҚ» АҚ өңірлік бөлімшелеріне жеке басыңызды куәландыратын құжатпен барып та тексере аласыз.

БЖЗҚ бөлімшелері жоқ шалғай аудандардың тұрғындары тізіміhttps://www.enpf.kz/ru/services/kazpost/index.php сайтында көрсетілген«Қазпошта» АҚ-ның авторландырылған бөлімшелеріне жүгініп, хабарлаудың кезкелген ыңғайлы тәсілін таңдай алады.

Жасы Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі, теңгемен
20 1 710 000
21 1 780 000
22 1 860 000
23 1 930 000
24 2 010 000
25 2 090 000
26 2 170 000
27 2 250 000
28 2 330 000
29 2 420 000
30 2 500 000
31 2 590 000
32 2 670 000
33 2 760 000
34 2 850 000
35 2 940 000
36 3 030 000
37 3 130 000
38 3 220 000
39 3 320 000
40 3 420 000
41 3 520 000
42 3 620 000
43 3 720 000
44 3 820 000
45 3 930 000
46 4 030 000
47 4 140 000
48 4 250 000
49 4 360 000
50 4 470 000
51 4 590 000
52 4 700 000
53 4 820 000
54 4 940 000
55 5 060 000
56 5 180 000
57 5 300 000
58 5 430 000
59 — 62 5 560 000

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *