МӘМС: АУДАРЫМДАР МЕН ЖАРНАЛАРДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Денсаулық
992 Views

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) аударымдар менжарналарды төлеу тәртібі өзгеретінін назарларыңызға жеткізеді. ҚазақстанРеспубликасының азаматтары, заңды тұлғалар, ҚР тұрақты немесе уақытша тұратыншет ел азаматтары МӘМС қорына аударымдар мен жарналар төлеуге міндетті.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілер жұмыскерлер үшін төлеп жатқан аударымдармен қоса жұмыскерлердің табыстарынан 1 пайыз мөлшерде жарналар ұстап, төлеу қажет. Жарналарды есептеу үшін қабылданатын кірістер жұмыскерлердің есептелген табысы болып табылады. Жеке тұлғаның кірістерінің барлық түрінің сомасы бойынша есептелуге тиіс және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс (425000 теңге).

Жұмыскерлерге жарналар төлейтін жұмыс берушілердің МӘМС мөлшерлемесі 1,5 пайыздан 2 пайызға дейін өседі. Жұмыскерлерге және өзі үшін жарналар төлейді.

Дара кәсіпкерлер және жеке тәжірибемен айналысатын тұлғаларға өзі үшін жарналар мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5 пайызын құрайды (59500*5 пайыз).

Ал, шаруа қожалықтары жарналарды алдын ала 3, 6 және 12 айға бөлеп төлеуге болады. Жарналардың сомасы 1 ең төмен жалақының 5 пайызын құрайды (42500*5 пайыз).

Жеке тұлғалар мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғаларға ай сайын келісім-шарт мерзімі аралығында салық агенті олардың келісімшарты бойынша алған табыстарынан 1 пайыз мөлшерлемеде ұстап, төлейді, сонымен қатар, ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс (425000 теңге).

Жұмыссыз адамдар өз еркімен 1 ең төмен жалақының 5 пайызын төлейді (42500*5 пайыз) немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші ретінде есепке тұруына болады. Бірыңғай жиынтық төлемді республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерінің тағы басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшері белгіленген, соның ішінде 40 пайызы мөлшерінде МӘМС аударылады.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың, өсімпұлдарының толық және уақтылы төленуін бақылау мемлекеттік кірістер органына жүктелген.

Сонымен қатар аударымдардың және (немесе) жарналардың уақытылы аударылмаған сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады және төлеуші оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерінде мерзімі өткен әрбір күн үшін (қорға төлеу күнін қоса алғанда) есепке жазылған өсімпұлмен бірге қордың шотына аударуға тиіс.

ҚР Салық кодексімен белгіленген мерзімде жұмыс беруші болып табылатын салық төлеуші жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны есептелген жарналар мен аударымдар туралы мәліметімен салық агенті тұрған жердегі салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей тапсырады.

Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару жұмыс берушімен ай сайын жүргізіледі.

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыс басқармасы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *