«ОРДАБАСЫ» ҚОЛАҒА ҚОЛ СОЗА МА?!

Спорт
939 Views

17 тамызда Қазақстан Премьер-лигасы үшінші айналымының ойындары бастау алды. Көкшетауда жергілікті «Оқжетпеспен» жасыл алаңға шыққан Шымкенттің «Ордабасы клубы 4:0 есебімен ірі жеңіске жетті. Талдықорғанның «Жетісуы» «Ақтөбеден» 5:0, Қарағандының «Шахтері» Қызылорданың «Қайсарынан» 3:0 есебімен басым түсті. Таразда ойнаған Алматының «Қайраты» алаң иелерін 2:0 етіп ұтып кетті. Павлодардың «Ертісі» мен Қостанайдың «Тобыл» командалары арасындағы кездесуде есеп ашылған жоқ. 23 турдан кейін 47 ұпай жинаған Алматының «Қайраты» көш бастап келеді. Қостанайдың «Тобылы» 46 ұпаймен екінші орында келеді. 44 ұпай топтаған Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» клубы үздік үштікке іліккен. Алайда, олар бір ойынды кем өткізген. Шымкенттің «Ордабасы» командасында 43 ұпай бар. Талдықорғанның «Жетісуы» 38, Қызылорданың «Қайсары» 37 ұпайға ие.

«Ордабасы» қола медальға қол соза ма деген сауал жанкүйер қауымға маза бермеуде. Қазіргі қарқынына қарағанда олар жылдағы қалыптасқан дәстүрге сай төртінші орынға тұрақтап қалатын сыңайлы. «Атырау» мен «Қайсар» клубтары ел кубогын иеленуге үміттеніп отырғанын ескеретін болсақ, «Ордабасының» келесі жылы Еурокубок ойындарынан шеттеп қалатын түрі бар.

«Ордабасының» ойын кестесі:

24 тамыз «Ордабасы» – «Шахтер» (Қарағанды)

31 тамыз «Жетісу» (Талдықорған) – «Ордабасы»

14-15 қыркүйек «Ордабасы» – «Қайсар» (Қызылорда)

16 қыркүйек «Тобыл» (Қостанай) – «Ордабасы»

21 қыркүйек «Ордабасы» – «Ақтөбе»

28-29 қыркүйек «Қайрат» (Алматы) – «Ордабасы»

5-6 қазан «Ордабасы» – «Астана» (Нұр-Сұлтан)

19-20 қазан «Тобыл» (Қостанай) – «Ордабасы»

26-27 қазан «Ордабасы» – «Ертіс» (Павлодар)

2 қараша «Атырау» – «Ордабасы»

10 қараша «Ордабасы» – «Тараз».

Әбдісаттар ӘЛІП,

Спорт журналистері арасындағы республикалық шығармашылық конкурстың лауреаты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *