МЕНШІК ИЕЛЕРІ БАҒАЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫНА КЕЛІСІМ БЕРУДЕ

Билік Қоғам
788 Views

Түркістан қаласын көркейту және кесене маңынан «Рухани-мәдени орталық» аймағын кеңейтуге қажетті жерді дайындау мақсатында мемлекет мұқтаждығы үшін 168 (14 кәсіпкерлік, 154 тұрғын үй) нысан мемлекетке қайтарылады.

Осы 168 нысанның бағалау жұмыстары 2 025 545 172 теңгені құраған. Аталған нысандардың 95 меншік иесі келісім беріп, оларға 1 139 756 000 теңге төленеді. 44 нысанның меншік иелері келісім беруден бас тартуына байланысты сотқа талап арыз жолдануда. Қалған 29 нысанның иелерімен келіссөз жүріп жатыр. Бағалау жұмыстарын мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес «Экспо Оценка» ЖШС жүргізді.

Бағалау сомасына келіспеген тұрғындардың наразылық білдіруіне байланысты облыс әкімі азаматтарды қабылдап, тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бұған дейін қала басшысы осы жайтқа қатысты бірнеше рет тұрғындармен кездескен болатын. Қазіргі таңда 29 адамнан құрылған арнайы штаб меншік иелерімен жұмыс жасауда.

Жұмыс тобының нәтижесінде үстіміздегі жылдың 28 қаңтарына дейін 95 меншік иесінің келісімі толығымен алынған. Бұл келісімі алынғандардың ішінен 41 меншік иесіне мемлекеттен 471 млн. теңге қаржы төленіп, оның ішінде бүгінгі күнге дейін 31нысан бұзылды.

Бұзу жұмыстарына әкімдік тарапынан көмек тобы құрылып, арнайы техникалар мен жұмысшы тобы құрылыс материалдарын тұрғындардың қалаған мекенжайға жеткізіп беруде. Сонымен қатар жер телімдері мен жылжымайтын мүлік иелерінің арасында түсіндірме жұмысын жүргізу және оларды тұрғын үй-жайлармен қамтамасыз ету жолдарын қарастыру үшін арнайы 14 жұмыс тобы құрылған. Осы топтың жұмыс нәтижесінде қаладағы 500-ге тарта сатылатын жеке үйлер анықталып, меншік иелеріне ұсыныстар жасалып отыр. Қала бойынша сатылатын үйлердің 90 пайызы 10-20 млн. теңге аралығында.

Түркістан қаласында жердің әр соттығының кадастрлық құны 88 мың теңге болса, тұрғындарға нарық бағамы бойынша 515 мың теңге беріліп отыр. Сондай-ақ, тұрғын үйдің құрылыс материалдарының түріне, сапасына (кірпіш, қыш, шлакоблок, шифер, іргетасы т.б.) қарай әрбір шаршы метріне берген 55 пен 90 мың теңге аралығындағы бағасына келіспей отырған 44 меншік иесі бар. Оларға қала әкімдігі және прокуратурасының мамандарымен кездесу өткізіп, мемлекеттің ұсынған қаржысына келіспеген жағдайда жеке бағалаушы жалдай алатындығы және шешімін сотқа ұсынуға құқылы екендігі түсіндірілді. Тіпті кейбір тұрғындар тарапынан үй құжаттарында орын алған қателіктерді қайта рәсімдеуге әкімдік тарапынан заң талаптарына сәйкес кеңестер беріліп, қолдау көрсетілуде.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *