МӘДЕНИЕТТІЛІК – СЫБАЙЛАСЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІКТІҢ КӨРІНІСІ

Қоғам Құқық
1 004 Views

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінің саяси дамуына байланыссыз, соның ішінде Қазақстанда да әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық – ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп-қатерлерінің бірі болып табылады. Сондықтан да оны болдырмау, алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Алайда, жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді дегенімізбен, өкінішке орай, жегі құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары да уақыт өткен сайын көбейе түсуде.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына орай сыбайлас жемқорлықпен күресу – әрбір мемлекеттік орган басшыларының, ел азаматтарының ең басты міндеті екені атап көрсетілген. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту – бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сыбайлас жемқорлықпен күресуде қоғамның көмегінсіз жемқорлықты жеңу мүмкін еместігін атап өтті.

Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы. Мемлекеттік органдарда қызмет істейтіндердің өзгенің тағдырына, жұмысына деген немқұрайдылығы, тоңмойын шенеуніктердің тойымсыздығы, қарапайым анықтама алуы үшін шеті мен шегі жоқ кезек күту салдарынан көптеген азаматтар мемлекеттік қызметкерлерді пара алуға өздері арандатады. Өйткені, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімділік жетіспейді. Сол себепті де мұндай ауыр кеселді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен жеңе алмаймыз. Жемқорлықпен күресуде мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында тығыз ынтымақтастықты орната отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруымыз қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады. Тек жас кезінен мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу – бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді. Бала кезінен тұлғаны қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды болмақ. Көптеген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кездегі құқықтық сауаттылығы әлсіздігінің салдары болып табылады. Осыған байланысты халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмысы, олардың жасын, кәсіби және өзге де ерекшеліктерін ескере отырып, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі жүйе қалыптасуы тиіс.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекет қызметшілерінің Әдеп кодексін сақталуын, дөрекілік, тағы басқа да теріс сипаттағы фактілермен күресу бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізілуде. Бүгінгі күні «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама аясында ҚР Қаржы министрлігімен «Салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифразациялау» жобаларының бірі – «Астана-1» ақпараттық жүйесі іске асырылып отыр. Ақпараттық жүйе салықтық және кедендік әкімшілендіру бизнес-процестерін автоматтандыру арқылы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қызмет көрсетудің сапасын жақсартып, сыбайлас жемқорлыққа тәуекелділігі жоғары кеден қызметіндегі тікелей байланысты болдырмауға мүмкіндік беріп отыр.

Сонымен қатар тұрғындар интернет-ресурстар желісін пайдалана отырып қызметтерін, салықтық қарыздарын және басқа қызметтерді электронды форматта алуға мүмкіндіктері бар. Салық төлеушілердің қызметкерлермен тікелей қарым-қатынасын азайта отырып, сыбайлас жемқорлықтың тәуекелділігіне жол бермеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, халықтың бізге деген сенімін арттыру мақсатында және имиджін көтеру үшін департаментте түрлі қоғамдық ұйымдар, тағы басқа да құқық қорғау органдары өкілдерін қатыстыра отырып семинарлар, «дөңгелек үстел» мәжілістері өткізілуде.

Департаментте арнайы жұмыс тобы кестеге сай аумақтық басқармалар, кеден бекеттері және құрылымдық бөлімшелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы және мониторингі жүргізіліп, есептері тыңдалады.

Өкінішке орай, біздің департаментте осындай ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанымен, сыбайлас жемқорлыққа жол беру, Мемлекет қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтамауы, дөрекілік және басқа да теріс сипаттағы фактілер орын алып отыр. Осындай келеңсіз қадамдар қоғамда мемлекеттік қызметшілерге деген теріс пиғыл туғызып, мемлекеттік органның имиджін төмендетуіне әкеліп соғады.

Сондықтан, кез келген ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтап, осы дерттің одан әрі ушықпауына барлық амалдарды қолдану арқылы ғана тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Ә. ЛЕСОВ,

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *