МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КАДРЛАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ

Саясат
809 Views

Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі және Премьер-Министр Кеңсесі, Мемлекеттік қызмет істер агенттігі мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс жасауға жол бермеу және мемлекеттік қызметте икемді жұмыс кестесін енгізудің мақсаттылығын қарастыру бойынша пәрменді шаралар қабылдау тапсырылған болатын.

Айта кетсек, мемлекеттік қызметшілерді «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы 32-бабының 4-тармағында қаралған тәртіппен ғана тарту көзделіп, үстеме жұмыс жасағаны үшін заңнамаға сай демалыс күндері (сағаттары) берілуі, өтемақы төленуі қаралған. Осы орайда, Департамент қызметкерлері жергілікті мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта жұмыс орнында негізсіз қалулары бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде. Мәселен, жуырда Департамент қызметкерлері Шымкент қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің және әкім аппаратының жауапты қызметшілерінің қатысуымен Шымкент қаласы әкімі аппараты, Әл-Фараби аудандық әкім аппараты және 15 құрылымдық басқармасының мемлекеттік қызметшілерінің белгіленген жұмыс уақытынан артық жұмыс жасау деректерін жою, мемлекеттік қызметшілерінің еңбек тәртібінің сақталуына, жұмыстан тыс уақытта жұмыс орнында негізсіз қалуларына профилактикалық іс-шарасын жүргізді.

Жүргізілген профилактикалық іс-шарасының нәтижесімен Шымкент қаласының әкімдігіне мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс жасауын азайту, жұмыстан тыс уақытта жұмыс орнында негізсіз қалу деректеріне жол бермеу бойынша тиісті іс-шараларды ұйымдастыруды ұсынды. Сондай-ақ, Департамент көрсетілген іс-шараларды қаланың басқа да мемлекеттік органдарында жүргізілуін жоспарлап отыр. Алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілер негізсіз үстеме жұмысқа тартылған болса, аталған мекеме басшысының есебі Әдеп жөніндегі кеңестің отырыстарында қаралуы мүмкін.

Бұдан бөлек мемлекеттік органдарында «икемді жұмыс кестесін» енгізу мәселелері қаралуда. Қазіргі таңда қала аумағындағы төрт мемлекеттік органда «икемді жұмыс кестесі» енгізілген. Алдағы уақытта көрсетілген бағытта жұмыстар жалғастырылады.

Бүгінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің саны 98 мың адамды құрайды. Соның ішінде 2097 қызметкер (2,1 пайыз) Шымкент қаласында еңбек етеді. Шымкенттің барлық мемлекеттік қызметкерлерінің 51 пайызын әйелдер құрайды. Қалада 55 мемлекеттік орган жұмыс істейді. Соның ішінде 28 жергілікті атқарушы, 25 орталық органдардың аумақтық бөлімшелері, бір өкілетті орган және тексеру комиссиясы. Қаланың мемлекеттік органдарында штат бойынша 2097 мемлекеттік қызметші, соның 758-і жергілікті атқарушы органдарда, 1339-ы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде. Қаламыздың мемлекеттік органдарында 10 ұлт пен ұлыс өкілдері жұмыс істейді. Қаланың мемлекеттік қызметшілерінің орташа жасы – 38 жасты құрайды, ал 29 жасқа дейінгі жас мемлекеттік қызметкерлердің жалпы үлесі – 25 пайыз. Қаланың мемлекеттік органдары қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет өтілі 9,4 жылды құрайды.

2019 жылы қаланың 1300-ге жуық мемлекеттік қызметшілерінің тиімділігіне жыл сайынғы баға берілді. Нәтижесінде қызметшілердің 50 пайызы «өте жақсы», 42 пайызы «тиімді» және сегіз пайызы «қанағаттанарлық» деген баға алды. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламалары бойынша 807 мемлекеттік қызметші оқудан өтті. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруге және құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тестілеуге 5335 азамат қатысты. Соның ішінде төменгі шекті деңгейден 2143 үміткер (40 пайыз) өтті. Жеке қасиеттерін бағалауға 1754 адам қатысып, үміткерлердің 70 пайызы сәтті өтті.

«Әділет-ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *