ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН

Қоғам Құқық
1 391 Views

Әйелдерге қатысты әртүрлі дискриминация түрлерін жою туралы конвенцияға (Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 29 шілдеде ратификациялаған) сәйкес жыл сайын республика аумағында, соның ішінде Шымкент қаласы полиция департаментінің Абайаудандық полиция басқармасында да ағымдағы жылдың 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өту аралығында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою күндеріі ретінде атап өтіледі.

Акция өткізу барысында ақпараттық қағаздар мен буклеттер тарату, дәрістер мен сұхбаттар жүргізетін жылжымалы топтар жасақталады. Іс-шара өткізу кезінде мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, жергілікті атқарушы органдар, білім, денсаулық сақтау, тағы басқа мекемелер өкілдерінің міндетті түрде қатысуы көзделген.

Байланыс телефондары: Шымкент қаласы полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасының жергілікті полиция бөлімі – 56-02-45, «Сана-сезім» үкіметтік емес ұйымы – 55-12-00, 55-13-00.

Р.АРЫСТАНБЕКОВ,

Шымкент қаласы полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасы ЖПҚ бастығы, полиция подполковнигі.

Т. БЕКТЕМІСОВА,

Шымкент қаласы полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасының қызметкері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *