КҮРДІЛЕР КІМДЕР?

Қоғам
961 Views

Күрділердің Қазақстанға қоныстануы 1937-1945 жылдар аралығында Кеңес үкіметі жүргізген депортациямен байланысты болды. Бұл күнде Шымкент қаласында үш мыңнан астам күрді этносы тұрады.

Шымкент қалалық күрді этно-мәдени бірлестігіне бүгінде Асан Юсупов төрағалық етеді. Ал, орталық жанындағы жексенбілік мектепте күрді тілі мен мәдениетін және салт-дәстүрін оқыту жолға қойылған.

Этно-мәдени орталық Қазақстан Республикасы «Барбанг күрділер Ассоциациясы» филиалы болып табылады, Шымкент қаласы «Күрді этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі 1995 жылғы 1 наурызда құрылды.

Қазақстан Республикасы бойынша күрді ұлты өкілдерінің саны 40 мыңдай. 1980 жылдың аяғы мен 1990 жылдардың басында армяндар мен әзірбайжандар арасында орын алған Таулы Қарабақтағы қақтығыстан соң күрді өкілдерінің Қазақстанға жаппай көшуі де олардың санын арттыра түсті. Осылайша, күрді этносы екінші отанын Қазақстаннан тапты.

Күрді этно-мәдени орталығын құруда М. Алиев, А. Ахмедов, К. Надиров, А. Садықов, У. Даутов сынды азаматтар көп еңбек сіңірді. Күрді этно-мәдени орталығы басқа да қоғамдық бірлестіктермен етене араласып, еліміздің түрлі мәдени, қоғамдық іс-шараларына белсене араласып келеді.

Күрді этносының салт-дәстүрі, мәдениеті, діні және фольклоры Орта Азия халықтарының тұрмыс тіршілігіне ұқсас келеді. Ең үлкен және сүйікті мерекелері – Наурыз мейрамы. Күрді этносы өкілдері тығыз тұратын аудандарда күрді этно-мәдени орталығының жергілікті филиалдары жұмыс істейді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанып отырған салиқалы саясатының арқасында түрлі ұлттардың тілі, діні, ділі, салт-дәстүрі, мәдениетінің сақталуына барлық жағдай жасалған. Бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан күрді этно-мәдени орталығы соның айқын дәлелі бола алады. Жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Күрді этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні» мерекесі ұйымдастырылып, өткізілуде. Қаладағы күрді этносының өкілдері біртұтас Қазақстан халқының құрамында еліміздегі ізгі бастамаларға бірауыздан үлес қосып, ел ішіндегі ырысты ынтымақ жолын жалғастырып келеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *