ПРЕЗИДЕНТКЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ЖАЙЫНДА БАЯНДАЛДЫ

Билік Денсаулық
812 Views

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесу барысында Шымкент қаласының әкімі қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын баяндады.

Қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, коронавирус індетінің таралуына жол бермеу, сондай-ақ карантин режимін қамтамасыз ету және әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы сөз болды.

«Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдей бастады. Өткен тәулікте 54 вирус жұқтырғандар тіркеліп, өсім 1,2 пайызды құраған. Осы айдың басындағы көрсеткіштермен салыстырғанда екі есеге төмендеген. Сонымен қатар жедел жәрдем шақыру 43 пайызға азайып, стационарларда ем алушылардың саны 56,9 пайызға төмендеп отыр. Сіздің тапсырмаңызбен қала қоймаларында бір айлық дәрінің қоры жасақталды. Бүгінде шет мемлекеттен 2 млн. 676 мың флакон бірінші кезектегі дәрілер мен 16 млн. 700 мың маска жеткізілді. Сондай-ақ, қосымша 58 ИВЛ, 250 «Бобров» тыныс алу аппараттары және 26 реанимациялық мониторлар алынды. Қазіргі таңда, реанимациялық орынның 88,7 пайызы ИВЛ аппараттарымен қамтылып отыр», – деді қала басшысы.

Сонымен қатар, төтенше жағдайға орай табысынан айырылған азаматтарға тиесілі 42500 теңге көлеміндегі біржолғы төлем Шымкент қаласының 100 504 азаматына берілетіні жайлы хабарланды.

Телефон арқылы сөйлесу барысында Президент ахуалды қатаң бақылауда ұстап, аталған міндетке басым бағыт ретінде мән беруді тапсырды. Бұл ретте карантин шараларын сақтаудың маңызды екені және халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізе беру керек екенін айтты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *