МЫРЗАКЕНТТЕ ЗАМАНАУИ ҮЙЛЕР БОЙ КӨТЕРЕДІ

Қоғам
778 Views

«Жұт – жеті ағайынды», «Жау жағадан алғанда бөрі етектен…» демекші, биылғы көктем біртүрлі болып тұр. Көлденеңнен келген коронавирустың кесапаты анау. Төпелепжауған жауын-шашынның салдарынан көршілес Өзбекстанның Сырдария облысындағы«Сардоба» су қоймасындағы дамбаның бұзылуына байланысты Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы мүшкіл хал мынау. Мырзакенттің маңындағы Нұрлы жол, Өргебас,Фирдоуси, Жеңіс, Жаңа жол, Жаңа тұрмыс, Достық ауылдарын топан-су басып,мыңдаған азап зардап шеккен. Мыңдаған адам үй-жайынан, қора-қопсысынан, малынанайырылып отыр.

Сындарлы сәтте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан бастап, Премьер-министр Асқар Ұзақбайұлы Мамин, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев тұрғын халықты сабырға қолдарынан келген көмекті аямауда. Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр бастаған Үкіметтік комиссия құрылды. Атап айтқанда, зардап шеккен әрбір тұрғынға 100 мың теңгеден өтемақы төленуде. 50 гектар жерге заманауи үлгідегі 500 тұрғын үй салынатын болды. Қос елдің Премьер-министрлері – Асқар Ұзақбайұлы Мамин мен Абдулла Арипов жаңа құрылыстың іргетасын қалап берді. Көршілес Келес, Шардара ауданының тұрғындары зардап шеккендерге қол ұшын беру үшін көмекке келіп отыр. Кең-байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен, көршілес Өзбекстаннан қаржылай және материалдық мақсаттағы қайырымдылық көмек көрсетілуде. Оларды арнайы тізімге алу, зардап шеккендерге әділетті түрде бөлінуіне «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы басшылық, бақылау жасауда. Қысқасы, өңір басшысы Өмірзақ Естайұлы күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалып, қалың жұрттың арасында жүр. Құдай құласа, алдағы екі-үш айда Мақтааралда, Мырзакентте заманауи үйлер тізбегі бой көтереді. Барлық қиыншылық ұмытылып, халық шат-щадыман күйге бөленетін болады. Біз соған бек сенімдіміз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *