ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НЕ ДЕЙДІ?

Кездейсоқ жаңалықтар
804 Views

Оңтүстік Қазақстан

(қазіргі Түркістан) облысының

Қоғамдық ұйымдарына

Шымкент қаласы,

Достық шағын ауданы,

Айдарлы көшесі, 63 үй

Лес Т.Д.

87785771881

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің Бірінші орынбасары

2018 жылдың 13 наурыздағы

№ 111-10/ЖТ-Ұж-477 тапсырмасына

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысының қоғамдық ұйымдарының хатта көрсетілген мәселелер бойынша жүгінуіне қатысты 2018 жылғы 26 наурыздағы № 11-01-69 Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі хатқа жауап ретінде мынаны хабарлайды.

«Омега-ХХІ ғасыр» ЖШС қызметіне қатысты

«Омега-ХХІ ғасыр» ЖШС жеке заңды тұлға болып табылады. Осыған байланысты «Омега-ХХІ ғасыр» ЖШС қызметі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі комитетімен немесе өзге де мемлекеттік органдармен реттелетіндіктен, осы мәселе жөнінде қоғамдық ұйымдардың «Омега-ХХІ ғасыр» ЖШС-на тікелей жүгінгендері жөн.

Газ тасымалдауға арналған тарифтік сметаларда еңбекақы төлеу, амортизация, жөндеу, автокөлікті пайдалану шығыстарын және тағы басқаларды ескеруге қатысты.

Тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) және табиғи монополия субъектісінің шекті деңгейіне қосылатын шығындарды қалыптастыру тәртібі, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Агенттік төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі №130-ОД бұйрығымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлерімен) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібімен (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) айқындалған.

Ерекше тәртіпке сәйкес өндірістік шығыстар мен тарифтің шығынды бөлігі кезеңінің шығыстарына:

1) материалдық шығыстар;

2) өндірістік және әкімшілік персоналға еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығыстар;

3) амортизация;

4) негізгі қорлардың құнын ұлғайтуға әкелмейтін жөндеу жұмыстарына арналған шығыстар;

5) міндетті сақтандыру түрлеріне, салықтар, алымдар мен төлемдерге арналған шығыстар;

6) реттелетін қызметтерге, (тауарларға, жұмыстарға) тікелей қатысты өзге де өндірістік шығындар;

7) өзге де әкімшілік шығыстар;

8) сыйақы төлеуге арналған шығыстар қосылады.

Осылайша, көрсетілген шығыстар реттеліп көрсетілетін қызметтер тарифтерін есептесу кезінде міндетті болып табылады.

Тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ететін мекемелер қызметі, сметалары, құрылымы, тарифтері бойынша тексерулер өткізуге қатысты

Қазіргі кезде газ және газбен жабдықтау саласындағы тариф және баға белгілеудің барлық рәсімдері мемлекеттік реттеу шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелген. Мемлекеттік органдар тұрақты негізде ішкі нарықты газбен жабдықтауды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне бақылау жасау мен реттеуді жүзеге асырады.

Сонымен қатар табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлерімен) бекіту кезінде, сондай-ақ шекті бағаны алда көтеру туралы хабарламаны қарау кезінде, ашықтықты, хабардар болуды, тұтынушылар мен субъектілер мүдделерінің балансын сақтау, тарифтерді қалыптастырудың ашықтығын және дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында заңнамамен Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару, мемлекеттік органдардың тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және субъектілерді шақыра отырып жария тыңдаулар өткізу көзделген.

Тарату газ құбырлары бойынша газ тасымалдауға арналған тарифтерді бекіту және Оңтүстік Қазақстан облысында тауарлық газдың бөлшек сауда бағасын келісу кезінде жария тыңдаулар қолданыстағы заңнамамен белгіленген мерзімдерде өткізілген.

И. СЕРДИЕВ,

Газды тасымалдау және сақтау жөніндегі аға вице-президент.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *