МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МӘН БЕРГЕНІМІЗ МАҚҰЛ

Қоғам
641 Views

Тәуелсіздік тірегі – мемлекеттік тіл. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту деген сөз.

Бауыржан МОМЫШҰЛЫ,

майдангер жазушы.

Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген хал-қымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – ха-лықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

Тіл – Тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік – егіз ұғым. Тілсіз – Тәуел-сіздік, егемендіксіз – тіл болмақ емес. Тіл – Тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Қазақ елі Тәуелсіз мемлекет бо-лып орнағалы отыз жылға жуықтады. Қазақ тілі – Мемлекеттік тіл қазақ деп жарияланды. Бұл тұста Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақтың болашағы – қазақ тілінде», – деп алдымызға айқын жол ашып беріп отыр. Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш-жігерді аямай, еңбек ету ғана қалды. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – біз, яғни, қазіргі ұрпақ. Демек, біздің міндетіміз – қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ. Осы тұста Елбасының «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін», – деген ұлағатты сөзін ескермей кету мүмкін емес.

Тәуелсіздік алғалы бері елімізде тіл саясаты жүйелі жүргізілуде. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақ-сатында көптеген мемлекеттік бағ-дарламалар мен іс-шаралар ұйымдастырылуда. Нәтижелері де аз емес. Алайда, жастар арасында, кейбір ме-кемелерде қазақ тілінің жайы ақсап тұр. Соны көріп жүрегің қан жылайды. Бір жағынан, әлі күнге дейін орыс тілінің ырқынан шыға алмай жүргенімізден болар. Расында, қазақ хал-қының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің бол-ғаны тарихтан белгілі. Еліміз жетпіс жылдай Кеңес Одағының қарамағында болды. Ата-анамыз орыс тілін ұлықтады. Қазақ халқы өзінің тілін, ділін, тіпті салт-дәстүрін ұмытардай халге жетті. Дегенмен, «сабақты ине сәтімен» деген сөз бар. Еліміз сан ғасыр бойы аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткізді. Тіліміздің түп тамырымен жойылып кетпегеніне шүкіршілік етуіміз керек тәрізді. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап, босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана. Мағжан Жұмабаевтың жырымен айтсақ:

«Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың…

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!».

Бірақ, жоғарыда айтып өткеніміз-дей, қанша жылдан бері атқарушы билік тіл туралы саясатты жүзеге асырып келе жатса да, қазақ тілінің дамуы әлі де болса кешеуілдеп тұр. Осы орайда ақын Мұхтар Шаханов былай деген болатын:

«Қай кезде де туған тілің туған анаң секілді.

Бабалардың арманы бар мына қызыл гүлдерде,

Олар елін, тілін қорғап жанын қиған бұл жерде».

Расымен де ата-бабамыз елін, же-рін, тілін, ділін, дінін жаудан өле-өлгенше қорғап өтті емес пе? Осыған бас ауыртатын ұлт жанашырларының саны қазіргі кезде некен-саяқ. Себебі, көшеде бір қателіктер көріп жатсақ, үйреншікті нәрседей, бейқам жүре береміз.

Ана тілі – ананың ақ сүтімен әр қазақ баласының бойына сіңген тіл емес пе еді. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып, бі-леміз. Әр адамның азаматтық қасиеті – өз халқын, өзінің атамекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек. Әркімнің тілге деген құр-метін өз анасына, өз ұлтына, өз Отаны-на деген құрметінен білуге болады. Өз ана тілін ұмытқан адам – өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Осыны қазақ жастары түсінсе екен дейміз. Алайда, осыны ескермей орыс тілінде шүлдірлеп, қазақ тілін-дегі әнді тыңдауды қор санап жүрген қазақ жастары қаншама. Кейбір меке-мелерге барсаң орыс тілінде сауатты жазылған сөз қазақ тілінде мүлде ұй-қассыз аударылып, есіктерінде ілініп тұрады. Мұны көргендердің бірі езу тартып күліп, енді бірі оған мән бер-мейді де. Біздің қоғамның басты кем-шілігі осы болар, бәлкім. Бұған жауап ретінде ақын Оразақын Асқардың мына бір өлең жолдарын алар едік:

«Ана тілінде ата-баба сыры бар,

Аудармадан түпнұсқадай кім ұғар?

Өсе келе құстың тілін білсең де

Ана тілсіз оның қандай құны бар».

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», – дейді Қадыр ақын. Қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Дегенмен, қазақ тілін мем-лекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың үлесі болса екен дейді. өзге-нің құлы емес, өз еліміздің ұл-қызы болайық, өзгенің емес, өз еліміздің тілін ұлықтап, мәртебесін асырайық, ағайын!

Дархан ӘБДІХАЛЫҚОВ,

Шымкенттегі ИЧ 167/3 түзеу мекемесінің қызметкері,

әділет майоры.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *