ОНЛАЙН ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУДЕ

Құқық
898 Views

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, ҚР Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 27 қарашадағы «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №206 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №1029 бұйрығымен 2019 жыл аралығында онлайн БКМ қолдану міндеті туындайтын қызмет түрлері ұлғайтылатынына назар аударады.

Атап айтқанда, 2019 жылдың әр тоқсаны сайын онлайн БКМ қолдануға 633 қызмет түрлері қосылады:

— 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап 323 қызмет түрлері бойынша;

— 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 86 қызмет түрлері бойынша;

— 2019 жылдың 1 қазанына бастап 224 қызмет түрлері бойынша.

Онлайн БКМ қолдану бойынша ережелерi қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерге қолданылмайды.

БКМ қолдану тәртібі ҚР Салық кодексінің 166 бабымен реттеледі. Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiліп, келесі тұлғалардың ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды:

1) жеке тұлғалардың;

2) адвокаттар мен медиаторлардың;

3) қызметін:

ь 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдана отырып;

ь 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда нысандары арқылы шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде;

ь 2020 жылдың 1қаңтарына дейін арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша бірыңғай жер салығын төлеу негізінде осы арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа);

4) уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігіндегі;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің;

6) екінші деңгейдегі банктердің.

Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің http://kgd.gov.kz/ru/content/primenenie-kontrolno-kassovyh-mashin-1интернет-ресурсында орналастырылған.

Әлібек ЛЕСОВ,

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *