РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ

Қоғам Құқық
904 Views

Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жасқазақстандықтардың білім мен біліктілік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасынабайланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі – жастар.Жастарға Қазақстанда айрықша назар аударылады. Түрлі бағыттарда жастарды қолдаумақсатында үлкен жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, жастарға рухани тәрбие беружолында да аянбай еңбек етудің маңызы зор. Өйткені, рухани құндылықтар тұлғаныңдаму өзегі болып табылады. Рухани құндылықтар адамның өмірдегі өз орнын табуғажəне рухани əлемінің дамуына себепші болатын, тұлғаның жетіле түсуін қамтамасызететін, дүниенің күрделі құрылымын түсіндіретін рухани даму өзектері,идеалдары, сонымен бірге адам мен əлеуметтік топтардың тəртібі мен іс-əрекетінқадағалайтын нормативті жүйе болып табылады. Тұңғыш Президентіміз – ЕлбасыНұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы осыойдың тірегі негізгі назарды қазақстандықтардың рухани саласы мен санасынүздіксіз үдерістер арқылы жаңғыртуға аударады. Осы бағытта Шымкент қаласы Төтеншежағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі»мемлекеттік мекемесінде түрлі жұмыстар жүргізіліп, іс-шаралар өткізілуде.Солардың бірі – «Өз Отаныңның патриоты бол» байқауы. Жас мамандардың арасындаөткізілген байқауға 16 қызметкер қатысып, өздерінің Отанға және мамандықтарынадеген патриоттық сезімін өлеңдер мен шығармалар арқылы жеткізе алды. Дарындыжастар жүректен шыққан жырларын ерекше орындап шықты. Адам өмірін құтқарып,Отан алдындағы міндеттерін адал атқаруға деген ынтасын ғана емес, рухани дамужолында да талай белестерге жетерін көрсетті. Мұның барлығы мекемедегіқызметкерлердің өз міндеттерін кәсіби түрде жоғары деңгейде атқаруына ғанаемес, тәрбие жұмыстарына да кеңінен көңіл бөлінуінің айғағы. Түрлі іс-шаралар,жарыстар өз пікірін еш бүкпестен айтуға, білдіруге мүмкіндік беретінпікірсайыстар, әдеби-шығармашылық кештер, ән байқаулары, сондай-ақ қайырымдылықакциялары баршасы жастарды дұрыс бағытта рухани дамытуға үлкен септігінтигізуде. Рухани құнды қасиеттерді қалыптастыруға жол ашылуда. Ал ол жастардыңмінез-құлық тәртібінің де сапасын анықтайды.

Жастарды тәрбиелеуде осындай басты жолдармен жүру өз нәтижесін берері анық. Осының барлығы дерлік кең ауқымдағы жетістікке жету жолына барлық алғышарттары бар біздің жастардың қозғаушы күші ретінде танылады.

С. ШОЙМАНОВ,

Шымкент қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *