МӘМС ЖҮЙЕСІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ АЛУДЫ ЖЕҢІЛДЕТЕДІ

Денсаулық
532 Views

Қазақстан Республикасының азаматтарына МӘМС жүйесінің енгізілуі медициналық қызметтіңсапасын жақсартуға мүмкіндік беріп, қолайлы медициналық қызмет көрсетудіжетілдіреді. Аталмыш жүйенің арқасында азаматтар нәтижелі әрі сапалымедициналық көмекке қол жеткізуде.

«Шымкент жүрек орталығы» АҚ емделушілерді қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп, қымбат тұратын оталар жасату мүмкіндігін беріп, дәрігерлік кеңес, жүректің функционалдық диагностиканың барлық түрін өткізуді қамтамасыз етіп отыр.

2020 жылдың 11 айында 4087 науқас ем алып шықты, оның 1522 МӘМС бойынша емделді. 11айдың ішінде 2345 коронароангионгафиялық зерттеулер жүргізіліп, 1546 науқасқажүректің қантамырына стент орнату отасы жасалынса, ашық күйде 402 науқастыңжүрегіне ота жасалынды.

Жаңа жоғары мамандандырылған технологиялардан 2019-2020 жылдар аралығында 12 жаңа күрделі технология енгізілді:

— 2020 жылы – қолқа тамырына стент графт, аорта қақпақшасын инвазивтік жолмен TAVI протезімен алмастыру әдісі.

— 2020 жылы – аритмология саласында жасалған күрделі оталар 2019 жылға қарағанда 3,5 есе ұлғайды.

Емделушілер жоғары көрсетілген ем-шараларды алу үшін:

— тұрғылықты емханасынан жолдама алып орталықта қаралады;

— диагнозы расталған жағдайда тиісті құжаттарды рәсімдеп, портал арқылы орталыққа жатқызылып, емдік шаралар және ота жасалады;

— орталықта көрсетілетін барлық медициналық көмек Қазақстан Республикасының сақтандырылған азаматтарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің тізбесі (ТМКККТ) жүйесінің аясында тегін көрсетіледі.

«Әділет — ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *