КОРОНАВИРУСТАН КЕЛЕТІН КЕСІР-КЕСАПАТ КӨП КӨРІНЕДІ

Денсаулық
578 Views

Қазақстан Республикасының Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің алдын алаайтқан болжамы дөп келді. Ол: «Биылғы 11-16 наурыз аралығында еліміздекоронавирус пайда болуы мүмкін», – деп мәлімдеген болатын. Сол айтпақшы, 9 және12 наурыз күндері Германиядан Алматыға ұшақпен келген авиажолаушылардыңарасында коронавирус жұқтырған 46 жастағы ер азамат пен 36 жастағы әйел болған.Үшіншісі Нұр-Сұлтан қаласында орын алған. Мұнда Италияның Милан қаласынанМәскеу арқылы ұшақпен келгендердің арасынан әлгіндей нақтамамен 44 жастағы әйелкезіккен. Сонымен қатар Мәскеуден Алматыға ұшақпен келген жеке кәсіпкер еразамат пен Польшаның астанасы – Варшавадан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келгенәйелден де әлгіндей дерттің белгілері табылған.

Бүгінге дейін елімізде осындай 35 оқиға тіркелген. Соның 18-і Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі. Олардың төртеуі Италия мен Оңтүстік Кореядан ұшып келгендерден шыққан. Алматыда – 17 оқиға тіркелген. Олардың арасында Мәскеуден ұшып келген екі ер азамат, Түркиядан ұшып келген 34 жасар бикеш пен 12 жасар балақай бар. Куршавель – Берлин – Минск –Алматы бағытымен ата-анасымен бірге ұшып келген екі жасар бүлдіршін қыз да коронавирус жұқтырған болып шыққан. Кейін бұл дерт оның анасына өткен. Осыған байланысты Қазақстанның қос қаласында карантиндік режим енгізіліп отыр. Германияның астанасы – Берлиндегі Қазақстан елшілігінің қызметкері, дипломаттың әкесі мен Венгрияның астанасы – Будапешттегі бір қазақ келіншектен де әлгіндей ауру белгілері табылған.

Шымкенттегі жағдайға келетін болсақ, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 150 орындық провизорлық госпиталь ашылған. Қажетті медициналық құрал-жабдықтар жеткілікті. Дәрігерлер мен мейірбикелер тұрғындарға коронавирус жайлы брошюралар таратуда. «Гауһар» тігін фабрикасымен №5 колледж бетперде тігуді қолға алған. Олардың тәулігіне 500 000 дана бетперде тігуге мүмкіндігі бар. Бетперденің бағасы – 110-200 теңге аралығында.

Шымкентте Төтенше жағдай кезінде нысандардың жұмыс істеу тәртібі:

o ірі сауда нысандарының, сауда, ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеу уақыты сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелген (азық-түлік дүкендері мен супермаркеттерді қоспағанда);

o азық-түлік дүкендері, азық-түлік супермаркеттері мен азық- түлік базарлары санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, әдеттегі режимде жұмыс істейді;

o киім-кешек базарларының жұмысы сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін шектелді. Барлық сауда нысандарында санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды тұрақты жүргізілуі тиіс. Қоғамдық тамақтану орындарында, соның ішінде СОО фуд-корттарында дезинфекция жүргізілетін болады;

o азық-түлік қауіпсіздігі шараларын тиімді іске асыру, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына үздіксіз жеткізу және бағаны тұрақтандыру қамтамасыз етіледі;

o қоғамдық көлік соңғы аялдама пункттерінде және жуу орындарында автобустарға дезинфекция жүргізу арқылы бұрынғы режимде жұмыс істейді;

o балабақшалар медициналық және санитарлық бақылауды күшейте отырып, әдеттегі режимде жұмыс істейтін болады;

o мектептен тыс қосымша білім беру нысандарының (оқушылар сарайы, аула клубтары, үйірмелер, секциялар, компьютерлік клубтар) қызметі тоқтатылды, сондай-ақ барлық спорт нысандары жабылды. Оқу-жаттығу жиындары, спорт түрлері бойынша жаттығулар, барлық деңгейдегі жарыстар тоқтатылды;

o ойын-сауық, спорттық (көрермендердің қатысуынсыз өткізілетіндерді қоспағанда), тағы басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын өткізуге тыйым салынды;

o кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және көңіл көтеру орындарының (түнгі клубтар, караоке, барлар, компьютерлік клубтар, фитнес-орталықтар, жаттығу залдары, бассейндер, моншалар) және адамдар көп жиналатын басқа да нысандардың қызметі тоқтатылды;

o мейрамханалардың, дәмханалардың және өзге де қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 22:00-ге дейін шектелген, бұл ретте бір жолғы адамдардың саны 50 адамға дейін шектеу;

o дәмханаларда, мейрамханаларда қорқор (кальян) пайдалануға тыйым салынды;

o ұйымдарға қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу режиміне аудару ұсынылған.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың арнайы Жарлығымен 2020 жылғы 16 наурыздан 15 сәуірге дейін елімізде Төтенше жағдай жарияланып отыр.

Қазақстан Республикасының Үкіметі коронавирустен қорғануға біржарым миллиард теңге қаржы бөлген. Ухань қаласында оқитын қазақстандық студенттер түгел елге жеткізілген. Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желі арқылы: Коронавирус профилактикасы: қолды жиі жуу, қоғамдық орындарға бармау, науқас адамдармен (ЖРВИ) қарым-қатынастан аулақ болу, ЖРВИ белгілері болған кезде 103-ке, сұрақтар болса 1406-ға хабарласу керектігін қатаң түрде ескертіп отыр.

Көршілес Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандарға қатысты 10 оқиға тіркелген. Оның алғашқысы Франциядан ұшақпен келген Өзбекстан азаматынан табылған. Сол себепті алатақиялы ағайындар Наурыз мейрамын, тағы басқа да бұқаралық іс-шараларды тоқтатумен қоса-қабат шекараны тарс жауып тастаған.

Осылайша өткен жылғы желтоқсан айында Қытайдың 12 миллион тұрғыны бар Ухань қаласында бастау алған коронавирус бүгінгі таңға дейін Гонконг, Тайвань, Макаоны қоса есептегенде Қытайда дертке шалдыққан 81 058 адам коронавируспен сырқаттанған. Олардың 3230-ы көз жұмған. Жалпы, коронавирус індеті бүгінде төрткүл әлемдегі 153 мемлекетте тіркелген. Қатерлі індет жұқтырғандар саны 197 168-ден асқан. Соның 80 840-ы сауығып, 7 905-і көз жұмған. Басқа елдерде (круиздік лайнерлерді қоса есептегенде) кеселге оранған 66873 адамның 2239-ы көз жұмған. Соның ішінде бірінші а санаты бойынша тиісінше, Италияда (31 506 – 2 503); Иранда (16 169 – 988); Оңтүстік Кореяда (8 320 – 81), бірінші б санаты бойынша Испанияда (11 748 – 533); Германияда (9 257 – 24), Францияда (7 683 – 148) деген дәйек-дерек тіркеліп отыр. Ресейде коронавируске кезіккен 114 кісінің әзірге сегізі сауыққан. Сол себепті де Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы пандемиялық жағдайға жеткен қатерлі індетке қарсы шұғыл шара қолдану қажеттігін айтып, дабыл қағуда.

Әзірге 2019-nCov деп аталатын қатерлі індеттің нақты емі табылмай тұрған сыңайлы. Алайда, бұл саладағы ғалымдар қол қусырып қарап отырған жоқ. Мәселен, Мельбурндағы Питер Дохерти атындағы ғылыми-зерттеу институтының мамандары жаңа вирустың бұл түрін бұрын ауырған адамнан алып, оны зертханалық жағдайда өсіріп шығарған. Сол арқылы әлгі вирустың адамға әсерін, антибиотиктердің сезімталдығын, ДНК-сын зерттеген.

Аустралиялық сарапшылардың тағы бір тобы бұл қатерлі індеттің төрткүл әлемге тигізуі мүмкін қауіп-қатер, залал-зардаптарын да талдап көрген. Сөйтіп, 1918-1920 жылдардағы «Испан тұмауының», 1968-1969 жылдардағы «Гонконг вирусының» нәтижелерімен салыстырып шыққан. Олардың болжамынша әлем экономикасы қатты құлдырап, 2,4-9 триллион доллардан айырылып, 15-68 миллионға жуық адам ажал құшады екен. Міне, осындай жантүршігерлік дейек-деректерді алға тартқан ғылым академиясының профессоры Уорик Мак Кибин әлем елдерін қатерлі індетке қарсы бірлесе күш жұмсауға шақырып отыр.

Бұл қатерлі індет әсіресе спорт саласына көп кесірін тигізуде. Атап айтқанда, биылғы 24 шілде мен 9 тамыз аралығында Жапонияның астанасы –Токиода өтеді деп жоспарланған кезекті жазғы Олимпиада ойындары коронавирусқа байқалысты бір немесе екі жыл кейінге қалдырылуы мүмкін. Сол елдегі Ұйымдастыру комитетінің мүшесі Харуюки Такахаши бұл жөнінде: «Олимпиаданы келесі жылы өткізу қиын болады. Себебі ол кезде басқа да маңызды спорт сайыстары жоспарланып қойған. Сондықтан Жазғы ойындарды екі жылдан кейін өткізген дұрыс», – дейді.

Кәрі құрлықтағы кезекті мерейтойлық чемпионат 2021 жылға қалдырылды. Бұған қоса-қабат жолдастық кездесулер, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының шешуші ақтық сындары да шегерілуі мүмкін.

Қазақстан ұлттық құрамасы 29 наурыз – 5 сәуір аралығында допты хоккейден Ресейдің Иркутск қаласында өткізілуі тиіс әлем чемпионатынан бас тартуға мәжбүр болды. Дүниежүзілік додаларда алты мәрте (2003 2005, 2012, 2013, 2014, 2015 жылдары) қола медальді қанжығасына байлаған құрама үшін бұл бір үлкен өкінішке айналды.

Құрлықтық Хоккей Лигасында табысты өнер көрсетіп, Гагарин кубогының кезекті екінші айналымына шыққан Нұр-Сұлтан қаласының «Барыс» клубы қатерлі індетке байланысты жарысты одан әрі жалғастыра алмайтын болды. Футболдан ел чемпионатының ойындары да тоқтатылды.

Күн өткен сайын көлемін кеңейте түскен коронавирустан келетін кесір-кесепаттың көп екені жалпақ жұртқа мәлім. Бүгінде эпидемиядан пандемияға айналған қатерлі індеттің қашанға дейін созылары белгісіз. Қазақстанда бұл жайт оныншы сәуірде тоқтайтын көрінеді. Ал Қытай жағы оның маусым айына дейін созылатынын мәлімдейді. «Жау жағадан алғанда бөрі етектен» дегендей, коронавирустың кесірі аз болғандай, мұнай бағасы қатты құлдырап, теңгеміз теңселіп тұрғаны мынау. Осылайша әзірге әліптің артын бағудан басқа амал таппай отырмыз.

Ә.КЕЛЕСҰЛЫ.

Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *