ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЗАҢ ҚАТАҢ

Қоғам Құқық
801 Views

Педофилдер – кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсетіп, қоғамға жат әдетпен айналысатындықтан, оларға деген заң да қатайып келеді. Бірақ,қылмыстың бұл түріне баратындар азаймай отыр. Түрмеге түсіп, темір тордың аржағында қасындағылардан зорлық-зомбылық көрсе де, педофилдер кәмелеткетолмағандар үшін өте қауіпті болып тұр. Әрине, бұл жағдай қоғамда үлкеннаразылық тудырып отыр. Ата-аналар балаларын қанша қорғаштағанымен, педофилдерретін тауып кетіп жатыр…Өкінішті.

Осы қауіпті неғұрлым сейілту үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зорлық-зомбылық пен педофилияға қарсы жазаны күшейтуді тапсырды. Ол бұл туралы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында да қадап айтқан болатын.

«Біз азаматтардың негізгі құқықтарын елемей, заңнаманы ізгілендіруге әуестендік. Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы және басқа да ауыр қылмыстар үшін жазаны жедел түрде күшейту қажет», – деді.

Бүгінде құқық қорғау органдарында тіркеуде тұрған педофилдермен жұмысқа аса мән беру-күн талабынан түспеуі қажет. Рас, өткен жылдармен салыстырғанда қылмыстың бұл түрі бойынша көрсеткіш төмен. Бірақ, жасөспірімдерге зорлық-зомбылық көрсету тыйылмай келеді. Әлімжеттік жасауға жол бермеу бағытында әлі де көп жұмыстар жасалуы қажет-ақ. Жамбыл облысындағы соңғы өкінішті оқиғадан кейін бүкіл мектептерде бақылау, қадағалау жұмыстары жүргізіліп, бұл қылмысқа қарсы күресті күшейту бағытындағы заң талаптары қатаңдатыла түссе, қоғамға жат әрекетке баратындардың жолы кесілетіні анық.

Айта кетерлік жайт, зорлық-зомбылық жасаған қылмыскерлердің түрмеде отыру уақыты бұған дейін 15 жыл болса, енді ол екі жылға ұзартылатын болды. Сонда әлімжеттік жасаушылар енді 17-жылға темір торға тоғытылады деген сөз.

Ақбалғын БЕКЕТАНОВА,

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының кеңсе меңгерушісі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *