САЙРАМДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖЕМІСІ

Экономика Қоғам
970 Views

«Елу жылда – ел жаңа» деген көреген сөз біздің сүйікті Түркістан облысының қазіргі жағдайына дөп басып айтылған іспетті. Өйткені,жаңадан құрылған облыс тізгінін бүгінде білікті басшы Өмірзақ Естайұлы Шөкеевбасқарып келеді. Аймақ қазіргі таңда экономикасы дамыған, халқының әлеуметтікжағдайы жақсарып келе жатқан іргелі өңірлердің біріне айналып отыр. Халқымыздың«Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді» деген қанатты сөзі тағы бар. Еңбегі менеңсесін тіктеп келе жатқан еліміз жылдан-жылға дамып, көркейіп келеді. Сондайсергек серпінмен Түркістан облысы, оның ішінде Сайрам ауданының экономикасышапшаң дамуда. Сайрам ауданы қазір тек өңір тұрғындарының алтын бесігі ғанаемес, ауыл шаруашылығын өркендетіп, экономикасы жағынан еліміздегі аудандардыңішінде алдынғы қатарға табан тіреген. Бұл тұрғыда аудан әкімі ҰласбекСәдібековтің де өзіндік үлесі зор. Қай қызметке барса да өз ісін жетік білетін,елдің қамын күйттейтін азамат өзі басшылық етіп отырған ауданның экономикасымен тұрғындарының әл-ауқатын көтере білді. Елбасы «Барлық бағдарламалардыңнәтижесі айналып келгенде қарапайым адамдардың ертеңгі күнге деген сеніміноятып, әр отбасының ауқатты тұруын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс», — дегенболатын. Міне, осы тұрғыда Сайрам ауданында атқарылып жатқан жұмыстар легінетоқталып өткен аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлы тұрғындармен жүздесті. Онлайнөткен жиында әр ауыл округтері толық қатысып өз көкейлеріндегі сауалдарынқойып, қанағаттанарлық деңгейде жауаптарын алды. Бұл жиынға республикалық«Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің өкілдері де арнайы қатысқан болатын. Ауданәкімінің аталған онлайн форматтағы жиында нақты дәйектемелермен келтіргенауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы есебінназарларыңызға ұсынамыз.

Құрметті Сайрам ауданының тұрғындары!

Баршаңызға белгілі, 2020 жыл бәріміз үшін үлкен сынақтардың жылы болды. Короновирустық пандемия басымдығын танытып, тіршілігімізді түбегейлі өзгертуге мәжбүрледі. Басты құндылық адамның өмірі мен денсаулығы екендігін дәлелдеді.

Әлемнің басқа елдері секілді Қазақстан да ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты қиындықтарға тап болды. Осы сын-қатерлерге қарамастан ауданымыздың әлеуметтік-экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға күшімізді салдық. Бұл тұрғыда аудандық мәслихат депутаттарының да үлесі зор болғанын атап өткім келеді.

Карантиндік режимді ауданның әрбір тұрғынына түсіндіру мақсатында мобильді топ түсіндіру жұмыстарын әлі күнге жалғастыруда.

Егемен елдің бүгінде миллионды үш мегаполисі болса, өндірісі артқан ауыл-аудандары да күн санап арта түсуде. Бұл ретте Сайрам ауданының да өзіндік үлесі зор. Ет өнімдерін тек ел аумағында емес, шетелдерге экспорттауда аты мәлім аудан бүгінде жалпы ауыл шаруашылығы саласында да алдыңғы қатарда.

Төтенше және карантиндік жағдайға қарамастан, 2020 жылы ауданның маңызды әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері тұрақты сипатқа ие болды. Ауданда әр салада қол жеткізген жетістіктер жетерлік. 2020 жылы атқарылған жұмыстардың негізгі көрсеткіштеріне тоқталсам:

Ауданның экономикалық дамуын сипаттайтын басты көрсеткіш жалпы өңірлік өнім көлемі 158,6 млрд. теңгеге жетті. 2019 жылғымен салыстырғанда 2020 жылы өсім 5,8%-ды құрады. Өңірлік өнімнің 57%-ы ауылшаруашылық саласына тиесілі. Экономиканың негізгі салаларында да өсім байқалды. Өнеркәсіп өнімі 8,4%-ға артса, ауылшаруашылық өнімі 6,2%-ға өсті. Сондай-ақ, 62 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

ӨНЕРКӘСІП

Өнеркәсіп саласы аудан экономикасына серпін беретін негізгі саланың бірі. 2020 жылы 30 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Облыс көлемінде ауданымыз үлес бойынша 4 орында.

Индустрияландыру картасы аясында 89 жұмыс орнын ұсынатын 5 жоба іске қосылса, картадан тыс 42 жұмыс орнымен 2 жоба іске қосылды. Нәтижесінде 2,3 млрд. теңге инвестиция тартылып, ауданда жалпы 131 жұмыс орны ашылды. Аталған жобалардың ерекшелігі – заманауи құрал-жабдықтарда жоғары сапалы құрылыс материалдарын өндіреді және жеке шикізаттарын пайдаланады.

2020 жылы айына 2 млн. дана медициналық бетперде өндіруге қауқарлы станоктары бар «S MEDICAL» серіктестігі іске қосылды. 30 адамға жаңа жұмыс орны құрылып, қазіргі таңда карантиндік режимде тәулігіне 80 мың дана бетперде өндіруде.

ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК

Ауданда 15 309 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер бар. 2019 жылға қарағанда 191 бірлікке көбейген (2019ж.-15118). Кәсіпкерлік субъектілерінен 3,9 млрд. теңге салық түскен.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 3,5 млрд. теңгені құрайтын 22 жоба қаржыландырылды.

«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру бағытында 29 млн. теңгеге 6 жоба ұсынылған. 4 млн. теңгеге 1 жоба мақұлданып, мемлекеттік грантты жеңіп алды (ЖК Алимжан Құралов инватакси жобасы).

ИНВЕСТИЦИЯ

Былтырғы жылы 30,8 млрд. теңге инвестиция тартылған. Бұл инвестицияның 60%-ы жеке қаражаттың үлесінде. Облыста ауданымыз үлес бойынша 6-орында.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Бұл салада өткен жылы 89 млрд. теңге өнім өндіріліп, 6,2%-ға артқан (2019ж – 83,7 млрд. теңге). Облыста Сайрам ауданы үлес бойынша 2-орында. Мал шаруашылығында 51,8 млрд. теңге (107,8%), өсімдік шаруашылығында 36,9 млрд. теңге (104%) өнім өндірілген.

2020 жылы 52 мың гектар егістік жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, 140 мың тонна көкөніс, 54 мың тонна картоп, 15 мың тонна жеміс-жидек жиналып, 34 мың тонна бидай орылып, жылдық көрсеткіштер артығымен орындалды.

Жаңадан 154 гектарға тамшылатып суғару жүйесі ендіріліп, жалпы көлемі 500 гектарға жетті. Жылыжайлар 10 га. жерге салынып, жалпы көлемі 48 га. құрады, қарқынды бау көлемі — 467 га. жетті.

Жылына 2 өнім алу жобасы аясында бірінші айналымда 101 шаруашылықтарда жалпы көлемі 145,8 га. жерге егістік егілді. Ал, екінші айналымда егістік жалпы көлемі 93,07 га. жерге егілді. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Израильдік технологияны ендіру» бойынша 87 үйіргелік шаруашылықта тамшылатып суғару әдісі енгізіліп, жұмыс қарқынды түрде жүзеге асырылды.

Ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар нәтижесінде 5,8 млрд. теңге инвестиция тартылып, 410 жұмыс орны ашылған. Соның ішінде, Қарамұрт ауыл округінде «Ecoinvest S.A» ЖШС 1,5 га. өнеркәсіптік жылыжайды іске қосты. Қайнарбұлақ ауыл округінде «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС жаңадан 130 га. жерге алма бауын екті.

Сондай-ақ, облыстағы ең ірі мал бордақылау кешені болып саналатын «Нұрым групп» ЖШС жаңа технологияларды ендіре отырып, қосымша 5 мың бас бұқашық алып, бордақылау кешенінің сиымдылығын 15 мың басқа жеткізді.

Аудандағы 53 каналдың 47-сі коммуналдық меншікте, 6-ы жеке меншікте. Аудан бюджетінен канал тазалайтын 2 экскаватор сатып алынды. 78,3 шақырым каналдар мен арықтарға механикалық тазалау жүргізілді. Нәтижесінде 1371 гектар жердің су беру қабілеті жақсарды.

Бетондауды қажет ететін 4 канал мен 1 су торабын күрделі жөндеуге құны 1,8 млрд. теңгеге жобалық құжаттары облыстық бюджетке қаржыландыруға ұсынылған болатын. Соның ішінде 2020 жылы «Көтерме» каналының күрделі жөндеуіне 190,6 млн. теңге бөлінді. Биылғы жылға бетондауды қажет ететін 3 канал мен 1 су бөгетін күрделі жөндеуге тағы 439,6 млн. теңге бөлініп отыр.

Ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, Түркістан қаласында өткен «ALTYN KÙZ – 2020» іс-шарасында Сайрам ауданы бірқатар салада үздік атанып, облыстағы үздік үштікті құрады. 2020 жыл қорытындысымен аудан еңбеккерлері облыс бойынша ет өндіруде, мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауда және жеміс-жидек (қарқынды бау) өндіруде I орындарды иемденді. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы көрсеткіштерін орындаудан III орынды иеленіп, марапатталды.

БЮДЖЕТ

2020 жылғы аудан бюджетінің кірістер көлемі 43,4 млрд. теңгені (аудан бюджеті — 42,0 млрд. теңге, ауыл бюджеті — 1,4 млрд. теңге), оның ішінде өзіндік кірістер – 4,3 млрд. теңгені құрады.

Кірістер жоспары жыл қорытындысымен 101%-ға артығымен орындалды, 2019 жылмен салыстырғанда қосымша кіріс көздері есебінен өзіндік кіріс көлемі 652,2 млн. теңгеге көбейген (2019 ж-3641,1 млн. теңге).

Шығыстар бөлігі 43,2 млрд. теңгені құрап, 100%-ға орындалды. Жалпы шығыстардың 71,2%-ы білім беру саласына, 9,3%-ы әлеуметтік салаға, 6,9%-ы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық шығындарына бағытталып, нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар бірқатар мәселе шешімін тапты.

Ауыл инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында қабылданған «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Ақсу және Манкент ауылдарын дамытуға 805,0 млн. теңге бөлінген. 14 жоба іске асты. Оның ішінде 361 млн. теңгеге 11 ішкі жол орташа жөндеуден өтсе, 444 млн. теңгеге 1 мектеп, 1 мәдениет үйі және орталық аурухана ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, халық игілігіне пайдалануға тапсырылды.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа моделіне сәйкес, аз қамтамасыз етілген 4348 отбасына 1,3 млрд. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төленді. Сондай-ақ, аз қамтамасыз етілген отбасындағы 1-6 жасқа дейінгі 4442 балаға 236,5 млн. теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтама беріліп, 6-18 жасқа дейінгі 3787 баланың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуіне 37,5 млн. теңге төленді.

Мемлекет тарапынан қомақты қаржы алған отбасылар өз ісін ашып, жеке шаруашылығын дамытып, отбасының әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік алды.

2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының белсенді шараларына 7999 адам тартылып, 4156 адам бос және жаңа жұмыс орындарымен қамтылды. 1474 азаматқа 818,6 млн. теңге мемлекеттік грант, 180 азаматқа 768,2 млн. теңге шағын несие берілді.

«Еңбек» бағдарламасы аясында берілген шағын несиелердің басым бөлігі мал шаруашылығын дамытуға алынып, аудан тұрғындары өз тірліктерін дөңгелетуде.

Облыс әкімінің бастамасымен әзірленген «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 112 аз қамтамасыз етілген отбасыларға жалпы 23,9 млн. теңгеге көмек көрсетілген. Аталған шараға демеушілер де атсалысты. «Қамқорлық» бағдарламасы аясында аудандағы көмекке аса зәру жандардың аяққа тұрып кетуіне бағытталған іс-шаралар өз бақылауымда.

Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік осал топтарға әлеуметтік қолдау көрсетілді:

— жұмысынан айырылу салдарынан табысы төмендеген 94,7 мың азаматқа 42500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдер берілді;

— 17690 осал топтағы азаматтарға 378,9 млн. теңге, яғни 5567 теңге көлеміндегі өтемақы түрінде азық-түлік тұрмыстық пакеттер берілді;

— «Nur Otan» партиясының бастамасымен «Birgemiz» Қоғамдық қоры арқылы көп балалы аз қамтылған және 16 жасқа дейінгі мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға 2000 азаматқа 50 мың теңге мөлшерінде 100 млн. теңге көмек көрсетілді.

Президент тапсырмасына сәйкес, дағдарысқа қарсы шаралар ретінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жөніндегі Жұмыспен қамтудың Жол картасы әзірленген болатын. Осы бағытта 37 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға 733,6 млн. теңге бөлініп, 6 әлеуметтік нысандар ағымдағы жөндеуден, 21 көше орташа жөндеуден, 7 көше жарықтандырудан және 3 елді мекендегі ауыз су құбырлары орташа жөндеуден өтті, жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 285 адам жұмыспен қамтылды.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Аудан бойынша 571 азамат короновирус дертіне шалдықты. Олардың 479-ы жазылып үйлеріне қайтарылды, 11 азамат амбулаториялық ем қабылдауда.

Аудандық екі медициналық ұйымда короновирустық инфекциямен (COVID-19) ауыратын науқастарды емдеу үшін 70 орындық инфекциялық стационарлар ұйымдастырылған (Ақсукент — 40, Қарабұлақ- 30).

Сондай-ақ, Қарабұлақ ауылында орналасқан «Сапа» медициналық орталығында 30 төсек орындық карантиндік стационар ашылған.

Жеке үйлеріне барып тиісті медициналық қызметтер көрсету үшін 41 дәрігерлік мобильдік топтар ұйымдастырылған.

Сайрам аудандық орталық ауруханасында COVID-19 вирусын ПТР әдісімен тексеруге арналған зертхана іске қосылған, тәулігіне 300 сынамаға дейін алуға болады. Қазіргі таңда күнделікті тест алынып отыр.

Аудандағы ауруханаларда дәрі-дәрмектердің және жеке қорғану құралдарының екі айлық қоры бар.

Ауданда енгізілген карантиндік режим кезіндегі жүргізілген рейдтік іс шаралар нәтижесінде карантин режимін бұзған тұлғаларға 340 хаттама толтырылып, 20 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.

ЖАСТАР САЯСАТЫ

2020 жылдың өте күрделі болғанына қарамастан аудан жастары өздерінің үлкен өмірге дайын екенін таныта білді.

Аудан еріктілері 6000-ға жуық медициналық бетперде, халық көп шоғырланатын орындарға 7 мыңнан аса ақпараттандыру парақшаларын таратылып, хабарландыру жадынамаларын ілді. Әлеуметтік әлсіз топтарды гуманитарлық азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету жұмыстарына көмектесті. Аудан еріктілерінің және белсенді жастарының қолдауымен Мақтаарал және Төлеби аудандарындағы тасқын судан зардап шеккен ауыл тұрғындарына гуманитарлық, материалдық жәрдем беру жұмыстары атқарылды.

Одан бөлек, еріктілері тарапынан аудандық емханаларға медициналық қорғаныс құралдары (1000 дана респиратор, 50 метр кислород баллонына арналған мыс шлангы, 30 дана градусник, 50 кислород баллондары) жеткізілді.

Жастарға қолдау көрсету мақсатында «Бастау» бизнес жобасы аясында 136 жас кәсіпкерлік негіздеріне оқытылса, 29 жасқа дейінгі 145 азаматқа мемлекеттік грант, 44 азаматқа шағын несие берілді.

БІЛІМ БЕРУ

Жалпы білім беру саласына 31,0 млрд. теңге бағытталды.

Ауданда биылғы жаңа оқу жылында 76 мектепте жалпы 1-11 сыныптар аралығында 56139 оқушы білім алуда.

Қашықтықтан оқыту форматында 1-11 сыныптар аралығында жалпы көп балалы және жағдайы төмен отбасындағы оқушылар 2055 компьютер техникасымен қамтамасыз етілсе, осал топтағы оқушылар 877 планшет, 477 компьютермен 3488 ноутбуктермен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, «Мектепке жол» акциясы аясында 6988 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы оқушыларына174,7 млн. теңгеге материалдық көмек көрсетілді.

2020 жылы 1,7 млрд. теңгеге 7 білім беру нысандарының құрылыстары жүргізіліп, 1200 орындық 2 жаңа мектеп, 900 орындық 3 мектепке қосымша оқу корпустары пайдалануға тапсырылды. Екі нысан 2021 жылға өтпелі.

Нәтижесінде 1 апатты мектептің (Қарабұлақ ауылындағы №92 ЖОМ) мәселесі шешілді.

Сондай-ақ, қазіргі стандартқа сай, кәсіпкерлер тарапынан 2 жаңа жеке меншік мектеп ашылды. Арыс ауыл округіндегі «Худайберген Хайтенов» атындағы және Қарабұлақ ауылындағы «Низамхан Сулайманов» атындағы жеке меншік мектептер 1500 балаға білім беруде.

МӘДЕНИЕТ

Ауданда мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мәдениет пен өнерді, тілдер мен ономастика саласын дамыту, насихаттау және жас таланттарға қолдау көрсету бағытында іс-шаралар өткізілді.

Еліміздегі карантиндік жағдайға байланысты жалпы 270-тен астам онлайн форматта әртүрлі бағытта іс шаралар ұйымдастырылды (бейнероликтер, ақын жазушылармен онлайн сұхбат, онлайн семинарлар және т.б.)

Фейсбук әлеуметтік желісінде «Абай 175 Сайрам ауданы» тобы (группа) ашылып, Абайдың шығармаларын насихаттайтын 120 бейнеролик жүктелді. Аудан өнерпаздары 10 облыстық байқауға қатысып, 9 жүлделі орынға ие болды.

Аудандық Жандарбеков атындағы мәдениет үйі «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 96,8 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өтті.

СПОРТ

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 82 бұқаралық спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Оның 12-і облыстық деңгейде және 70-і аудандық деңгейде өткізілді.

2020 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша облыстық чемпионаттар мен жарыстарда аудан спортшылары 18 спорт түрі бойынша 9 алтын, 12 күміс және 22 қола медальдарға қол жеткізді.

Былтырғы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында Ақсукент, Шапырашты, Ынтымақ ауылдарынан және жергілікті бюджеттен Ақбастау ауылындағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жанынан 4 жабық футбол алаңдары іске қосылып, ауыл жастары үшін спортпен шұғылдануға жағдай жасалды.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Аудандық бюджеттен 212,5 млн. теңгеге құдық суын пайдаланып отырған Қызылжар ауылына жаңа ауыз су құбыры салынды. 74,4 млн. теңгеге 4 елді мекенде ауыз су жүйелері жөндеуден өткізілді. Нәтижесінде елді мекендерді 100% орталықтандырылған ауыз сумен қамтуға қол жеткіздік.

Сондай-ақ, 6 елді мекенге инженерлік-коммуникация желілер құрылысын жүргізуге (электр,су) 12 нысанға 512,1 млн. теңге бөлінген, 5 нысан пайдалануға берілді. Аудан бюджетінен 3 ауылға 246,0 млн. теңгеге электр желісі тартылып, КТП-лар орнатылды.

ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ

Ағымдағы жылы 4 табиғи газ нысанның (Шапырашты, Ақсуабад, Тоған, Қызылжар) құрылысын жүргізуге 57,8 млн. теңге бөлінген. Оның ішінде, Шапырашты ауылындағы табиғи газ жүйесінің құрылыстары аяқталған. Үш нысан 2021 жылға өтпелі.

Аудандағы табиғи газ жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталған 12 елді мекеннің 7 елді мекеніне (Нұржанқорған, Қожақорған, Ханқорған, Жаңатұрмыс, Қосбұлақ, Шіркін, Құрлық) Жаңақоғам №20 АГТС-ы арқылы газбен қамтамасыз ету үшін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» жоғары қысымды магистральды құбырына қосылып, табиғи газ берілді. 16 мың тұрғын табиғи газбен қамтылды. Нәтижесінде 26 елді мекен табиғи газбен қамтылып, қамту көрсеткіші 45,2%-дан 61,9%-ға жетті.

Құрылысы біткен қалған 5 елді мекенді( Қасымбекдатқа, Әсіларық, Ошақты, Оразалиев, Теспе) газ жүйесіне қосу бойынша газ тасымалдаушы мекемелермен тиісті жұмыстар атқарылуда.

ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Бүгінгі таңда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркелген 1773 азаматтың тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында аудандық бюджеттен 68,5 млн. теңгеге Ақсу ауылындағы тұрғын үй ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, 17 жетім балалар баспанамен қамтылды. Кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға беру үшін республикалық бюджеттен 249,0 млн. теңгеге 31 дана тұрғын үйлер сатып алынды.

КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

Автомобиль жолдарын дамытуға бюджеттен 1,4 млрд. теңге қаралып, 46 нысан немесе 89,9 шақырым жолдар мен көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жалпы пайдаланымдағы жолдардың қанағатты жағдайдағы үлесі 48,5%-дан 55,5%-ға жетті. Аудан орталығына 29,2 млн. теңгеге 25 бейнебақылау камералары орнатылды.

Құрметті халық қалаулылары!

Жалпы былтырғы жылы әр салада қол жеткізген жетістіктерміз жетерлік. Ендігі кезекте биылғы жылы атқарылатын жұмыстар мен жоспарлар туралы қысқаша баяндайын.

Аудан халқының 38%-ы, яғни 82 мың адам экономикалық тұрғыдан белсендi. Оның 77,9 мың адамы жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздар саны 4155 адамды құрап, жұмыссыздық деңгейi 5,1 % құрады.

Биылғы жылға мақсатымыз «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жұмыссыздарды тарта отырып және Жұмыспен қамтудың Жол картасы шеңберінде жаңа жұмыс орындарын ашу есебінен ауданның еңбек рыногындағы жұмыссыздық деңгейін барынша төмендетуге жұмыс жасаймыз.

Осы орайда, өнеркәсіп саласында жаңа өндірістерді іске қосу және бар резервтерді пайдалану есебінен құны 2,5 млрд. теңгеге 3 жоба іске асырылып, 90 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Нәтижесінде 2021 жылы өнім көлемін 32,5 млрд. теңгеге, өсімді 8%-ға жеткізу көзделуде.

2021 жылы ауданның ауыл шаруашылығы еңбек өнімділігі мен экспортты ұлғайту бағытында дамитын болады. Аудан көлемінде жаңадан 30 га. қарқынды бау егу («Food production LTD» ЖШС), балық шаруашылығын дамыту арқылы жылына 900 тонна тауарлы балық өндіру мақсатында шабақтарды өсіру және дайын өнімдерді сақтауға арналған қоймалар («Көмешбалық» ЖШС) құрылысы, 13,6 га. өнеркәсіптік жылыжай кешенін («Ecoinvest S.A» ЖШС,«Нұр Агро» ШҚ) іске қосып, жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 90,0 млрд. теңгеге жеткізу көзделуде. Нәтижесінде 240 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады.

Аудан тұрғындарының сапалы инфрақұрылымға қол жеткізу мақсатында бірқатар жобалар іске асырылмақ.

5 елді мекенді (Құтарыс, Қызылжар, Таскешу, Ақсуабад, Тоған) газдандыруға биылғы жылға 760,4 млн. теңге бөлінді. Газ құбыры жүргізілген соң 9 мың тұрғын көгілдір отынға қол жеткізеді.

Сондай-ақ, 6 елді мекенге инженерлік-коммуникация желілер құрылысын жүргізу үшін 11 нысанға барлығы 1,7 млрд. теңге қаралды (ҰҚ-1,2 млрд. теңге, ОБ-22,4 млн. теңге, АБ- 410,0 млн. теңге).

Аудан бюджеті есебінен 208,7 млн. теңгеге 15,8 шақырымды құрайтын 7 көше орташа жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, 136,9 млн. теңгеге 5,6 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар 1 көше күрделі, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында барлығы 344,4 млн. теңгеге 18 көше орташа жөндеуден өтеді.

Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша да мемлекеттік қолдау шаралары жалғасын таба бермек. Атап айтқанда:

31 450 адамға атаулы әлеуметтік көмекке 2,9 млрд. теңге бөлінді.

Кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға 8176 балаға 673,5 млн. теңге бөлінді.

«Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға 896,4 млн. теңге қаралды.

Аудандағы барлық елді мекендердегі өзекті мәселелер жинақталып, зерделеніп, Сайрам ауданының әлеуметтік ахуал картасы әзірленіп, 122 өзекті мәселе анықталды.

Құрметті әлеумет!

Ауданымыздағы тағы бір жарқын бастама «NUR OTAN» партиясының Сайрам аудандық филиалының басшылығымен еркін пікір алмасып, ойы мен ұсынысын ашық айтатын «Парасат» пікірталас клубы өз жұмысын бастап, өткен екі отырысында аудан тұрғындарын толғандырып жүрген өзекті деген мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылды.

Бүгінгі таңда шешімін қажет ететін өзекті мәселелерге тоқталсам:

1. Аудандағы жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінетін жер учаскесін алуға кезекте тұрған 17625 тұрғындардың мәселесін шешу үшін Манкент, Ақбай, Қарасу, Ақсукент, Қожақорған, Ақсуабад, Оразалиев, Қосбұлақ ауылдарында тұрғын үй салынатын 324,0 гектар жер аумағына инфрақұрылым жүргізуге 9,3 млрд. теңгеге жобалық құжат дайындалып, республикалық бюджетке ұсынылған.

2. Табиғи газ құбырлары жүргізілмеген 4 елді мекенді ( Сарыарық, Ақарыс және Оймауыт, Көлкент) газдандыруға 3,2 млрд. теңгеге жобалық құжаттамалары дайын. Сарыарық елді мекенін газдандыруға 137 млн. теңгелік жоба Жұмыспен қамту Жол картасы бағдарламасы бойынша, қалған 3 елді мекенді газдандыруға қажетті 3,0 млрд. теңгенің жобалары шекаралық аймақтарды дамыту аясында республикалық бюджетке ұсынылған. Жоғарғы бюджеттен қаржы мәселесі шешіліп, құрылыс жұмыстары жүргізілсе, 11 мың тұрғын көгілдір отынмен қамтылып, аудан тұрғындарын 2023 жылға 100%-ға табиғи газбен қамтуға қол жеткіземіз.

3. Аудандағы пайдаланымдағы жолдар 1205,3 шақырым болса, оның 55,5%-ы қанағаттанарлық жағдайда. Аудандық маңызы бар жолдар 135 шақырымды құрайды, басым көпшілігінің тозығы жетіп, жарамсыз жағдайда болуынан жол көлік оқиғалары жиі орын алуда. Аудандағы жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін арттыру мақсатында аудандық маңызы бар 8 жолды және 1 көпірді күрделі жөндеуден өткізуге құны 5,0 млрд. теңгеге жобалар әзірленіп, жоғары бюджетке ұсынылған. Қаржыландыру мәселесі шешілсе, жолдардың жағдайы жақсарып, тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

4.Аудан аумағында пайдалы қазбаларды өндіретін 15 жер қойнауын пайдаланушылардың 4-уі Ақсу өзенінің бойында орналасқан (ЖК «Ізбасаров», «МСК-ПГС» ЖШС, ЖК «Алиев», «Теміртас» ЖШС).Аудан аумағынан өтетін Ақсу өзенінің бойында стратегиялық маңызы бар алты объект, «Су ресурстары маркетинг» ЖШС-нің су ұңғылары, Ақсукент-Көксәйек автомобиль жолындағы облыстық маңызы бар көпір мен жазғы мезгілде 90% суармалы ағын сумен қамтамасыз ететін «Жоғарғы Ақсу» су бөгеті орналасқан.

Қазіргі таңда жер қойнауын пайдаланушылар тоқтаусыз қазба жұмыстарын жүргізу салдарынан қоршаған ортаға және стратегиялық маңызы бар объектілерге зиян тигізбеу үшін Ақсу өзенінің бойында орналасқан 4 жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиясын кері қайтару немесе басқа жерге ауыстыруға облыстық инвестиция және экспорт, экология басқармаларына бірнеше рет ұсыныстар жолданды.

Жалпы ауданда қоғамдық саяси жағдай тұрақты, тіркелген 4 аймақтық партиялар жүйесінің филиалдары, 26 үкіметтік емес ұйым, 8 ұлттық этно-мәдени орталықтардың және 111 діни бірлестіктердің өкілдері өз жұмыстарын жүргізіп, ауданның қоғамдық өміріне атсалысуда.

Аудандағы ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік шиеленіс пен наразылық әлеуетінің деңгейін бағалау-тұрақты бақылауда.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2021 жылдың 21 қаңтарынан бастап облыс әкімінің бекіткен жоспарлық тапсырмасы негізінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, аудандағы барлық 11 ауылдық округ әкімдері халыққа онлайн форматта есеп беру кездесулерін өткізді.

Есеп беру кездесулерінің кестесі бекітіліп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары және барлық әлеуметтік желі арқылы хабарланды.

Онлайн форматта 22 есеп беру кездесулері өткізіліп, оған 9857 аудан тұрғындары қатысты. Жалпы 111 ұсыныс пікір түсті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *