КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ТӘРТІБІ КАРАНТИНДЕ ДЕ БАҚЫЛАУДА

Қоғам Құқық
648 Views

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты үшінші мегаполис оқушылары, жалпы бүкіл әлем уақытталабына сай қашықтықтан білім алып жатыр. Ел халқының қауіпсіздігін қамтамасызету мақсатында бұқаралық мәдени іс-шаралар уақытша тоқтатылғаны белгілі.Сондықтан үйде бос қалған бала енді тек гаджеттер мен бейнеойындарға жармасабастайды. Бұл өз кезегінде баланы қараңғылық пен бөтен қылықтар көрсетуіне алыпкеледі. Осы орайда карантин уақытында да рухани демалу мен баланы мәдениеткебаулығысы келетіндерге қолайлы жағдай жасалуда. Айталық, Шымкент қалалықмәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы 13-19 сәуір аралығындабірқатар іс-шараларды онлайн түрде өткізді. Бұл үйдегі балалардың бос уақытынтиімді өткізуге тағы бір мүмкіндік болғаны сөзсіз. Сонымен қатар, ағымдағыжылдың 14 сәуір күні Шымкент қаласында орналасқан «Парасат» колледжініңстуденттеріне Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істер басқармасына қарастыдіндер бөлімінің ұйымдастыруымен «Экстремизм мен терроризмді насихаттайтынинтернет ресурстарының қауіптілігі» тақырыбында онлайн семинары өткізілді. Бұліс-шара карантин уақытында интернет әлеміне кіріп, қадағалаусыз қалатын жастарүшін атқарылған оң жұмыстардың бірі десе болады. Себебі қазіргі таңдақұқықбұзушылыққа жетелейтін де, балаға орасан зор ықпал ететін де осы интернетболып тұр.

Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысы Рашид Мыңбаевтың мәлімдеуінше, Шымкентте апта бойына жалпы 57 мәдени кеш онлайн түрде өтті. Мәдениет өкілдері күн сайын тікелей эфирде өнер көрсетті. Онда түрлі спектакльдер мен тарихи қойылымдар және байқау, көрме сынды шараларды онлайн өткізіліп, тіпті суырып салма ақындардың айтысында қашықтан үйде отырып тамашалауға мүмкіндік туды. Атап айтсақ, 5 онлайн спектакль, 1 онлайн семинар, 5 онлайн лекция, 8 онлайн сұхбат, 4 онлайн концерт, 6 онлайн дәріс, 2 онлайн айтыс, 3 онлайн байқау, 14 онлайн ақпарат, 2 онлайн көрме, 4 онлайн әдеби оқу, 3 би көрініс мәдени шаралар өткізілді. Шымкент қаласындағы мәдени орындар тек іс-шаралармен ғана шектелмей, семинар, секцияларды да қашықтан өткізуді жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек жастар ресурстық орталығы да карантин уақытында онлайн іс-шаралардан қапы қалмауда. «Үйде бірге оқимыз!» атауымен @resurstyq_ortalyq парақшасында челлендж бастау алған болатын. Жастар арасында оқу мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға 600-ге жуық оқырман белсенділік танытып отыр. Карантин кезеңінде бос уақыттарын тиімді өткізіп жатқан қатысушылардың дені студенттер мен оқушылар. Төтенше жағдайға байланысты кітапханалардың жабық болуына қарамастан қатысушылар, оқулықтардың электронды нұсқаларында тауып оқуға қызығушылық білдіруде. Оқырмандардың басым бөлігінің таңдауы әдеби кітаптарға түскен. Сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың арасында шетелдік және ағылшын,орыс тіліндегі кітаптарды оқып жатқандар да бар. Бас жүлде иегеріне – PhonePro 11 сыйға берілсе, белсенді қатысушыларды өзге де тосын сыйлар күтуде. Жеңімпаздар 30 сәуір күні сағат 17:00-де тікелей эфирде анықталмақ.

Айта кетелік, карантин шаралары енгізгеннен бері барлық дерлік шаралар мен мекемелер өз жұмысын онлайн жалғастырып отыр. Өз еліміздегі музейлерге саяхат жасап, өз өнерпаздарымыздың концертін тамашалауға, отандық фильмдерді көруге, егемен еліміздегі музейлер мен тарихи орындарды онлайн аралауға мүмкіндік жасалған.

Бұл үшін төмендегі сілтемелерді арқылы өтуге болады:

1. Орталық мемлекеттік музей (Алматы қаласы) https://goo-gl.su/9B2Ha

2. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі https://goo-gl.su/TEgZFDA

3. Әзірет Сұлтан музейі https://goo-gl.su/1HguCxq

4. Таңбалы тас музейі https://goo-gl.su/6H52lte

5. Абай музейі https://goo-gl.su/BXbq40Y

6.«Қазақстан» орталық концерт залы https://goo-gl.su/3ijBug

7. Абай атындағы опера және балет театры https://goo-gl.su/AGnnRLs

8. Астана Опера театры https://goo-gl.su/YvK2JB

9.Астана Балет театры https://goo-gl.su/hd3kRXHU

10. Салтанат би ансамблі https://goo-gl.su/9xdM75g

11. Лермонтов атындағы орыс драма театры https://goo-gl.su/Gtczpv

12. ARTиШОК театры https://goo-gl.su/MNGnuJSa

13. «Қазақфильм» киностудиясы https://goo-gl.su/MAykhjQ1

14. Кітап палатасы https://goo-gl.su/6ZYV13g

15. Ұлттық академиялық кітапхана (Нұр-Сұлтан қ.) https://goo-gl.su/eufOY

Осындай қиын кезеңде қатерлі індетпен күресу ортақ мүдде екенін ұмытпайық!

Гүлнұр БАЙДУЛЛАЕВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *